ПОТЕНЦИОМЕТРИЯ, КОНДУКТОМЕТРИЯ, АМПЕРОМЕТРИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫНА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ


1. Платинадан жасалған электрод мына жағдайда индикаторлық электрод болады:

А. Нейтралдау(бейтараптау) реакциясында;

В. Тұнбаға түсіру реакциясында;

С. Тотығу-тотықсыздану реакциясында;

D. Комплекс түзу реакциясында;

Е. Дұрыс жауабы A,B.

1. Меншікті және эквивалентті электрөткізгіштік арасындағы

байланыс:

А. A = 1/W ;

B. A = l∙C;

C. l = 1000∙ϰ/C;

D. l = W;

E. A = l.

3. Құрамында 20мл (305г/л) натрий хлориді бар анализденетін ерітіндінің 5мл-ін потенциометриялық титрлеуге эквивалент нүктесінде 0,1н 10,5 мл HCI жұмсалады. Анализденетін ерітіндіде қанша (г/л) натрий гидроксиді бар?

А. 84,0;

В. 8,4;

С. 0,21;

D. 0,84;

Е. 2,40.

2. Нейтралдау әдісі бойынша потенциометрлік титрлеуде

қолданылатын электродтар:

А. Платина;

В. Хлор-күміс;

С. Шыны;

D. Күміс;

Е. Алтын.

5. Йодид-, бромид-, хлорид иондары қоспасын күміс нитраты ерітіндісімен (күміс электрод) потенциометрлік титрлегенде алынатын қисықтың түрі:

А. Потенциал азаяды, қисықта иодид-, бромид-, хлорид- иондарына сәйкес бір секіріс болады;

В. Потенциал артады, қисықта иодид-, бромид-, хлорид- иондарына сәйкес үш секіріс болады;

С. Потенциал азаяды, қисықта бір секіріс болады;

D. Потенциал артады, қисықта бір секіріс болады;

Е. Дұрыс жауабы жоқ.

6. Мына электрод тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш болады:

А. Cu/Cu2+;

В. Ag/AgBr;

C. (Pt)Ti3+/Ti2+;

D. Шыны;

Е. Дұрыс жауабы А, С.

7. II ретті электрод:

А. Co3+,Co2+/Pt;

B. H+,MnO4-,Mn2+/Pt;

C. I2,2I-/Pt;

D. Hg,HgSO4/H2SO4;

E. Дұрыс жауабы С, D.

8. 20,00мл күміс нитратын потенциометрлік титрлеуге 21,64мл 0,05н натрий хлориді жұмсалса, 1литр ерітіндіде неше грамм күміс болғанын анықтау қажет:

А. 0,116;

В. 116,2;

С. 0,0058;

D. 5,81;

Е. 0,10.

9. Темір мен марганецтің сутектік электродқа қатысты стандартты потенциалы 0,77В және 1,52В болса, олардың қаныққан каломель электродына қатысты тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтау керек (E0Hg/HgCI = 0,2415B):

А. 0,52В және 1,27В;

В. 1,02В және 1,77В;

С. 0,52В және 1,77В;

D. 1,02В және 1,27В;

Е. 1,77В және 1,27В.

10. Техникалық натрий гидроксидінің 0,3251 грамын 100мл өлшегіш колбада еріткенде, оның 25,00мл ерітіндісін потенциометрлік титрлеуге 18,80мл 0,1н HCI жұмсалған. Үлгідегі натрий гидроксидінің процентті мөлшерін анықтау қажет:

А. 90,05;

В. 88,59;

С. 92,52;

D. 8,59;

Е. 9,01.

11. Индикатор қатысында амперометриялық титрлеудің артықшылығы:

А. Титрлеу дәлірек болады;

В. Артықшылығы жоқ;

С. Оңырақ потенциалда титрленеді;

D. Терісірек потенциалда титрленеді;

Е. Дұрыс жауабы А, В.

12. Жарты толқын потенциалы неге тәуелді?

А. Тотықсызданатын ион концентрациясына;

В. Тотықсызданатын ион табиғатына;

С. Индиферентті ерітінді концентрациясына;

D. Электрод табиғатына;

Е. Дұрыс жауабы А, В, С.

13. Тотықсызданатын ионның валенттілігін қалай анықтайды?

А. I = 605D1/2∙m2/3∙t1/6∙c теңдеуі бойынша;

B. I = 605D1/2∙m2/3 теңдеуі бойынша;

C. lgI/Id-E тәуелділігі қисығының тангенсіне кері мән бойынша;

D. lgId/I-E тәуелділігі қисығының тангенсіне кері мән бойынша;

E. Дұрыс жауабы С, Е.

14. Полярографияны және амперометриялық титрлеуді неге индиферентті фон-электролит қатысында жүргізеді?

А. Сутегінің толқынын жоғалту үшін;

В. I ретті максимумді жоғалту үшін;

С. Миграциялық толқынды жоғалту үшін;

D. Қайталанатын поляризациялық қисық алу үшін;

Е. Дұрыс жауабы А, В.

15. I ретті өткізгіш:

А. Электролиттер ерітіндісі;

В. Металдар;

С. Газдар;

D. Электрондар;

Е. Қышқылдар.

16. Ерітіндінің электрөткізгіштігін көрсететін теңдеу:

А. W = 1/R;

В. W = pl/S;

С. W = l/p∙l/S;

D. R = S/l;

Е. Дұрыс жауабы А, С.

17. 0,1М KMnO4 және 0,1М MnSO4 ерітінділері қоспасының

MnO4-/Mn2+жүйесі үшін тепе-теңдік потенциалын есептеу керек (В)

E0 = + 1,51B:

A. 1,51;

B. 1,42;

C. 2,35;

D. 2,11;

E . 0,52.

18. Жүйенің редокс-потенциалы тәуелді болады:

A. Тотығу-тотықсыздану реакциясына;

B. Редокс концентрациялары мен реакция ортасына;

C. Индикаторларға;

D. Реагент табиғатына;

E. Еріткіш табиғатына.

19. Мына ерітінділерде екі заттың да концентрациясын кондуктометриялық титрлеп анықтайды:

А. HCI + HCOOH;

B. HCI + H2SO4;

C. HCI + HNO3;

D. NaOH + KOH;

E KOH + LiOH.

20. Ерітіндінің рН-ын өлшеу үшін мына электродтық жұпты алады:

А. Pt/ зерттелетін ерітінді //KCI, AgCI,Ag;

B. Шыны электрод /зерттелетін ерітінді//KCI,Hg2CI2,Hg;

C. Ag/зерттелетін ерітінді//KCI,Hg2CI2,Hg;

D. Pt/зерттелетін ерітінді//W;

E. Дұрыс жауабы А, С.

21. Полярографиялық анализ әдісі неге негізделген?

А. Электродтық потенциалдарды өлшеуге;

В. Электродтардың поляризациялану құбылысына, яғни берілген кернеу әсеріне ұяшық арқылы өткен ток күшінің тәуелділігін зерттеуге;

С. Ерітінді электрөткізгіштігінің құрамына тәуелділігіне;

D. Ерітіндінің кедергісін өлшеуге;

Е. Осы көрсетілгендердің барлығына.

22. Илькович теңдеуі:

А. I = 605 nD1/2∙m2/3τ1/6∙Cm;

B. Id = nD1/2∙m2/3τ1/6∙Cm;

C. Id = nD1/2∙m∙τ∙C;

D. I = 605 D1/2∙m2/3τ1/6∙C;

Е. дұрыс жауабы А, С.

23. Поляризациялық қисықтар деген:

А. Ток күші-кернеу тәуелділігінің қисығы;

В. Ток күші-кедергі тәуелділігінің қисығы;

С. Кедергі-көлем тәуелділігінің қисығы;

D. lg I/Id-E тәуелділігінің қисығы;

Е. Дұрыс жауабы С, D.

24. Ерітінді кедергісін көрсететін теңдеу:

А. R = rl/S;

B. R = 1/W;

C. R = l/S∙r;

D. R = S/l;

Е. Дұрыс жауабы А, С.

25. 0,01М KMnO4 және 0,01М MnSO4 бар ерітіндіде MnO4-/Mn2+жүйесі үшін тепе-теңдік потенциалын есептеу керек(В):

A. 1,51;

B. 1,42;

C. 2,35;

D. 2,11;

E. 0,52.

26. Жүйенің редокс-потенциалы тәуелді болады:

A. Тотығу-тотықсыздану реакциясына;

B. Редокс концентрациялары мен реакция ортасына;

C. Индикаторларға;

D. Электродтарда;

E. Ерітінді концентрациясы.

26. Сульфат-ионын анықтау үшін барий хлориді ерітіндісімен титрлеп, тұнба алу керек: SO42-+BaCI2àBaSO4 +2CI-.

Зерттелетін ерітіндіде қанша сульфат-ионы бар екенін анықтау керек, егер кондуктометриялық титрлеуге 0,2н 2,8мл барий хлоридінің ерітіндісі жұмсалған болса:

А. 0,0280 г/мл;

В. 0,0795 г/мл;

С. 0,0536 г/мл;

D. 0,0397 г/мл;

Е. 0,0367 г/мл.

28. Кондуктометриялық өлшеу жүргізу үшін қолданылатын құрал:

А. Уитстон көпіршесі;

В. Фотоэлемент;

С. Монохроматор;

D. Призма;

Е. Детектор.

29. Кондуктометриялық титрлеу әдісінде эквивалент нүктені анықтау үшін:

А. Ерітіндінің электр өткізгіштігін өлшейді;

В. Ерітіндінің жарық жұтуын өлшейді;

С. Ток күшінің өзгеруін өлшейді;

D. Потенциал мәнінің өзгеруін өлшейді;

Е. Полярограмма алады.

30. Кондуктометриялық анализ әдісінің негізі:

А. Тоқтың өзгеруін өлшеу;

В. Ерітіндінің электрөткізгіштігін өлшеу;

С. Потенциал өзгерісін өлшеу;

D. Концентрация өзгеруін өлшеу;

Е. Оптикалық тығыздықты өлшеу.

31. Мына ерітіндідегі екі компоненттің де концентрацияларын натрий гидроксиді ерітіндісімен кондуктометриялық титрлеу арқылы анықтауға болады:

А. HCI + H2SO4;

B. HNO3 + HCI;

C. HNO3 + H2SO4;

D. HCI + H3ВO3;

E. H2SO4 + Na2SO4.

32. HCI ерітіндісімен кондуктометриялық титрлеу арқылы мына ерітінділерден екі компонентті де анықтауға болады:

А. NaOH + NH4OH;

B. KOH + NaOH;

C. KOH + Ba(OH)2;

D. NaOH + NaCI;

E. KCI + KOH.

33. Потенциометриялық әдіс негізі:

А. Электр қозғаушы күшті өлшеу;

В. Токтың өзгерісін өлшеу;

С. Ерітіндінің электрөткізгіштігін өлшеу;

D. Меншікті электрөткізгіштікті өлшеу;

Е. Полярограмма алу.

34. Тура потенциометрия мына теңдеуді қолдануға негізделген:

А. Бер теңдеуін;

В. Бугер теңдеуін;

С. Ламберт теңдеуін;

D. Нернст теңдеуін;

Е. Бугер-Бер-Ламберт теңдеуін.

35. Потенциометриялық титрлеу әдісінде эквивалент нүктені табу үшін:

А. Ток өзгерісін өлшейді;

В. Потенциал өзгерісін өлшейді;

С. Электрөткізгіштікті өлшейді;

D. Оптикалық тығыздықты өлшейді;

Е. Полярограмма алады.

36. Потенциометриялық анализ жүргізу үшін:

А. Уитстон көпіршесі қолданылады;

В. Гальваникалық элемент жинайды;

С. Оптикалық тығыздықты өлшейді;

D. Монохроматор қолданылады;

Е. Фотоэлемент қолданылады.

37. Индикатор электродының потенциалы:

А. Анықталатын ион концентрациясына тәуелді;

В. Тұрақты болады;

С. Анықталатын ион концентрациясына тәуелді емес;

D. Оптикалық тығыздыққа тәуелді;

Е. Электрөткізгіштікке кері пропорционал.

38. Потенциометриялық титрлеу кезінде эквивалент нүктені табу үшін дифференциалды қисықты мына координатада құрады:

А. E-V;

B. V-E;

C. DE/DV-V;

D. A-C;

E. pH-V.

39. Электрохимиялық анализ:

А. Газды анализ;

В. Фотометрия;

С. Титриметрия;

D. Гравиметрия;

Е. Потенциометрия.

40. Электрохимиялық анализ:

А. Гравиметрия;

В. Кондуктометрия;

С. Титриметрия;

D. Комплексонометрия;

Е. Фотометрия.