ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


АНАЛИТИКАЛЫҚ ТАРАЗЫ. КӨЛЕМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН ЫДЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

КОНЦЕНТРАЦИЯЛАРЫ БЕЛГІЛІ ЕРІТІНДІЛЕР ДАЙЫНДАУ

Сабақтың мақсаты: техникалық және аналитикалық таразыда үлгі алуды үйрену. Өлшегіш ыдыстармен танысу және олармен жұмыс орындауға үйрену.

Жұмысқа байланысты сұрақтар:

1. Анализ жасауға алынатын заттарды бірден аналитикалық таразыда өлшеуге бола ма?

2. Өлшеу дәлдігі қанша?

3. Вайтограф деген не?

4. Оныншы және жүзінші заттардың үлесін қалай алады?

5. Миллиграмдық гирдің орнына не қолданылады?

6. Егер таразының ноль нүктесі аздап ауытқыған болса, оны қалай орнына келтіреді?

7. Таразының есігі өлшегенде ашық бола ма, әлде жабық болуы керек пе?

8. Таразының үстіне басқа заттар қоюға бола ма, оны орнынан қозғауға бола ма? Қолыңды таразы үстіне қойып, тіреніп тұруға бола ма?

9. Арретирді қалай көтеріп, түсіру керек?

10. Вайтографтағы (+) және () белгілері гирге қатысты ма, әлде алынатын заттың салмағына байланысты ма?

11. Гирлермен қалай жұмыс істеу керек? Аналитикалық таразыда өлшеу ережелерін оқып үйренген соң, өлшеу әдісіне бірнеше жаттығулар жасау керек.