НАТРИЙ ГИДРОКСИДІ МЕН КАРБОНАТЫН БІР ЕРІТІНДІДЕН АНЫҚТАУ


ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР

1. Натрий гидроксиді мен карбонатын не себептен бір ерітіндіден анықтайтын жағдай туады?

2. Бірінші және екінші эквиваленттік нүктедегі рН мәнін есептендер. Титрлеуге қандай индикаторлар қолданылады?

3. Титрлеу кезінде жүретін реакциялар тендеулерін жазыңдар.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. Бюретканы жақсылап жуып, дистильденген сумен шайып, тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен 1-2 рет шайып, осы ерітіндімен толтырыңдар.

2. Титрлейтін колбаға 10,00 см3 тексерілетін ерітіндіні тамшуырмен алыңдар. Тамшуырды алдын ала ерітіндімен 1-2 рет шайқаңдар.

3. Басқа осы сияқты титрлейтін колбада салыстыруға арналған ерітіндіні дайындаңдар. Ол үшін 20,00см3 дистилденген суды цилиндрмен өлшеп алыңдар, оған 1-2 тамшы метилоранж құйыңдар. Ерітінді түсі сары болады.

4. Тексерілуге арналған ерітіндіні құйған колбаға 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, тұз қышқылымен ерітінді қызыл түстен түссізденгенге дейін титрлейді. Нәтижесін (V1) жазыңдар.

5. Бұл колбаға енді 1-2 тамшы метилоранж тамызыңдар да (ерітінді сары түске боялады) тұз қышқылымен титрлеуді ары қарай жүргізіңдер. Ерітінді түсі қызыл түске боялады. Нәтижесін (V11) жазыңдар.

6. Титрлеуді 3 реттен жасап, әр индикатор үшін орташа тұз қышқылының көлемін табыңдар: V1орта= V11+ V21 + V31/3; V11орта= V111+ V211 + V311/3.

7. Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек:

Натрий гидроксидінің нормальды концентрациясы:

NNaOH = NHCl × V1 HClорта /Vтексеретін ерітінді

Натрий гидроксидінің титрі, г/мл _____________

Натрий карбонатының нормальды концентрациясы: NNa2CO3 = NHCl × V11 НСІорта /Vтексеретін ерітінді

Натрий карбонатының титрі, г/мл _______________ .