1882 жылғы төңкеріс тұсындағы патриоттық басылымдар


XIX   ғ.   70-жылдары   тәуелсіздік   пен   еркіндікті   ту   еткен қозғалыстар   пайда   болды.   Бұлардың   көшбасшылары   тәрізді Мұхаммед Абдо, Адиб Исхак, Абдолла ан-Надин, Якуб Сандар  саңлақ журналистер еді. 1879 жылы Исмаил хедив өз ұлы Тауфик үшін  тақтан бас  тартты.  Бұл  кезде  халық арасында шетелдік бақылауға шектеу қойып, қысымды жою керек деген ұсыныстар айтылып жатты. Бірақ Тауфик хедив бұл үндеулерге құлақ аспады, керісінше, реформаны жақтаушы зиялы қауымды қудалады. Бұл кезде армия ішінде де аумалы-төкпелі кезең туып, офицерлердің көпшілігі Ахмед Арабидің қол астына жинала бастаған еді. 1881 жылдың 9 желтоқсанында төрт мың адам әскери ереуілге шықты.  Ереуілшілер  Тауфик  хедивтен  бостандықты,  теңдікті,   әділдікті талап етті. Осы оқиғадан кейін Тауфик баспасөзді қысымға алып, бірнеше заң шығарды. Бұл заң бойынша өкімет газетті кез-келген  уақытта жауып тастауға құқығы бар еді. 1882 жылы 4 ақпандағы армиядағы көтерілістің нәтижесінде билік басына әскери партия келді.   Өкімет   басшысы   Махмуд   Сами   әл-Баруди,   ал   әскери министр  Ахмед  Араби болды.  Билік  басына  келген  өкіметтің баспасөзге саясаты мынадай болды:

Сириялықтар мен Ливандықтар шығарып жатқан египет  газеттеріне тосқауыл жасалынды.

Тауфик хедивті жақтайтын газеттер қысымға алынды.

Төңкерісшілерді жақтайтын газеттердің саны өсті. Ахмед Араби төңкерісшілерді қолдаған «Ат-Тайф», «Әл-Муфидті» - ұлт-жаршысы деп атады. Ел ішінде Ахмет Арабидің беделі күн санап өсе түсті.

Халық үміт артқан азамат Ахмет өз  жерін шетелдіктерден тазарту үшін жан аямай күресті. Өз заманының майталман журналисі Абдолла ан-Надим төңкерісшілерді қызу қолдады. Ол өз ойларын «Ат-Танкит ва ат-Табкит», «Ат-Таиф», «Әл-Муфид» басылымдарына үзбей   жариялап   тұрды.   Египеттегі   патриоттық   қозғалыстардың күшейгенінен қорыққан Тауфик хедив ағылшындармен келісімге келді.  1882 жылдың 11  шілдесіңде ағылшын әскери теңіз флоты Алексаңдрияны оқтың астына алды. Осыдан кейін Египетке билік басына «қос өкімет» келді: біреуін Каирда Ахмет Араби басқарса, екіншісінің   басында   хедив   (Александрияда)   болды.    Халықтың наразылығына қарамастан ағылшын әскері Египетті жаулап алды. Қыркүйекте Каирдағы Египет армиясы жеңіліске ұшырап, 29500 адам тұтқындалды.    Алғашында   Арабиге    өлім   жазасы    кесілгенімен, кейіннен Цейлон аралына жер аударылды. Осы тұста газеттердің кәсіптік деңгейі артып, біраз өзгерістер болды: басылым техникасы жаңарып, тақырып аясы кеңейді, саяси оқиғаларға көп көңіл бөлінетін болды. Басылымдардың тираждары да өсті. «Уақытша» оккупациялау 1956 жылга дейін ұласты. Барлық билік ағылшын елшілігіндегі генералдар Кромердің, Торостың қолында болды. Баспасөз қатаң бақылауға алынды. Ішкі істер министрлігінде баспасөз мәселесімен айналысатын бөлім құрылды. Бұл бөлім газет-журналдарды, кітаптарды шығармай тастады. Араби пашаның серіктері Абдолла Надим мен Адиб Искактың халқына деген қызметі шексіз болды. Араби жеңіліске ұшырағаннан кейін А.Надим он шақты жыл қуғын-сүргінде жүрді. Ол шығарған «Әл-устаз» газеті (1892 ж.) оккупа-циялық тәртіпті сыпап, шет жерліқгерді қолдаған басылымдармен ашық айтысқа шықты. «Мысыр» газетінің иесі Араби Искак осы бағытта болды. Бұлармен бірге Селим Наккам, Жемаль эд-Дин эл-Афгани, Мұхаммед Абдо сияқты журпалистер ел тәуелсіздігі үшін күресті, халықты бодандықтан құтқаруды арман етті.

90-жылдары Фарух Антун  деген азамат Александрия қаласында «Әл-Жамиа» («Университет») деген журналды шығара бастады. Бұл журнал оқырмандар үшін шын  мәніндегі университет болды. Бұл басылым ғылымның  әр саласына, әсіресе философия, социологияға көп көңіл бөлген. Саяси тақырыпқа қалам тербеген Вали эд-Дин  Йекун, Абд Ар -Рахман әл-Кавакиби сынды журналистердің халқы үшін жасаған  қызметі шексіз. Олар өз мақалаларында  отаршыларды сынап- міней отырып, бүкіл араб елдерін бірігуге шақырды. ХІХг. соңында Египет басылымдарында әйел теңдігі сөз  бола бастады. Бірте-бірте әйелдер басылымдары дүниеге келе бастады.

«Әл-Фатад» (1892жылы), «Анис әл-джалис» (1898жылы). «Фитат аш-шакр» (1906жылы) алғашқы қарлығаштар еді. Өзінің ғылыми мақалаларымен баспасөзді жаулап алған Джирджи Зейдан «арабтар тек еуропалық ғылым мен техниканың прогресін қызықтамай, өз тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеу қажет» деп көпшілікке үлкен ой тастады. Ол шығарған «Дар әл-хилял» журналы Египет көсемсөзінің мектебі болып саналды.

Ливандық эмигрант Ибраһим әл-Азиджидің Египет типография ісін дамытудағы, шын мәніндегі  әдеби журналдарды қалыптастырудағы рөлі зор. Ол шығарған «Әл-баян», «Ад-Диялар» - филология саласындағы алғашқы журналдар болып есептелінеді. Ибраһим мырза жаңа баспа шрифтісін ойлап тауып, іске қосқан адам. ХХғ. басында шет тілінде шығатын басылымдар пайда бола бастады. «Фог» грек тілінде (1902жылы), «Ля эжипт» француз тілінде шығып тұрды.