НАННЫҢ ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ


Нанның қышқылдығы оның ашуының әсерінен болады. Нан ашыған кезде сүт қышқылы (СН3СНОНСООН), аз мөлшерде сірке қышқылы

(СН3СООН), пропан, май қышқылдары түзіледі.

Жоғары сортты ұннан жасалған нан үшін қышқылдық мөлшері 2-30Т; 1 сорт ұны үшін 3-50Т; 2 сорт үшін 4-50Т; кебекті нан үшін 7-100Т болу керек.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. Техникалық таразыда 25,00 г нанның жұмсақ бөлігін өлшеп алып, 400-500 мл-лік стақанға салу керек.

2. 250 см3 дистильденген суды цилиндрмен өлшеп алып, 80-100 см3 стақанға құйып, нанды жақсылап езу керек. Сосын судың қалған бөлігін стақанға құйып, 5 минуттай шыны таяқшамен араластыру керек. 10 минут тыныштыққа қойып, тағы да 5 минуттай араластырып, 40 минутқа қалдырыңдар.

3. Цилиндрмен 50,0см3 нанның ерітіндісін тұнбаны шайқамай құйып алып, 0,1н натрий гидроксидімен ерітіндіні қызарғанға дейін титрлендер. Индикатор ретінде фенолфталеин алу керек. (Натрий гидроксидін алдынғы зертханалық жұмыстан алады, оның концентрациясы анықталған). Титрлеуді үш рет жасаңдар.

4. Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек. Нанның қышқылдығын мына формуламен (градус ретінде) есептейді:

Х = 25×50×4×Vорта /250×10 = 2Vорта;

мұндағы Vорта – 0,1н натрий гидроксидімен титрлеуге кеткен көлем,мл;

25 – тексеруге алынған нанның мөлшері, г;

4 – 100г нанға ауыстыру үшін керек коэффициент;

250 – нанның қышқылын бөліп алуға керек су көлемі, см3;

50 – титрлеу үшін алынған тексеретін ерітінді көлемі, см3;

Нанның қышқылдығын 100г нанның қышқылдығына керек 1н натрий гидроксидінің көлемімен анықтайды.