ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ТИТРЛЕУ. ӘДІСТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ


Қышқыл-негіздік титрлеу қышқыл мен негіздің әсерлесуіне негізделген:

НА + МОН = МА + Н2О не Н+ + ОН- = Н2О

Титрант ретінде күшті қышқыл не күшті негіз қолданылады. Егер қышқылмен титрлесе, онда ацидиметрия деп, ал негізбен титрленсе, алкалиметрия деп аталады. Тура титрлеу әдісі арқылы қышқыл мен негіздің, не олардың құрамына кіретін элементтердің мөлшерін анықтайды.

Кері титрлеу әдісі арқылы кей тұздардың (мысалы, кальций не аммоний тұздарының) мөлшерін анықтайды. Қышқыл-негіздік титрлеу арқылы заттың 0,10% массасын анықтайды, бұл әдіс 0,50% салыстырмалы қате жібереді.

Бұл әдісте қышқыл-негізді индикаторлар қолданылады. Қышқыл-негізді титрлеуде мына титрлеу түрлері қолданылады:

1. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу;

2. Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу;

3. Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу;

4. Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу;

5. Әлсіз қышқылды әлсіз негізбен(не керісінше)титрлеу.

Бұл әдісті қолданып, тамақтық қышқылдардың (сірке қышқылының, лимон қышқылының, сүт қышқылы және алма қышқылдарының) мөлшерін анықтауға болады.

Заттың мөлшерін анықтау үшін бюреткадағы титранттан (қышқылдың, не негіздің стандартты ерітіндісі) анықталатын затқа индикатор түрі өзгергенше тамшылатылады. Күшті қышқыл мен күшті негіз әрекеттескенде эквивалент нүктеде рН = 7, әлсіз қышқылды күшті негізмен титрлегенде эквивалент нүкте рН > 7 (неге?), әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлегенде э.н. рН<7 болады (неге?).

CH3COOH + NaOH = CH3COONa + H2O

әлсіз қышқыл

CH3COO- + H2O CH3COOH + ОН- , рН>7

NH4OH + HCl = NH4Cl + H2O

әлсіз негіз

NH4+ + H2ONH4OH + H+ , рН<7

HCl + NaOH = NaCl + H2O рН = 7

күшті күшті

қышқыл негіз

Н+ + ОН- = Н2О, рН = 7

Қышқыл-негізді титрлеу кезінде индикаторды дұрыс таңдап алу қажет, себебі олар түстерін әр түрлі рН-да өзгертеді. Ол үшін титрлеу қисығын құру керек. Титрлеу қисығын құру үшін оны 4 бөлікке бөледі:

1. Титрлеуге дейінгі;

2. Титрлеу секірісінің басталуына дейінгі;

3. Титрлеудің секірісі және эквивалент нүктесін қосып;

4. Титрлеудің секірісінен кейінгі.

1. Титрлеуге дейінгі бөлік үшін рН-ты титрленуге тиісті заттың (қышқылдың, негіздің) концентрациясы арқылы (күшті электролиттер үшін) не диссоциация константасы (әлсіз электролиттер үшін) арқылы анықтайды.

рН = - lg[H+] = - lgСНА күшті қышқыл үшін

рОН = - lg[ОH-] = - lgСМОН күшті негіз үшін, рН=14- рОН;

әлсіз қышқыл [H+] = КНАСНА

әлсіз негіз [H+] = Ксу/КМОН ×СМОН

Титрлеудің осы 5 түріндегі рН-ты есептеуді қарастырса:

I, IIІ – күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу және күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу (титрлеу қисықтары бір-біріне қарама-қарсы болады).

1. Титрлеуге дейінгі рН-ты: рН = - lg[H+] = - lgСНА;

рОН = - lg[ОH-] = - lgСМОН; рН = 14- рОН формулалары арқылы анықтайды.

2. Эквивалент нүктесіне дейін рН мына формулалармен есептеледі:

[H+] = (VНА-VМОН)СНА/VНА+ VМОН

[ОH-] = (VМОН-VНА)×СМОН /VМОН +VНА

3. Эквивалент нүктеде рН = 7

4. Эквивалент нүктеден кейін рН мына формулалармен есептеледі:

[H+] = Ксу (VНА + VМОН)/VМОН (артық мөлшері)×СМОН

[ОH-] = Ксу (VМОН + VНА)/VНА (артық мөлшері)×С НА

II, IV әлсіз қышқылды күшті негізбен (не керісінше) титрлегендегі титрлеу қисығын құру үшін рН есептеу: рН-ты есептегенде Н+- концентрациясын ерітіндідегі қышқылдың жалпы концентрациясына теңестіруге болмайды, себебі оның негізгі массасы иондалмаған молекула күйінде болады да тек аз бөлігі ғана Н+ (ОН-) ионы күйінде жүреді. Титрлеу қисығын құру үшін 3 формула қолданылады:

1. Титрлеуге дейінгі рН-ты есептеу, яғни әлсіз қышқыл ерітіндісіндегі;

2. Титрлеу процесі кезіндегі рН есептеу, яғни ерітіндіде әлсіз қышқыл мен оның тұзы болғанда;

3. Эквивалент нүктедегі рН-ты есептеу, яғни ерітіндіде тек әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұзы болғанда.

V - әлсіз қышқылды әлсіз негізбен (не керісінше) титрлеу.

Сонымен:

а) әлсіз қышқылда ерітіндіде аздап диссоциацияға түсетіндіктен, оның диссоциация константасы болады – Кd. Н+ және An- концентрациялары өзара тең, ал HAn концентрациясы ерітіндідегі қышқылдың жалпы концентрациясына тең, яғни CHАn.

(9) формуласынан [H+] = КНАСНА, H+ - концентрациясын есептеп,

рН-ты (12) формула бойынша табады:

pH = 1/2pKHAn – 1/2lgCHAn, мұндағы pKHАn = - lgKHAn.

б) тұз толық диссоциацияға түсетіндіктен,

CAn- = CMeAn, олай болса, pH = pKHAn – lg CHAn/CAn- Осы формула арқылы титрлеу қисығының ортадағы нүктелерін есептейді.

в) MeAn әлсіз қышқыл мен күшті негіз тұзы гидролизге ұшырайтындықтан, эквивалент нүктедегі рН-ты, гидролиз реакциясының константасын жазып, Ксу арқылы

pOH = 7 – 1/2 pKHAn + 1/2lgCAn- есептеп, рН = 14 рОН табады,

Кгидр. = КсуНАn екені белгілі. Эквивалент нүктедегі рН мәнін былай да есептеуге болады: рН = 7 + 1/2pKHAn + 1/2lgCAn-.

Эквивалент нүктеге дейін титрлеу кезіндегі ерітінді буферлі қоспа болады, яғни қышқыл + сол қышқылдың тұзы, сондықтан титрлеу процесінде рН ақырын және біртіндеп өзгереді. Титрлеу қисығының секіріс облысының ерекше практикалық маңызы бар. Ол облыс 0,1мл титрленбеген әлсіз қышқыл қалған және 0,1мл сілті ерітіндісінің артық мөлшері құйылған аралықтағы рН мәндерін қамтиды. Сонда секіріс басталатын нүктеде

рН = 4,76 – lg0,1/99,9 = 4,76 – (3) = 7,76 болады, pKHAc = 4,76.

Егер 0,1н сірке қышқылын (НАс) 0,1н натрий гидроксидімен титрлесе, эквивалент нүктедегі рН = 7 + 4,76/2 + 1/2lg0,1 = 8,88 болады. Енді NaOH-тың артық мөлшері құйылғанда рН мәні ОН- концентрациясы арқылы анықталады, яғни секіріс аяғында 0,1н сілтінің 0,1мл-де 10-4 моль/л ОН- болады, онда рН = 10. Келесі нүктелер де сілтінің артық мөлшерімен анықталады. Сонымен секіріс нүктесі рН 7,76-10 аралығында, сондықтан индикатор ретінде тек фенолфталеин алынады, оның рТ = 9. Сонымен, қышқыл әлсізірек болған сайын титрлеу қисығындағы рН-тың секіріс мәні де аз болады. Сол сияқты әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлегенде де титрлеу қисығындағы секіріс мәні аз болады, бұл жағдайлар индикатор таңдауының мүмкіндігін азайтады.

V - әлсіз қышқылды әлсіз негізбен (не керісінше) титрлеу кезінде тирлеу қисығын құрғанда қышқылдық бөлігі әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеуге, сілтілік бөлігі титрлеу қисығының әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеген бөлігіне сәйкес келеді. Ал эквивалент нүктедегі рН мәні тұз гидролизінің константасы арқылы анықталады: Кгидр.= Ксунег.Кқышқ.;

Кгидр.= Снег.× С қышқ. тұз. Осы 2 формуланы пайдаланып, рН анықталады:

рН = 7 + 1/2p Kқышқ. – 1/2рКнег.. Егер титрлеу қисығын сызса, рН секіріс мәні жоқ деуге болады, яғни индикатор таңдау өте қиын, сондықтан қышқыл-негіз титрлеу әдісінде ең болмаса бір электролит күшті болуы керек.

Титрлеу әдісінде ерітінділердің нормальды концентрациясы қолданылады.

Сонымен, титрлеу қисығына қарап мынандай қорытындылар жасауға болады:

1. Түсін тек рН = 7 де өзгертетін индикаторды ғана таңдамауға болады.

(HCl + NaOH – үшін э.н. рН = 7 де болады).

2. Тым концентрациясы жоғары, не тым концентрациясы төмен ерітінділерді титрант ретінде алуға болмайды. Концентрациясы көп болса, титрлеу әдісінің қатесі көбейеді, концентрациясы аз болса, титрлеудің секірісі аз болады, сондықтан ерітінді концентрациясы 0,1н оптимальды деп есептеледі.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Титрлеуге қажет индикаторлар қалай таңдалады?

2. Титрлеу қисығын не үшін құрады?

3. Әлсіз қышқылды (НСN) күшті негізбен (KOH) титрлеу қисығын сызыңдар.

4. Әлсіз негізді (NH4OH) күшті қышқылмен (НСІ) титрлеу қисығын құрыңдар.

5. Көп негізді қышқылдарды титрлеу қисығын құрыңдар.

ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ИНДИКАТОРЛАР

Қышқыл-негіздік индикаторлар – әлсіз органикалық қышқылдар не негіздер. Олардың иондары мен молекулалары әр түрлі түсті болады (боялады).

Егер қышқыл индикаторды HInd деп, негіз индикаторды IndOH деп белгілесе: HInd,қызыл H+ + Ind-, көк – лакмус, яғни молекуласы қызыл түске, ионы көк түске боялады.

NaOH қосса, қызыл түс көкке ауысады, себебі Н+ ионы ОН- ионымен қосылып (NaOH молекуласынан алынған) су түзіледі де тепе-теңдік ығысады. HCl қосса, көк түс қызылға ауысады, НСІ-дың Н+ ионы Ind- ионымен қосылып, тепе-теңдік солға ығысады, лакмустің судағы ерітіндісі күлгін түсті (қызыл + көк).

Егер индикатордың ионы да, молекуласы да боялатын болса, ондай индикаторларды екі түсті деп атайды, ал егер не молекуласы, не ионы ғана боялатын болса, ондай индикаторлар бір түсті деп аталады.

Сонымен, индикаторлардың молекуласы мен иондарының әр түсті болғандығы, олардың түсінің ерітіндінің рН-на байланысты өзгеретіндігін түсіндіреді.

Сонымен, қышқылдық индикатор үшін HInd H+ + Ind-, негіздік индикатор үшін IndOH Ind+ + OH- тепе-тендіктерін жазуға болады. Бұл тепе-теңдіктер үшін әрекеттесуші массалар заңын қолданса,

Кдисс. = [ H+][ Ind-]/[HInd] (38), Кдисс. = [Ind+][OH- ]/[IndOH-] (39).

Қышқылдық индикаторлардың молекулалары қышқыл ортада, ал сілтілік ортада ион күйінде Ind- жүретіндіктен [Ind-] – сілтілік түрі (Сс.т), [HInd] – қышқылдық түрі (Сқ.т) деп белгілесе: Кдисс. =[ H+]Сс.т қ.т, одан

[H+] = КдСқс.т; рН = рК - lgСқ.тс.т; рК = - lgК индикатор көрсеткіші.

Әр индикатор үшін рК – тұрақты шама, тек температураға байланысты ғана өзгереді. Олай болса, ерітіндінің рН-ының өзгерісі Сқ.тс.т қатынасы өзгеруіне әкеледі, яғни индикатор түсі өзгереді, себебі оның молекуласы мен ионының түсі әр түрлі. Адамның көзі индикатордың түсінің өзгергенін Сқ.т мен Сс.т екеуінің концентрациялары бір-бірінен тек он есеге айырмашылығы болса ғана ажырата алады.

рН1 = рК- lg10/1 = рК-1;

рН2 = рК- lg1/10 = рК+1

Сонымен, индикатор түсі кез келген ерітіндінің рН-ның өзгерісіне байланысты өзгермейді, тек индикатордың өзгеру интервалында ғана түсін өзгертеді, яғни мынандай формула қолданылады рН = рК±1.

Мысалы, фенолфталеиннің Кдисс. = 10-9, яғни рК = 9. Олай болса, оның түсі рН = 9 + 1 не рН = 9 – 1, яғни 8-10 арасында, яғни рН = 8-10 болғанда өзгереді. Практикада индикатордың көрсеткіші - рТ деген түсінік қолданылады. Ол индикатор түсі өзгеретін интервал ортасына сәйкес келеді, мысалы ол фенолфталеин үшін рТ = 9.

Неге индикаторлардың молекуласы және ионы әр түрлі түске боялады? Бұл сұраққа индикаторлардың хромофорлық теориясы жауап береді. Бұл теория бойынша органикалық қосылыстар, яғни индикаторлардың түсінің өзгеруі – олардың молекуласының құрылысына байланысты, яғни олардың молекулаларында хромофорлар деген ерекше атомдық топтар болады, солардың молекула ішінде құрылыстарын өзгертуіне байланысты индикатор түсі де өзгереді. Мысалы, метилоранж (м.о.) формуласы:

(СН3)2 N – N = N- SO3- (Ind-) + H2O, pH > 7 сары;

(СН3)2 N+ = N-NH-SO3- (HInd ) +OH-, pH < 7 қызыл.

Титриметриялық әдістің нәтижесінің дұрыс болуы индикаторды дұрыс таңдағанға көп байланысты. Ол үшін:

1. Индикатордың рТ-сы эквивалент нүкте болатын рН-тың мәніне жақын болуы керек;

2. Индикатордың түсі өзгеретін интервал шамасы титрлеу шегіне өте жақын болуы керек не соның мәніне кіруі керек;

3. Индикаторлардың өздері де қышқыл не негіз болғандықтан қышқыл-негіздік титрлеу кезінде оның көп мөлшерін алуға болмайды, себебі титранттың артық мөлшері жұмсалуы мүмкін, сондықтан 1-2 тамшы ғана тамызу керек және параллель жүргізілген тәжірибелерде әрқашан индикатордың бірдей мөлшерін алу керек;

4. Индикатор концентрациясы да оның түсіне әсер етеді.

Егер осы талаптар орындалмаса, анализ нәтижесінде қате кетуі мүмкін, ондай қателерді индикаторлық қате деп атайды. Оны анықтау үшін мынандай формулар қолданылады:

ΔН+ = 10-рТV2/CнV1×100% – титрлеудің сутектік қатесі, егер күшті қышқыл аяғына дейін титрленбесе, не әлсіз не күшті негіздерді күшті қышқылмен артық титрлесе.

ΔОН- = 10-(14- рТ) V2 /CнV1×100% – титрлеудің гидроксильдік қатесі, егер күшті негіз аяғына дейін титрленбесе не күшті не әлсіз қышқыл күшті негізбен артық титрленсе.

ΔНА =10рК – рТ/1+10рК – рТ×100% -қышқылдық қате, егер әлсіз қышқыл НА молекуласы аяғына дейін титрленбесе.

ΔМОН = 10рК + рТ-14/1+10рК + рТ-14100% -сілтілік қате, егер әлсіз негіз МОН молекуласы аяғына дейін титрленбесе.

V1 – титрлеуге алынған анализге түсетін заттың көлемі, мл;

V2 –титрлеудің аяғындағы ерітінді көлемі, мл;

Сн – анализге түсетін заттың нормальды концентрациясы;

рК – әлсіз электролиттің диссоциация константасы;

рТ – индикатор көрсеткіші. Мысалы:

1. 0,1н құмырсқа қышқылын 0,1н NaOH титрлегенде м.о. индикаторын қолданған. Оның рТ = 4 болса, рН = 8,22 болғанда эквивалент нүкте (э.н.) орнаса, олай болса, титрлеу рН = 4-те бітеді, сондықтан титрленбеген НСООН молекуласы ерітіндіде қалады. Сонда қышқылдық қате

ΔНА = 103,75-4 /1+103,75-4 ×100 = 64%, рК = 3,75.

2. Ал егер индикатор ретінде фенолфталеин қолданылса, рТ = 9, онда э.н. үшін рН = 8,22 болғандықтан әлсіз қышқыл аяғына дейін титрленбеді, олай болса, гидроксильдік ΔОН- = 10-(14- 9)20 /0,110×100% қате кетеді:

ол 0,02% болады.

ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ТЕХНИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУГЕ ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ТИТРЛЕУДІ ҚОЛДАНУ

Көптеген тамақ өнімдерінің технологиясы биохимиялық және микробиологиялық процестерге негізделген. Ал бұл процестер ортаның қышқылдығына өте байланысты (Ферменттер мен бактериялардың жағдайлары ортаның қышқылдығына өте байланысты).

Шикізат пен дайын тағамның сапасының басты сипаттамасы – қышқылдықтың мәні. Қышқылдықтың көрсеткіші (мәні) технологиялық процестің дұрыс жүріп жатқанын көрсетеді.

Активті және жалпы (титрленетін) қышқылдық болады. Активті қышқылдықты ортаның рН-ын анықтау арқылы табады. Жалпы қышқылдық қышқыл мен қышқыл тұздардың шамасына байланысты. Шикізаттағы, дайын тамақ өнімдеріндегі (ұнда, ашытқыда, крахмалда, макарон және кондитер тағамдарында, қанда, сусындарда, сүтте, етте, т.б.) жалпы қышқылдықты қышқыл-негіздік титрлеу әдісі арқылы анықтайды.

Қышқыл-негіздік титрлеуде стандартты ерітінді ретінде тұз қышқылын және натрий не калий гидроксидтерінің ерітінділері қолданылады. Бірақ тұз қышқылының стандартты ерітіндісін жасау әдістемесі жоқ болғандықтан, оның титрін стандартты заттар арқылы анықтайды. Стандартты зат ретінде бураны (натрий тетрабораты) Na2B4O7×10H2O, сусыз натрий карбонатын Na2CO3, калий йодатын KIO3 алуға болады.

Көбінесе натрий тетраборатын (бура) алады. Ол суда ерігенде, гидролизге ұшырайды:

Na2B4O7 + 7H2O 4H3ВО3 + 2NaОН

B4O7 2- + 7H2O 4H3ВО3 + 2ОН-

Негіздік орта пайда болады, сондықтан қышқылмен титрлеуге болады. Тетраборатты тұз қышқылымен титрлеуді мынандай теңдеу арқылы көрсетуге болады:

Na2B4O7 + 2HCl + 5H2O = 2NaCl + 4H3ВО3

Яғни тетрабораттың гидролизінен пайда болған 2NaОН молекуласына

2 молекула HCl керек. Реакция нәтижесінде әлсіз бор қышқылы түзіледі, сондықтан эквивалент нүктедегі рН-ты былай табуға болады:

рН = 1/2рКқышқ. -1/2lgСқышқ. = 9,24/2 - 1/2lg10-1

рКбор қышқ. = 9,24; рН = 9,24/2 + 0,5 = 5,12.

Олай болса, титрлеуге метилқызыл не метилоранж индикаторларын алу керек.Тетраборатты концентрациясы 0,1н болатындай етіп дайындайды.

Тетрабораттың эквивалент массасы 1/2(МNa2B4O7) болады, себебі гидролиз нәтижесінде пайда болған 2 NaОН молекуласы 2 моль HCl-мен әрекеттеседі. Жұмысты орындау техникасы зертханалық жұмысты орындау нұсқауында беріледі.

Ерітінділерде қышқылдар мөлшерін анықтау үшін натрий не калий гидроксидтері қолданылады, бірақ олар ауадан көмір (IV) қышқыл газын жұтады, сондықтан олардың ерітінділерінде Na2СО3 қоспасы болатындықтан, олардың концентрациялары есептеп табылған концентрацияға сәйкес болмайды. Сондықтан натрий гидроксидінің концентрациясын стандартты заттар (қымыз қышқылы, бензой қышқылы, калий бифталаты т.б.) арқылы анықтауға болады:

2NaОН +Н2С2О4 = Na2С2О4 +2H2O

Қымыз қышқылының эквивалент массасы 1/2М(Н2С2О4×2H2O), себебі екі негізді қышқыл. Қымыз қышқылының ерітіндісін СО2-сі жоқ дистилденген суда дайындау керек, себебі фенолфталеин индикаторымен титрлегенде (ол өте СО2-ге сезімтал және ерітіндіде тағы Н2СО3 қышқылы пайда болады, сондықтан NaОН-тың артық мөлшері кетеді), дұрыс мән алынбайды.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қышқыл-негіздік индикаторлар деген не, мысал келтіріңдер.

2. Индикатор түсі өзгеретін интервал деген не, индикаторлық көрсеткіш деген не?

3. Неге индикаторлық қателер пайда болады?

4. Тамақ өнеркәсібінде қышқыл-негіздік титрлеудің қолданылуы.

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БОӨЖ) АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Көлем өлшейтін колбалар, бюреткалар, тамшуырлар

1. Колбалар не үшін қолданылады?

2. Колбаларды ерітінділермен қалай толтырады?

3. Колбаларды алдын ала олардың көмегімен дайындайтын стандартты ерітінділермен шайқауға бола ма?

4. Тамшуырлар не үшін қолданылады және олардың қандай түрлері бар?

5. Тамшуырларды қалай ерітінділермен толтырады?

6. Тамшуырмен қалай жұмыс істейді?

7. Тамшуырдағы ерітіндіні басқа ыдысқа қалай құяды?

8. Жұмысқа қажет көлемді тамшуыр көмегімен неше рет алу керек?

9. Тамшуырды алдын ала ерітіндімен шайқауға бола ма?

10. Бюретка не үшін қолданылады? Қандай түрлері бар?

11. Бюретканы алдын ала ерітіндімен шайқауға бола ма?

12. Бюретканы кептіру керек пе?

13. Бюретканы ерітіндімен қалай толтырады? Бюретканың төменгі жағындағы трубкадан не үшін ауаны жоғалту керек?

14. Бюреткадан ерітінді құю үшін қолданылған воронканы неге алып тастау керек?

Халықаралық жүйе (СИ) бойынша көлем бірлігі м3, оның үлес бөліктері

1дм3 = 0,001м3; 1см3 = 0,001дм3 қолданылады. Көлемді литрмен де өлшеуге болады:1мл = 0,001л; 1мл = 1,000028см3.

Практикалық жұмысқа 1л = 1дм3; 1мл = 1см3 қолданылады.

Көлемді өлшеген кезде мына жағдайды білу керек: өлшейтін көлем аз болған сайын, салыстырмалы қате соғұрлым көп болады. Сондықтан аз көлемді үлкен ыдыспен алмау керек.

0,1н тұз қышқылы мен калий гидроксиді ерітінділерін дайындау:

1. 200мл (250мл) 0,1н ерітінділер дайындау үшін керек НСl мен КОН массаларын анықтау керек (ρ = 1,19г/мл).

2. Есептеген КОН массасын алдымен техникалық таразыда, сосын аналитикалық таразыда өлшеп алыңдар.

3. Есептеген НСl массасын (тығыздығы арқылы) тамшуырмен өлшеп, колбада ерітіндісін дайындаңдар.

4. Титрантқа байланысты қышқыл-негіздік титрлеу қалай жіктеледі? Қандай титранттар бар? Титрлеу қисығы деген не? Ол не үшін керек? Титрлеу шегі деген не?

5. Тұз қышқылының ерітіндісін натрий гидроксиді және натрий тетрабораты арқылы стандарттауға болады. Осы екі реактивтің қайсысы жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді? Неге?

6. Қандай фактор (диссоциация константасы, температура, ерітінді концентрациясы, титрленетін ерітінді көлемі, титрлеу жылдамдығы):

а) эквиваленттік нүктеге, б) титрлеу шегіне (секірме) және оның шамасына әсер етеді?

7. 1) әлсіз қышқылды күшті негізбен; 2) әлсіз негізді күшті қышқылмен; 3) полипротонды қышқылды күшті негізбен титрлегенде алынатын титрлеу қисықтарын жүргізу үшін қандай формулалар қолданылады?

8. Қышқыл-негіздік индикаторлар қандай параметрлермен сипатталады? Титрлеу үшін индикаторларды қалай таңдайды?

9. Қышқыл-негіздік титрлеу кезінде қандай қателер болады? Егер: а) әлсіз қышқылды рТинд. < рНэ.н.; рТинд. > рНэ.н. титрлегенде; б) әлсіз негізді рТинд. < рНэ.н.; рТинд . > рНэ.н. титрлгенеде қандай қателер болады?

10. Кері титрлеу әдісі деген не? Ол қайдай жағдайларда қолданылады?

11. Мына ерітінділердің а) 2,010-4 моль/л Н+; б) 0,008моль/л ОН- болса, ерітіндінің рН-ын анықтаңдар.

12. Егер рН мына мәндерге тең болса: а) 2,50; б) 12,00, онда ерітіндідегі Н+ және ОН- иондарының концентрациялары неше тең?

13. Мына жағдайдағы: а) 0,1н НСІ ерітіндісін 0,1н NaOH ерітіндісімен метилқызылы (рТ = 5,5) индикаторымен; б) 0,1н NaOH ерітіндісін 0,1н НСІ ерітіндісімен нитроамин (рТ = 12) индикаторымен титрлегендегі индикаторлық қате неше тең?

14. Не себепті HCl және NaOH дәл концентрациялы ерітінділерін даярлау мүмкін емес? HCl, NaOH ерітінділерінің концентрациясын анықтау үшін қандай стандартты ерітінділер және индикаторлар пайдаланылады?

15. Стандартты ерітінділердің Т және Сн қалай есептеледі? Не себепті бюретканы, тамшуырды ерітінділермен шаяды?

16. Титрлеуге жұмсалған титранттың көлемін қандай дәлдікпен өлшейді? Өлшемдердің айырымы неше мл болуы мүмкін?

17. «Күәгермен» тирлеу дегеніміз не? Оны қалай даярлайды?

18. Ерітіндінің рН: 2,0; 4,0; 7,0; 11,0 тең болғанда метилоранждың түсі қандай болады? Ерітіндінің рН: 4,0; 7,0; 9,0; 12,0 тең болғанда фенолфталеиннің түсі қандай болады?

19. Қандай формулалармен титранттың және стандартты ерітіндінің Т және Сн есептеуге болады?

20. 100мл 0,1н Na2CO3 даярлау үшін неше грамм Na2CO3 алу қажет?

21. Қымыздық қышқылының 1,5826г-ы көлемі 250 мл өлшеуіш колбасында ерітілген. Осы ерітіндінің Т және Сн2С2О4) нешеге тең ?

22. Қандай дәлдікпен Т және Сн есептеу қажет? Мысал келтіру қажет.

23. Бура, сода және Н2С2О4 ерітінділерін тирлеуде қандай индикаторлар пайдаланған жөн?

24. NaОН ерітіндісін HCl ерітіндісімен титрлегенде қандай индикаторлар пайдаланған жөн? Қайсысы ыңғайлы? Керісінше тирлегенде қандай индикаторлар қолданылады?

25. 5 л 0,1н азот қышқылын дайындау үшін тығыздығы 1,4 г/см3 болатын ерітіндісінен неше миллилитр алуға болады?

26. 0,09н күкірт қышқылы ерітіндісінің титрін мына заттарға

а) Ва(ОН)2, б) NH3, в) N қатысты анықтаңдар:

Жауабы: а) 0,007712 г/мл; б) 0,001533г/мл; в) 0,001261 г/мл.

27. 40% СаСІ2 ерітіндісінің (тығыздығы 1,396г/см3) нормальды концентрациясы нешеге тең?

28. 20мл 0,03н FeSO4 ерітіндісін титрлеу үшін 0,02н KMnO4 ерітіндісінің қанша көлемі (мл) керек?

29. Сүттің, айранның, т.б. сүт тағамдарының қышқылдығы неге байланысты?

30. Егер сүттің қышқылдығы 17,50Т болса, сүт қышқылының массалық үлесі нешеге тең?

31. 10,0мл сүтті титрлеуге концентрациясы 0,1022моль/л тең NaOH ерітіндісінің 12 мл кетсе, оның Тернер градусымен өлшенген қышқылдығы нешеге тең?

32. Индикаторлардың ион-хромофорлы, ионды теориялары.

33. HCl, H3BO3 титрлеу үшін қандай индикатор пайдаланған жөн? H3BO3 титрлеудегі глицериннің ролі? NaOH пен әрекеттесу реакциясында H3BO3 және HCl эквиваленттік факторы және эквиваленті нешеге тең?