АЛКАЛИМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ. НАТРИЙ ГИДРОКСИДІНІҢ НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ МЕН ТИТРІН ҚЫМЫЗДЫҚ ҚЫШҚЫЛЫ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ


ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР

1. Сілтінің ертіндісін дайындағанда оны неге карбонаттың (Na2CO3) қосындысынан тазалау керек?

2. Натрий гидроксидін қымыз қышқылы арқылы титрлегенде жүретін реакция тендеуін жазыңдар. Қымыздық қышқылы 2С2О42О) мен натрий гидроксидінің эквиваленттік массалары неше тең ?

3.Титрлеу үшін неге индикатор ретінде фенолфталеин алынады?

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. Көлемі 100 мл (250 мл) болатын колбада 0,1н қымыздық қышқылын дайындау үшін оның қанша мөлшерін алу керек екенін есептеп шығарыңдар.

Техникалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г ___________.

Аналитикалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г __________.

Техникалық таразыда өлшенген бюкстегі қымыздық қышқылының

массасы, г _____________.

Аналитикалық таразыда өлшенген бюкстегі қымыздық қышқылының массасы, г _____________.

Үлгі массасы, г _________.

2. Қымыздық қышқылын құрғақ воронка арқылы көлемі белгілі колбаға (100мл не 250мл) толық түрде салыңдар. Дистильденген сумен бюксті де, воронканы да бірнеше рет жуып, колбаға құйыңдар. Колбаның белгіленген жеріне дейін дистильденген сумен қымыздық қышқылы ерітіндісінің көлемін жеткізіңдер.

3. Колбаның аузын жақсылап тығындап, колбаны бір-екі рет төңкеріп, ерітіндіні жақсылап араластырыңдар.

4. Бюретканы натрий гидроксиді ерітіндісімен шайып, осы ерітіндімен толтырыңдар.

5. Титрлейтін колбаға 10,00см3 қымыздық қышқылының ерітіндісін тамшуырмен құйыңдар. Тамшуырды осы қышқылмен алдын ала шайып алу керек. 1-2 тамшы индикатор фенолфталеин құйыңдар.

6. 30 секунд уақытта өзгермейтіндей қызыл түске дейін титрлеуді 3 рет жүргізу керек.

V1 = ; V2 = ; V3= .

Vорта = V1+ V2 + V3 /3.

7. Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек:

Қымыздық қышқылының массасы, г__________.

Қымыздық қышқылының титрі, г/мл __________.

Қымыздық қышқылының нормальды концентрациясы, _______

Натрий гидроксидінің нормальды концентрациясы, ______

Натрий гидроксидінің титрі, г/мл ___________