№14 зертханалық сабақ


Гетероқосылыстардың негізгі қасиеттерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: пиридиннің кейбір қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттеу.

Реактивтер мен жабықтар: пиридин, темір(ІІІ) хлориді және калий перманганатының 1%-дық ерітінділерсі, 1%-дық соды ерітіндісі, пикрин қышқылы, пробиркалар, лакмус қағазы, спирт шамы.

1-тәжірибе. Пиридинің суда ерігіштігі

Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 тамшы пиридин және 5 тамшы су құяды. Түзілген түссіз ерітіндіге лакмус қағазын салғанда, қағаз көк түске боялады. Лакмус қағазының көгеруі, пиридиннің сумен қосылып, диссоциацияланатын гидроксил ионын түзуінен болады, теңдеуін жазу керек.

2-тәжірибе. Пиридиннің тотықтырғышқа тұрақтылығы

Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 тамшы пиридин ерітіндісін, 1 тамшы калий перманганатының 1%-дық ерітіндісін, 1 тамшы 1%-дық соды ерітіндісін құяды. Пробиркадағы қоспаны шайқап, 1-2 минут қайнатады. Қоспаның түсі өзгермейді. Соған қарағанда пиридин бензол сияқты тотығуға тұрақты келеді.

3-тәжірибе. Пиридиннің темір(ІІІ) хлоридімен әрекеттесеуі

Жұмыс барысы: Пробиркадағы 5 тамшы пиридин ерітіндісіне 3 тамшы темір(ІІІ) хлоридінің ерітіндісін тамызады. Пробиркада қоңыр қызыл түсті тұнба түзіледі, реакция теңдеуін жазу керек.

4-тәжірибе. Пиридин пикратын алу

Жұмыс барысы: Пробиркаға 3мл пикрин қышқылын құйып, үстіне 0,5 мл пиридин ерітіндісін қосады. Қоспаны 3-5 минутқа қояды. Пробиркада әдемі түсті пиридин пикратының ине тәрізді кристалдары түзіле бастайды.

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар

1. Пиридиннің судағы және органикалық заттардағы ерігіштігі туралы түйін жасаңыздар.

2. Пиридиннің темір(ІІІ) хлоридімен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыздар.

3. Пиридиннің тотықтырғыштарға тұрақтылығы неге негізделген?

4. Пиридин мен пикрин қышқылының әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыздар.

5. Пиридинді алу жолдарын көрсетіңіздер.

6. Пиридинді сутегімен тотықсыздандырудың реакция теңдеуін жазыңыздар. Түзілген затты атаңыздар.

7. Келесі қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар:

а) 2,5-диметилфуран; ә) 2-хлорфуран; б) 2,5-диметилпиррол; в) 2-аминпиридин.

8. Реагенттің бір молекуласымен жүретін реакция теңдеуін жазу керек: а) фуранды хлорлау; ә) тиофенді сульфирлеу; б) тиофенді нитрлеу. Алынған қосылыстардың атын атау керек.