Титриметрия. Қышқыл-негізді титрлеу, редоксиметрия, комплексонометрия тақырыптарына тест тапсырмалары


1. 0,5М Н3РО4 ерітіндісінің нормальді концентрациясы (н):

А. 1,5;

В. 2,7;

С. 2,5;

D. 1,3;

Е. 2,3.

2. Стандартты, титрленген ерітінді – :

А.Титриметриялық анализ әдісінде қолданылатын концентрациясы дәл анықталған В реагентінің ерітіндісі;

В. Реакцияға түсетін зат;

С. Реакция нәтижесінде алынған зат;

D. Ерітінді дайындауға алынған зат;

Е. Жауабы В,С.

3. 250мл суда 10,00г NaOH еріген, оның титрі:

А. 0,04500г/мл;

В. 0,2500г/мл;

С. 0,0400г/мл;

D. 0,20г/мл;

Е. 0,5г/мл.

4. рН = 5 кезінде метилоранж түсі:

А. Тоқ сары;

В. Сары;

С. Түссіз;

D. Қызы;

Е. Күлгін.

5. Индикатор дегеніміз:

А. Эквиваленттік нүктені анықтау үшін қажет зат;

В. Титрлеу үшін қажет зат;

С. Концентрациясы дәл табылған зат (титрант);

D. Фиксaнал;

Е. Жауабы С, D.

6. 5л ерітіндіде неше грамм H2SO4 бар, егер оның 25,00мл-не 22,00мл

0,095н КОН ерітіндісі жұмсалса:

А. 20,55г;

В. 20,97г;

С. 20,19г;

D. 19,16г;

Е. 20,48г.

7. 0,1М СН3СООН және 0,1М CH3COONa ерітінділерінен тұратын буфер ерітіндісінің рН-ын есепте (Кд = 1,82∙10-5):

А. 4,75;

В. 5,20;

С. 4,80;

D. 6,24;

Е. 3,20.

8. Қандай затты буфер ерітінділер деп атайды?

А. Реакцияны тоқтату үшін қолданылатын заттар;

В. Сутегі иондарының концентрациясы сұйытылғаннан, концентрленгенннен, аз мөлшерде қышқыл не сілті ерітіндісін қосқаннан өзгермейтін ерітінділер;

С. Коллоидты ерітінділер түзетін заттар;

D. Титрлеу кезінде түсін өзгертетін заттар;

Е. Жауабы А,В,С.

9. Егер 100мл суды титрлеуге 5,00 мл 0,009н НСI ерітіндісі жұмсалса,

карбонатты кермектік нешеге тең?

А. 3,89 мэкв/л;

В. 4,50 мэкв/л;

С. 5,05 мэкв/л;

D. 7,30 мэкв/л;

Е. 0,3 мэкв/л.

10. Мына заттар қоспасы буфер ерітінді болмайды:

А. NaOH+HCI;

B. CH3COOH+CH3COONa;

C. NH4CI+NH4OH;

D. Na2CO3+NaHCO3;

E. HCOOH+HCOONa.

11. 0,057моль/л аммиак және 0,1моль/л аммоний хлоридінен тұратын буфер ерітіндісінің рН-ы (Кd = 1,76∙10-5):

А. 0,05;

В. 7,20;

С. 9,00;

D. 5,00;

Е. 4,15.

12. Титриметриялық анализ негізінде:

А. Реакцияға кеткен дәл анықталған реагент ерітіндісінің көлемін дәл өлшеу;

В. Реагенттің әр компонентін анықтау;

С. Ерітінді түсінің қоюлығын анықтау;

D. Индикатор түсінің өзгеруі;

Е. Индикатордың өзгеру интервалын анықтау.

13. Титрлеу үшін қолданылатын ыдыс:

А. Цилиндр;

В. Бюретка;

С. Бюкс;

D. Таразы;

Е. Тамшуыр.

14. Егер сүттің қышқылдығы 17,50Т болса, сүт қышқылының СН3СНОНСООН проценттік концентрациясы қанша (%)?

А. 17,5;

В. 18,18;

С. 15,75;

D. 12,45;

Е. 11,26.

15. К2Cr2O7 ерітіндісінің титрі 0,0050г/мл. Осы заттың темір бойынша титрі (K2Cr2O7/Fe) қанша (мг/мл):

A. 0,548000;

B. 0,075000;

C. 0,005696;

D. 0,3402;

E. 0,056.

16. Индикатор түсінің өзгеру интервалы деп:

А. Индикатор түсі өзгерісі байқалатын рН мәнінің интервалы;

В. Эквивалент нүкте пайда болған кез;

С. Реакцияға қатысатын заттар;

D. Индикаторлық көрсеткіш мәні;

Е. Аналитикалық көрсеткіш мәні.

17. 0,0340г AgNO3 титрлеу үшін 20,00мл HCI ерітіндісі жұмсалса, THCI/Ag нешеге тең (г/мл):

А. 0,0085;

В. 0,0011077;

С. 0,200000;

D. 0,02;

Е. 0,0020.

18. 1л HNO3 ерітіндісінін дайындау үшін оның 0,2н ерітіндісінен 50мл алған болса, пайда болған ерітіндінің титрі нешеге тең (г/мл):

A. 0,004780;

B. 0,00063;

C. 0,0004516;

D. 0,056;

E. 0,0014.

19. Индикаторлық Δ H+ қатесін есептеу керек (титрлеу қатесін). Егер күшті қышқыл концентрациясы 0,1н көлемі 25,0 мл болса және ол 0,1н күшті негізбен титрлеген болса. Индикатор ретінде метилоранж алынған (рТ = 4) титрлеу рН = 4 аяқталады (%):

A. 2;

B. 0,5;

C. 0,2;

D. 0,1;

E. 0,6.

20. 0,5н H2SO4 ерітіндісін n(1/2H2SO4) = 0,1г/моль фиксаналынан

дайындау үшін қандай ыдыс алу керек?

А. Өлшегіш колба 50мл;

В. Өлшегіш колба 200мл;

C. Цилиндр 100мл;

D. Цилиндр 1000мл;

Е. Цилиндр 50мл.

21. Ерітінді титрі мен нормальді концентрациясы арасындағы

байланысты көрсететін формула:

A. Сн = T∙1000/MЭ

B. V1∙Сн 1 = V2∙Сн 2

C. T = q/V

D. pH = 14-pOH

E. pH + pOH = 14

22. Титрдің өлшем бірлігі:

А. г;

В. г/мл;

С. мл;

D. н/м2;

Е. кг.

23. Индикатор көрсеткіші рТ = 9. Эквиваленттік нүкте рН = 7 болады.

Күшті қышқылды күшті сілтімен титрлегенде мына

индикаторлық қате орын алады:

А. Сілтілік;

В. Қышқылдық;

С. Сутектік;

D. Гидроксильдік;

Е. Негіздік.

24. Титриметрия әдісіндегі негізгі теңдеу:

А. C(HCI) = C(NaOH);

B. m(HCI) = m(NaOH);

C. V1∙Сн1 = V2∙Сн2;

D. T = m/V;

E. C∙T = m∙T.

25. 0,1н тұз қышқылының титрі (г/мл):

А. 3,65∙10-3;

В. 3,65∙10-4;

С. 3,65;

D. 3,65∙10-2;

Е. 3,65∙10-1.

26. 20мл калий хлориді ерітіндісін титрлеуге 23,53мл 0,02н күміс нитратының ерітіндісі жұмсалған болса, калий хлориді ерітіндісінің нормальді концентрациясы (н):

А. 2,53∙10-2;

В. 0,0025;

С. 0,002;

D. 0,02;

Е. 0,253.

27. 20мл калий перманганаты ерітіндісіне 12,00 мл 0,05н қымыз қышқылының 2С2О4∙2Н2О) ерітіндісі жұмсалған болса, калий перманганатының нормальді концентрациясы қанша болады (н):

А. 0,2;

В. 0,1;

С. 0,04;

D. 0,03;

Е. 0,5.

28. 0,1н 250мл күміс нитратының ерітіндісін дайындау үшін алынған AgNO3 массасы (г):

А. 4,2475;

В. 2,6397;

С. 6,1174;

D. 1,2543;

Е. 2,1246.

29. 2,2500г калий дихроматының массасын 250мл өлшегіш колбада

суда ерітіп дайындаған, ерітінді титрі (г/мл):

А. 0,009;

В. 0,90;

С. 0,09;

D. 0,25;

Е. 0,22.

30. Мына комплекс қосылысындағы K4[Fe(CN)6] комплекс-түзгіш:

А. К+;

В. Fe2+;

C. Fe3+;

D. CN-;

E. [Fe(CN)6]4-.

31. Комплекс тұзындағы K[Ag(CN)2] координациялық сан:

А. 2;

В. 3;

С. 1;

D. 5;

Е. 4.

32. Титрлеу кезінде әрекеттесетін заттар эквивалентті болған жағдай:

А. Индикатор көрсеткіші;

В. Нейтралдау нүктесі;

С. Титрлеудің соңғы нүктесі;

D. Эквивалент нүкте;

Е. Титрлеудің алғашқы нүктесі.

33. Титриметрия әдісінің салыстырмалы қатесі (%):

А. 2;

В 0,1;

С. 5;

D. 3;

Е. 4.

34. Егер фенолфталеин үшін рТ=9 болса, индикатор түсі

өзгеретін интервал шамасы:

А. 9;

В. 4-6;

С. 8-10;

D. 8;

Е. 9-10.

35. Егер тимолкөк индикаторы үшін рТ= 8,9 болса, оның түсі

өзгеретін интервал шамасы:

А. 7,9-9,9;

В. 7,9-8,3;

С. 8,9-10,9;

D. 8;

Е. 9.

36. Бромтимолкөк индикаторының диссоцация константасы

K=1,5∙10-7 болса, оның түсі өзгеретін интервал:

А. 5,0-7,6;

В. 6,8-7,8;

С 7,9-8,9;

D. 8,9-9,9;

Е. 6,82.

37. Лакмус индикаторының рН = 5 болғандағы түсі:

А. Қызыл;

В. Жасыл;

С. Көк;

D. Күлгін;

Е. Түссіз.

38. Лакмус ерітіндісі рН-ы мына санға тең болғанда қызыл

түске боялады:

А. 7,8;

В. 8,8;

С. 11,2;

D. 3,5;

Е 8,3.

39. Лакмус ерітіндісі рН-ы мына санға тең болғанда көк

түске боялады:

А. 7,8;

В. 2,2;

С. 3,5;

D. 4,8;

Е. 5,7.

40. Фенолфталеин ерітіндісі рН-ы мына санға тең болғанда

қызыл түске боялады:

А. 3,0;

В. 4,5;

С. 5,5;

D. 10,4;

Е. 1,2.

41. Фенолфталеин ерітіндісі рН-ы мына санға тең болғанда

түссіз болады:

А. 3,5;

В. 7,8;

С. 8,8;

D. 12,0;

Е. 9,8.

42. Калий перманганаты ерітіндісінің титрін анықтайтын ерітінді:

А. Тұз қышқылы;

В. Күкірт қышқылы;

С. Азот қышқылы;

D. Қымыз қышқылы;

Е. Фосфор қышқылы.

43. Калий перманганатының қышқыл ортада эквивалент

массасын былай анықтайды:

А. M/1;

В. M/2;

С. M/3;

D. M/4;

Е. M/5.

44. Мына ортада калий перманганатының тотықтырғыштық

қасиеті жоғары:

А. Қышқыл;

В. Сілті;

С. Негіздік;

D. Нейтрал;

Е. Әлсіз сілтілік.

45. Перманганатометрия әдісінде жұмысшы ерітінді ретінде қолдалады:

А. Натрий сульфаты;

В. Азот қышқылы;

С. Күкірт қышқылы;

D. Тұз қышқылы;

Е. Калий перманганатының ерітіндісі.

46. Титрант ретінде қышқыл қолданылса, титриметрлік әдіс

былай аталады:

А. Алкалиметрия;

В. Ацидиметрия;

С. Комплексонометрия;

D. Перманганатометрия;

Е. Иодометрия.

47. Титрант ретінде сілті қолданылса, титриметриялық әдіс

былай аталады:

А. Алкалиметрия;

В. Ацидиметрия;

С. Иодометрия;

D. Комплексонометрия;

Е. Перманганатометрия.

48. Металл катиондарын комплексонометриялық трилон Б

реактивімен титрлеу мына ортада жүреді:

А. Сілтілік;

В. Қышқылдық;

С. Нейтрал;

D. Аммоний буфері қатысында;

Е. Ацетат қатысында.

49. Судың кермектігі мына иондар қатысы әсерінен болады:

А. Кальций және натрий катиондары;

В. Кальций және магний катиондары;

С. Натрий және калий катиондары;

D. Калий және кальций катиондары;

Е. Барий катиондары.

50. Су кермектігінің өлшем бірлігі:

А. Градус;

В. Моль;

С. Моль/л;

D. Ммоль/л;

Е. Г/л.

51. Кальций катионын трилон Б ерітіндісімен титрлегендегі

оның эквивалент массасы (г/моль):

А. 4,5;

В. 20,04;

С. 5,05;

D. 40,08;

Е. 12,15.

53. Магний катионын трилон Б ерітіндісімен титрлегендігі

оның эквивалент массасы (г/моль):

А. 12,16;

В. 24,32;

С. 4,40;

D. 36,48;

Е. 28,68.

54. 0,1М НСООН және 0,1М НСООNa ерітінділерінен тұратын

буфер ерітіндісінің рН-ын есептеу керек (Кd = 1,5∙10-4):

А. 3,45;

В. 5,20;

С. 9,80;

D. 6,24;

Е. 3,20.