ТИТРИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ


ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ТИТРЛЕУ. ПРОТОЛИТОМЕТРИЯ

Қышқыл-негіздік титрлеу (бейтараптау) әдісі көптеген бейорганикалық, органикалық химиялық қосылыстарды, тамақ өнімдерін (сүт, нан қышқылдығын) және фармпрепараттарды анализдеуге кеңінен қолданылады. Бұл тәсілмен су және су емес ерітінділерде қышқылдық немесе негіздік қасиет көрсететін қосылыстарды анықтайды.

Бұл әдіспен күшті қышқылдар мен негіздерді, әлсіз қышқылдар мен негіздерді, әлсіз негіздің тұздары мен әлсіз қышқылдардың тұздарын, қышқыл немесе негіздік тұздарды, органикалық қосылыстарды (карбон қышқылдары мен олардың тұздарын, қышқылдар ангидридтерін, аминдерді) титрлейді. Сонымен, бұл әдіспен көптеген қосылыстарды тез және жоғары дәлдікпен (салыстырмалы қатесі 0,1-0,2 %) анықтайды.