Органикалық заттарды өндірісте алу әдістері және олардың шикізаттарының табиғи көздері тақырыбына есептер мен жаттығулар


1. Мына реакциялар нәтижесінде қандай бағалы өнеркәсіп (өндірістік) материалдары алынады:

а) СН2=СНСI ...

ә) С6Н5NO2 +H2 ...

б) С6Н63Н6 → ...

в) С6Н5ОН +Н2СО →?

Реакциялардың толық теңдеулерін жазу қажет.

2. Сірке қышқылын: а) табиғи газдан; ә) мұнайдан алу кестесін жазу керек.

3. Орташа молекулалық массасы 2∙105г/моль болатын табиғи каучук үлгісіндегі орташа полимеризация дәрежесін анықтау керек. Мономер буынының структурасын бейнелеу керек.

4. 28,2 г фенолды қышқыл қатысында формальдегидтің артық мөлшерімен қыздырғанда 5,116г су бөлінген поликонденсация реакциясында фенол толық реакцияға түссе, түзілген полимердің молекулалық массасын анықтау керек.

5. Қаныққан көмірсутектің крекингісі нәтижесінде алғашқы көмірсутектің тығыздығынан 1,5 есе аз үш газдың қоспасы түзілген. Крекинг қандай шығыммен жүрген?

6. Келесі реакциялар нәтижесінде қандай бағалы заттар түзіледі:

а) nС6Н5СН =CH2 →…

ә) СН4 + О2 → ...

б) С4Н102 → ...

в) Н2N(CH2)6NH2 + HOOC(CH2)4COOH → …

г) (С6Н10О5)n + (CH3CO)2O ?

Реакциялардың толық теңдеулерін жазу керек.

7. Табиғи газдардан мына заттардың а) қымыз қышқылын Н2С2О4; ә) анилин; б) бутадиен алу кестесін ұсыну керек.

8. Лебедев реакциясының шығымы 60% болса, полимерлену реакциясы 80%-ке жүрсе, 100кг 96%-ды этанолдан қанша масса каучук алынады?

9. Егер бутадиен каучугінің орташа молекулалық массасы 1.105г/моль болса, оның полимерлену дәрежесі қанша екенін анықтап, мономер буынының структурасын бейнелеу керек.

10. 2,93г ас тұзына концентрлі күкірт қышқылын қосқаннан алынған хлорлы сутек кальций карбидінен алынған 1,12л (қ.ж.) түссіз газға қосылған. Хлорлы сутек қосылған өнім 2,2г полимер түзіп, полимерлену реакциясына түскен. Қандай полимер алынады? Мономердің полимерге айналуының шығымы қанша?

11. Қаныққан көмірсутектің крекингісі нәтижесінде алғашқы көміртектің тығыздығынан 1,7 есе аз үш газдың қоспасы түзілген. Крекинг қандай шығыммен жүрген?