CҮТТІҢ ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ


Сүттің қышқылдығы сүт құрамындағы казеин, фосфор қышқылы мен лимон қышқылының қышқыл тұздары, көмір қышқылы болуына байланысты. Сүттің қышқылдығын Тернер градусымен (0Т) өлшейді. Тернер градусы деп 100см3 сүтті нейтралдау үшін қажет 0,1н натрий гидроксиді көлемін айтады. Сүтте сүт қышқылы сүт бактериясы әсерінен пайда болады. Жас сүттің қышқылдығы 16-180Т болады. Егер сүт қышқылдығы 27-300Т жетсе, ол сүт іріп кетеді.

Сүт және сүттен істелген тағамдардың қышқылдығын сүт қышқылының массалық процентінде көрсетуге болады. (СН3СНОНСООН молекулалық массасы 90). 1мл 0,1моль/л натрий гидроксидінің ерітіндісі (яғни 10Т) 0,009 г сүт қышқылына сәйкес келеді.

Егер сүт қышқылдығы 200Т болса, 100г (не 100 мл) сүт үшін сүт қышқылы 200,009 = 0,18г не 0,18масс.% болады.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. 100-150 см3 көлемді колбаға тамшуырмен 10,00 см3 сүт құйып алыңдар, оған 20см3 дистильденген су (цилиндрмен өлшенген) құйыңдар (суды Са(Н2РО4)2 және СаНРО4 тұздары гидролизге ұшырауы үшін құяды).

2. 2-3 тамшы 5% фенолфталеин ерітіндісін тамызып, 0,1н натрий гидроксидімен (алдынғы жұмыста дайындалған) қызыл түс пайда болғанға дейін титрлеу керек. Титрлеуді үш рет жүргізіңдер.

3. Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек.

Сүт қышқылдығын мына формуламен анықтаңдар:

К = Vорта × NNaOH×100/10×0,1 = VNaOH, орта×NNaOH ×100 (58)

мұндағы Vорта,NaOH – натрий гидроксидінің 10мл сүтті титрлеуге кеткен көлемі;

10 – сүттің көлем,мл

0,1 – 0,1н натрий гидроксидінің көлеміне көшу үшін қажет коэффициент.

Айранның, балмұздақтың қышқылдықтарын да анықтауға болады. 10,00 см3 айранға 20 см3 су құяды, натрий гидроксидімен титрлеп (58) формуламен анықтайды. Балмұздақ қышқылдығын анықтау үшін 5 г балмұздақ алу керек, оған 30 см3 су құяды да натрий гидроксидімен титрлейді де, қышқылдығын (58) формуламен анықтайды.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ӨЗ БЕТТЕРІМЕН ЖАСАУҒА

АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА

1. Тексеретін ерітіндідегі натрий карбонатының мөлшерін анықтаңдар.

2. Алдын ала 3-5 минуттай қайнатылған сүтті екіге бөліп, бір бөлігін бір сағаттай мұздатқышқа ұстап, бір бөлігін бір сағаттай бөлме температурасында ұстап, сүт қышқылдығын анықтаңдар. Тәжірибе нәтижесін салыстырыңдар.

3. HCl+H3BO3 қоспасын анализдеу.