Фенолдар тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура

1.1. С7Н8О сәйкес барлық фенолдар мен ароматты спирттердің формулаларын жазып, аттарын (тривиалды атауларды) атау керек.

1.2. С8Н10О сәйкес ароматты спирттер формулаларын жазып, аттарын атау керек.

1.3. С8Н10О сәйкес фенолдар формулаларын, бензол сақинасына бір алкил радикалын енгізіп жазып, аттарын атау керек.

1.4. Мына ароматты спирттер формулаларын: а) метилфенилкарбинол; ә) фенилбензилкарбинол; б) метил-n-нитрофенилкарбинол жазу қажет.

1.5. Мына формулаларды: а) м-хлорфенол; ә) 2-хлорфенол; б) 1-нитро-2-нафтол; в) 4-хлор-1-нафтол; г) n-бромбензил спиртін жазып, оларға басқа мүмкін бола алатын атауларын жазыңыздар.

2. Химиялық қасиеттері

2.1. 39 т бензолдан егер өндірістік шығыны 10% болса, қанша фенол алуға болады?

2.2. 19г метил спирті мен фенол қоспасын бром суымен әрекеттестіргенде 33,1г тұнба пайда болған. Алынған қоспадағы метил спиртінің массалық үлесін (%) анықтау қажет.

2.3. Массалық үлесі 5% 300г фенол ерітіндісі натрий гидроксидімен толық реакцияға түскен. Түзілген натрий фенолятының ерітіндідегі массалық үлесін (%) анықтау керек.

2.4. Этил спиртіндегі фенол ерітіндісіне натрий металымен әрекет етсе, 6,72 л қ.ж. газ бөлінеді, ал дәл осындай мөлшердегі қоспаға бром суымен әсер еткенде 16,55г тұнба түзілген болса, фенолдың спирттегі ерітіндісінің сандық құрамын анықтау қажет.

2.5. Егер 47 % ыстық судағы 50 г фенол ерітіндісін 5 % бромы бар 50г бром суымен араластырса, неше грамм реакция өнімі түзіледі?

2.6. 2%-ды 20кг карбол қышқылының ерітіндісін дайындау үшін қанша масса фенол алу қажет? Осындай ерітінді қандай мақсаттарда қолданылады?

2.7. а) n-крезол; ә) резорцин (м-диоксибензол); б) α- нафтол; в) бензил спирті; г) 2-фенилэтанол, осы заттардың қайсысы сілтінің сулы ерітіндісімен реакцияға түседі? Реакция теңдеулерін жазып, алынған қосылыстарды атау қажет.

2.8. Мына реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) тұз қышқылы мен натрий феноляты арасындағы; ә) натрий о-крезоляты мен сұйытылған күкірт қышқылы арасындағы; б) калий β- нафтоляты мен көмір қышқылы арасындағы; в) тұз қышқылы мен натрий феноляттарының барлық диоксибензолдар изомерлері арасындағы.

2.9. а) фенол; ә) n-крезол; б) 2,4-диметилфенол қосылыстарымен гидрлену реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Алынған қосылыстарды атау қажет.

2.10. Мына заттар өзара әрекеттескенде қандай қосылыстар түзіледі: а) фенол бромның артық мөлшерімен әрекеттессе; ә) м- крезол азот қышқылының артық мөлшерімен әрекеттессе; б) n- крезол азот қышқылының артық мөлшерімен әрекеттессе, қосылыстардың атын атау қажет.

3.Фенолдарды алу әдістері

3.1. а) бромбензолдан; ә) о- хлортолуолдан; б) α- хлор нафталиннен; в) м- нитрохлорбензолдан фенолдар алу жағдайларын көрсетіп, реакция теңдеулерін жазу қажет. Түзілген қосылыстарды атау керек.

3.2. а) 2,4-динитрохлорбензолдан; ә) 2,4,6-тринитрохлорбензолдан фенолдарды алу реакциялары теңдеулерін жазу қажет. Алынған қосылыстарды атау қажет.

3.3. Біртіндеп жүретін реакцияларды пайдаланып: а) толуолдан n- крезол алу; ә) нитробензолдан м- нитрофенол алу; б) бензолдан

n- фенилсульфоқышқылын алу; в) бензолдан пикрин қышқылын (2,4,6-тринитрофенол) алу керек. Реакция теңдеулерін жазу керек.