«Аль-Ахрам» газеті


XIX ғ.  70-жылдары қуғындаудан қашқан Сирия мен Ливанның зиялы қауым өкілдерінің Египетке лек-легімен ағыла бастағанын жоғарыда айттық. Бұл топтың ішінен суырылып шығып Египеттің ғылым-білімін, баспасөзін дамытуға үлесін қосқандар жетерлік. Солардың бірі - ағайынды Сәлім мен Бишара Таклалар. Олар 1876 жылдың  5 тамызынан бастап «Әл-Ахрам» газетін шығара бастады. Алғашында бұл басылым төрт бет болып басылып, аптасына бір рет шығып тұрған. Бірінші бетте бас мақала   жарияланды.   Сәлім   Такла   ішкі   мәселелерге   арналған мақалалардың мазмұнына жауап берсе, Бишара Такла шетелдік ақпарат агенттігінен алынған хабарларды аударумен айналысты. 1881 жылдың 3 қаңтарынан бастап газет күнделікті шыға бастаған. «Күнделікті саяси, әдеби, сатиралық һәм коммерциялық газет» деп аталынды.   Египет  басылымдарының   ішінде   алғаш   рет  «Әл-Ахрамда» фотосуреттер басылып, очерк пен репортаж жанрының іргетасы да осы газетте қаланды. Сондай-ақ газет әлем әдебиеті классиктерінің    шығармаларын    әр    санында    үзбей    жариялап отырған.  Кейіннен «Әл-Ахрамның»  аясы кеңейіп,  баспа кәсіп-орнына айналды. Осы тұста «Әл-Ахрам» ауыл шаруашылығы мен сауда мәселелеріне арналған «Сада әл-Ахрам» газетін шығарды. Бұдан басқа осы баспаға қарасты .«Нашрат әл-Баркият»  газеті күнделікті  шығьш тұрды.  Негізінен Рейтер мен Гавас ақпарат агенттігінің хабарларын таратумен айналысқан.

1817 жылы орыс-түрік соғысы басталған уақытга "Әл-Ахрам" баспасы соғыс жайынан хабардар ететін арнайы «Маголля Хадикат әл-Ахрам» атты басылымды дүниеге әкелді. Египеттегі түрлі саяси жағдайлар баспасөзге де әсер етпей қоймады.

«Әл-Ахрам» газеті бірде шығып, бірде шықпай жатты. Ағылшын оккупанттарын жақтаған кезі де болды. Бишара Такла өз газеттерінде: «Египет басылымдарының әскерді елден шығару жөніндегі әңгімесі ешуақытта іске аспайтын жайт. Сондықтан да, бұл мәселе бойынша европалық баспасөздің саясатын қолданғанымыз дұрыс болар еді. Ал оккупанттарға келетін болсақ, шыдамымыз жетіп күтейік, түптің-түбінде  өздері   кетеді»  - деп  жазды.   «Жаңылмайтын  жақ  жоқ» дегендейін, кейіннен бұл газет райынан қайтты.  1899 жылдың  1 қарашасынан бастап «Әл-Ахрам» Каирда шыға бастады.

Газет 1919 жылы көтерілісшілердің шашбауын көтере қоймады. Басылымның монархиялық режимді қолдағанына қарамастан, ел ішінде, сыртжерлерде өтімділігі жоғары болды.

Газет ешқандай саяси партияны қолдамайтынын қадам сайын айтып та, жазып та жүрді. Түрлі ақпараттар ағынымен оқырманды өзіне тарта білді. Бірінші  дүниежүзілік соғыстан кейін газет ісіне араласқан Бишара Такланың ұлы Габраил басылымның жандануына көп үлес қосты. Газеттің көлемін көбейтіп , 24 бетке жеткізді. Жарнама жариялауды жолға  қойды, әсіресе батыстың жарнамалары газет бетін бермеді. Габраилдың  шақыруымен газетке талантты журналистер Дауг Барақат, Антон әл-Гамил, Махмуд Азмилер келіп қызмет істеді. Габраилдың өзі де репортаждар жазды.

1952 жылы революциядан кейін де «Әл-Ахрам» газеті еш өзгеріссіз шыққан. Революциялық командованиенің жаңалықтарын жариялап тұрды.1956 жылы «Әл-Ахрамды» шығарушылар Мұхаммед  Хасанейн   Хейкалға   газеттің редакторы  болуға ұсыныс жасаған.    Хейкал   бұл кезде     Египеттегі  беделді     «Ахер   Саа» журналының редакторы еді.

Үндіқытайда,    Кореяда,    Грецияда,    Палестинада,    Сирияда, Иранда т.б. елдерде саяси және әскери  тілші болып істеген, тәжірибелі журналист Хейкал 1957 жылдан бастап «Әл-Ахрамның» редакторы болып сайланды.  Ол осы газеттегі алғашқы жұмысын редакциялық құрамды өзгертуден бастады.  Хейкал бар мүмкіндігінше Египеттегі танымал журналистерді, белгілі көсемсөз шеберлерін осы газеттін төңірегіне топтастыруға  тырысты.

1958 жылы «Әл-Ахрам»  газетінің жанынан басылымдарда қызмет істейтін мамандардың кәсіптік білімін жетілдіретін мектеп ашты. Хейкал әр оқиғаға газеттің өз көзқарасы болуы керек, сонда ғана бәсекелес- терімізді басып озамыз деп есептеді. 1958 жылдан бастап «Эл-Ахрамның»  таралымы шарықтап өсті. Еуропа елдерінің ірі компанияларының жарнамаларын шарықтап өсті. «Әл-Ахрам» газеттен корпорацияға дейін көтерілді. «Әл-Ахрам» корпорациясы үш арнаулы орталық ашты:  

1.  Саяси және экономикалық зерттеулер орталығы. Орталықтың мақсаты-саяси мәселелерге арналған  пікірталастар мен конференциялар ұйымдастыру.Бұл істердің  нәтижелері, қорытындылары «Әл-Ахрам» газетінде жарияланып тұрған.

2.  Египеттің тарихын зерттеу орталығы. Орталықтың мақсаты - Египет тарихының құжаттарын егжей-тегжейлі  зерттеу.

3.  Журналистика саласындағы зерттеу орталығы. Орталықтың мақсаты – редакторлардың журналистік шеберлігін арттыру.