Гетероциклді қосылыстар тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. а) β,β1- диметилтиофеннің; ә) α,α1- диметилфуранның; б) α- этилпирролдың; в) N- метилпирролдың; г) N- этилпирролдың формулаларын жазып, әріптерді цифраларға ауыстырып, қосылыстарды атау қажет.

2. а) фуранды; ә) 2-этилфуранды; б) тиофенді; в) α,α1- диметилтиофенді;

г) β,β1- диэтилпирролды; ғ) 2,3- диметилпирролды гидрлеу реакцияларының теңдеулерін жазып, түзілген қосылыстарды атау қажет.

3. Фурфуролға (2-фуральдегид) мына реакциялар теңдеулерін жазу керек:

а) тотығу; ә) альдегид тобының тотықсыздануы, түзілген қосылыстарды атау керек.

4. а) α- пиранның; ә) γ- пиранның; б) тетрагидропирранның формулаларын жазу керек.

5. а) β- метилпиридиннің; ә) α- метилпиридиннің; б) α,α1- диметилпиридиннің тотығу реакциясының теңдеулерін жазу керек. Түзілген заттарды атау керек.

6. а) пиридинді; ә) α- метилпиридинді; б) 2,4-диметилпиридинді толық гидрлеу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Түзілген қосылыстарды атау керек.