ГРАВИМЕТРИЯ ТАҚЫРЫБЫНА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ


1. Тигель массасы 8г. Егер оны техникалық таразыда өлшесе,

қалай жазу керек?

А. 8,000г;

В. 8,00г;

С. 0,8г;

D. 8,0000г;

Е. 0,08г.

2. Бюкс массасы 11г. Егер бюкс аналитикалық таразыда

өлшенсе, оның массасы былай жазылады:

А. 0,11 г;

В. 11,0000 г;

С. 11,00 г;

D. 11,0 г;

Е. 11,000 г.

3. Гравиметриялық анализ әдісінің негізі неде?

А. Реакцияға кететін реагент ерітіндісінің көлемі өлшенеді;

В. Анықталатын элемент мөлшері реакция нәтижесінде түзілген зат массасы арқылы табылады;

С. Реагент ерітіндісінің массасы өлшенеді;

D. Жауабы А, В, С;

Е. Жауабы А, С.

4. Анализдің дұрыс мәні:

А. Параллель анықталған нәтижелер

В. Алынған мәннің шын мәнге жақындығы

С. Алынған нәтижелердің айырмашылығы

D. Орташа шама

Е. Дұрыс жауабы А, В.

5. 100СMg(OH)2 ерігіштігі 1,7∙10-4моль/л, осы температурадағы Mg(OH)2 ерігіштік көбейтіндісін (EK) есептеу керек:

А. 1,86∙10-11;

В. 2∙10-8;

С. 1,7∙10-6;

D. 1,7∙10-4;

Е. 1,6∙10-3;

6. Барий ионын барий сульфаты ретінде анықтау үшін барий хлориді кристаллогидратынан алатын үлгі массасы (г):

А. 0,15;

В. 0,52;

С. 1,5;

D. Мөлшермен.

Е. 2,5 г.

7. Тұнбаның толық түсуіне мына фактор әсер етеді:

А. Тұнбаға түсетін ерітінді мөлшері;

В. Ерітінді рН-ы;

С. Тұнбаға түсетін қосылыстың ерігіштігі;

D. Ерітінді температурасы;

Е. Осы көрсетілген барлық факторлар.

8. Анализ үшін тұнбаға түсіретін ерітіндіден алынатын көлем:

А. Эквивалентті;

В. Мөлшерлеп;

С. Артық мөлшерін;

D. 1,5 есе артық;

Е. 3 есе артық.

9. Тұнбаға түсіретін ерітіндіге қойылатын талаптар:

А. Ол ұшатын болуы керек;

В. Ол нашар еритін тұнба түсіруі керек;

С. Ол керек кристаллды тұнбаға түсіруі қажет;

D. Оның 1,5 есе артық мөлшері тұнбаның түсуіне жеткілікті;

Е. Осы көрсетілген факторлардың барлығына жауап беруі керек.

10. Барий сульфаты ретінде ерітіндідегі барийді тұнбаға түсіру үшін қажет тұнбаға түсіруші ерітінді:

А. Натрий сульфаты;

В. Күкірт қышқылы;

С. Аммоний сульфаты;

D. Калий сульфаты;

Е. Осы көрсетілген ерітінділердің кез келгені.

11. Кальций сульфатының ерігіштігі 2г/л болса, оның ЕК мәні:

А. 2,15∙10-4;

В. 3,64∙10-5;

С. 4∙10-2;

D. 1,4∙10-2;

Е. 8,3∙10-7.

12. Барий сульфатының таза судағы молярлы ерігіштігі (моль/л),

егер ЕК = 1,1∙10-10болса:

А. 1,05∙10-5;

В. 1,1∙10-8;

С. 5,5∙10-11;

D. 4,5∙10-8;

Е. 2,2∙10-6.

13. Күміс хроматының таза судағы молярлы ерігіштігі (моль/л), егер

ЕК = 2∙10-12

А. 1,4∙10-6;

В. 1,26∙10-4;

С. 7,9∙10-5;

D. 3,95∙10-5;

Е. 4,3∙10-8.

14. Аналитикалық көбейткіш деген:

А. Анықталған зат массасының гравиметриялық түрінің массасына қатынасы;

В. Гравиметриялық түрі массасының анықталатын зат массасына қатынасы;

С. Гравиметриялық түрі молярлық массасының анықталатын заттың молярлық массасына қатынасы;

D. Анықталатын заттың молярлық массасының гравиметриялық түрінің молярлық массасына қатынасы;

Е. Гравиметриялық түрі массасының тұнбаға түскен түрі массасына қатынасы.

15. Гравиметрия әдісімен барийді барий сульфаты ретінде тұнбаға түсіріп, анықтаған.Аналитикалық көбейткіш мәні:

А. 0,5879;

В. 1,698;

С. 1,177;

D. 0,2493;

Е. 0,3116.

16.Темір(III) оксидінен темірді анықтау үшін аналитикалық көбейткіш:

А. 1,39;

В. 0,70;

С. 0,36;

D. 0,24;

Е. 3,25.

17. Егер темірдің анықталған дәл мәні 0,2000г болса, анализ нәтижесінде табылған массасы 0,2050г болса, онда салыстырмалы қате:

А. 0,005%;

В. 0,5%;

С. 2,5%;

D. 1,025%;

Е. 0,25%.

18. Аз еритін электролиттің ерігіштік көбейтіндісі мына

факторларға тәуелді:

А. Температураға;

В. Заттың табиғатына;

С. Концентрацияға;

D. Температураға, заттың табиғатына;

Е. Қысымға.

19. Кристаллды тұнба түзілу үшін қажет жағдайлар:

А. Ыстық сұйытылған ерітінділерден біртіндеп тұнба түсіру керек;

В. Ыстық сұйытылған ерітіндіден тез тұнба түсіру керек;

С. Суық сұйытылған ерітіндіден біртіндеп тұнбаға түсіру керек;

D. Суық концентрлі ерітіндіден біртіндеп тұнбаға түсіру керек;

Е. Осы көрсетілген жағдайлардың барлығы.

20. Аморфты тұнба түзілу үшін қажет жағдайлар:

А. Ыстық концентрлі ерітіндіден баяу тұнбаға түсіру керек;

В. Суық концентрлі ерітіндіден баяу тұнбаға түсіру керек;

С. Ыстық концентрлі ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек;

D. Суық концентрлі ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек;

Е. Суық сұйық ерітіндіден баяу тұнбаға түсіру керек.

21. Ұсақ кристаллды тұнбаны фильтрлеуге қолданылатын фильтр:

А. Кәдімгі фильтр, ақ лента;

В. Күлсіз лента, көк фильтр;

С. Күлсіз фильтр, қызыл лента;

D. Кәдімгі фильтр, қызыл лента;

Е. Күлсіз фильтр, ақ лента.

22. Барий сульфаты тұнбасын жуу үшін суға мына реагентті қосу керек:

А. Хлорлы сутек қышқылы;

В. Аммоний хлоридін;

С. Натрий сульфатын;

D. Күкірт қышқылын;

Е. Тек дистильденген сумен.

23. Декантация деген:

А. Тұнбаның үстіндегі сұйықты шыны таяқша бойымен

ақырындап төгу;

В. Жуу процесі;

С. Тұнбаға түсіру процесі;

D. Қайта тұнбаға түсіру процесі;

Е. Фильтрлеу процесі.

24. Есептеу факторлары (аналитикалық көбейткіш) дегеніміз:

А. Анықталатын заттың молекулалық массасының тұнбаға түскен заттың молекулалық массасына қатынасы;

В. Үлгі (сынама) массасының көлеміне қатынасы;

С. Заттың иондарының концентрациясының көбейтіндісінің оның молекуласының концентрациясына қатынасы;

D. Диссоциацияға түскен молекулалар;

Е. Индикатор түсі өзгеретін аралық.

25. Мына көрсетілген тұздардың қайсысы кальцийді анықтауға

көбірек тиімді?

А. CaSO4 (EK = 2,37∙10-5);

B. CaCO3 (EK = 4,8∙10-9);

C. CaC2O4(EK = 5,2∙10-10);

D. Ca(NO3)2 ;

E. CaCI2.

26. 0,1г СаС2О4 тұнбасын 200мл сумен жуғанда еру салдарынан

қанша СаС2О4 жоғалады (ЕКСаС2О4 = 2,3∙10-9), (%):

А. 2,4;

В. 1,2;

С. 1,4;

D. 2,0;

Е. 1,5.

27. Анализденетін ерітінді құрамындағы темірді бөлінген Fe2O3

массасы арқылы анықтаса, аналитикалық фактор (F) нешеге тең?

А. 0,6994;

В. 0,9056;

С. 0,1873;

Д. 0,2645;

Е. 0,7245.

28. AgCI үшін ерігіштік көбейтіндісін (ЕК) есептеу керек, егер оның

250С суда ерігіштігі 0,0018г/л болса.

A. 1,56∙10-10;

B. 6,71∙10-8;

C. 4,83∙10-17;

D. 6,10∙10-15;

E. 4,21∙10-5.

29. Сандық анализ әдістері былай бөлінеді:

А. Химиялық;

В. Физикалық;

С. Физика-химиялық;

D. 1 және 3 пункттерде көрсетілген әдістерге;

Е. 1,2,3 пункттерде көрсетілген әдістерге.

30. Химиялық анализ әдісіне жатады:

А. Гравиметриялық;

В. Титриметриялық;

С. Фотометриялық;

D. Хроматографиялық;

Е. 1, 2 пункттердегі әдістер.

31. Гравиметриялық анализ негізіне мына заңдар жатады:

А. Құрам тұрақтылық заңы;

В. Масса сақталу заңы;

С. Эквиваленттер заңы;

D. Әрекеттесуші массалар заңы;

Е. Зоғарыда көрсетілген барлық заңдар.

32. Таразының сезімталдығы дегеніміз:

А. 1мг жүк қосқанда тепе-теңдікте тұрған таразы нүктесінің

ауытқыған бөліктері мәні;

В. таразы бөліктері арасындағы айырмашылығы;

С. екі қосылған жүк тепе-теңдігі;

D. вайтографта көрсетілген мән;

Е. таразы нүктесінің температураға тәуелділігі.

33. Аналитикалық таразының дәлдігі:

А. 0,0002;

В. 0,02;

С. 0,002;

D. 0,2;

Е. 0,01.

34. Мына тұз кальцийді анықтағанда тұнбаға түсіретін

түрі (формасы) болады:

А. CaSO4 (EK = 2,37∙10-5);

B. CaCO3 (EK = 4,8∙10-9);

C. CaF2 (EK = 4∙10-6);

D. CaCrO4 (EK = 7,1∙10-4);

E. CaCI2.

35. Кальций оксалатының (CaC2O4) ерігіштік көбейтіндісі

2,57∙10-9 болса, оның ерігіштігі (моль/л):

А. 4,02∙10-3;

В. 5,07∙10-3;

С. 5,07∙10-9;

D. 5,07∙10-5;

Е. 4,5∙10-3.

36. Аналитикалық химияның алдында тұрған мәселелерді

шешетін әдістер:

А. Химиялық;

В. Физикалық;

С. Физика-химиялық;

D. Осы көрсетілген әдістердің бәрі;

Е. Жауабы А және С.

1. Барий сульфатының таза судағы молярлы ерігіштігі

(ЕК = 1,1∙10-10), моль/л:

А. 1,05∙10-5;

В. 1,1∙10-4;

С. 5,5∙10-11;

D. 5,5∙10-3;

Е. 1,1∙10-6.

38. Анализ кезінде тұнбаға түсіруге қажет ерітіндіден алынатын көлем:

А. Эквивалентті;

В. Кез келген көлем;

С. Бір жарым есе артық алады;

D. 3 есе артық алады;

Е. 5 есе артық алады.

39. Барий ионының массасын барий сульфаты ретінде тұнбаға түсіріп анықтау үшін алынатын барий хлоридінің массасы (г):

А. 0,10;

В. 0,52;

С. 1-1,5;

D. Кез келген мөлшерде;

Е. 0,30.

40. Ерітіндідегі барий ионын BaSO4 тұнбасына түсіру үшін

алынатын ерітінді:

А. Натрий сульфаты;

В. Калий сульфаты;

С. Күкірт қышқылы;

D. Аммоний сульфаты;

Е. Осы тұздардың барлығында алуға болады.

41. BaSO4 тұнбасын фильтрлеуге қажет фильтр қағазы:

A. «Ақ лента»;

B. «Көк лента»;

C. «Қызыл лента»;

D. «Сары лента»;

E. «Жасыл лента».

42. Барий хлоридінің кристаллогидраты (BaCI2∙2H2O) құрамындағы судың массалық үлесі (%):

А. 14,75;

В. 36,12;

С. 56,25;

D. 11,02;

Е. 47,18.

43. Кристалды тұнба түзілу үшін мына жағдай жасалуы керек:

А. Сұйытылған ыстық ерітіндіден жайлап тұнбаға түсіру керек;

В. Сұйытылған ыстық ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек;

С. Суық сұйытылған ерітіндіден жайлап тұнбаға түсіру керек;

D. Суық сұйытылған ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек;

Е. Ыстық концентрлі ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек.

44. Барий сульфаты тұнбасын жуғанда тұнбаны жуатын сұйыққа

мына затты қосады:

А. Хлорлы сутек қышқылын;

В. Аммоний хлоридін;

С. Натрий хлоридін;

D. Натрий сульфатын;

Е. Күкірт қышқылын.

45. Декантация деген:

А. Тұнбаны жуу процесі

В. Тұнбаға түсіру процесі

С. Қайта тұнбаға түсіру процесі

D. Тұнба бетіндегі сұйықты шыны таяқша бойымен жайлап төгу процесі;

Е. тұнбаны еріту процесі

46. Күміс хроматының таза судағы молярлы ерігіштігі

ЕК=2∙10-12,моль/л:

А. 1,41∙10-6;

В. 1,26∙10-4;

С. 7,92∙10-5;

D. 3,95∙10-5;

Е. 4,33∙10-8.