ПЕРМАНГАНАТОМЕТРИЯ. КАЛИЙ ПЕРМАНГАНАТЫНЫҢ (КMnO4) НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ МЕН ТИТРІН АММОНИЙ ОКСАЛАТЫ НЕ ҚЫМЫЗ ҚЫШҚЫЛЫ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ


ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР

1. Перманганаттың тотығуы ортаға байланысты қалай жүреді (қышқыл, негіз және бейтарап ортада) және оны қалай түсіндіруге болады? КМnO4-тің барлық жағдайдағы эквивалентін және эквивалент массасын табыңдар.

2. Перманганаттың стандартты ерітіндісін дайындау үшін не себепті дәл массасын өлшеу қажет емес? Неге оның титрін бірнеше күннен кейін анықтайды?

3. Қымыздық қышқылын (не оксалатын) титрлеген кезде калий перманганатының алғашқы тамшысы неге өте ақырын түсін өзгертеді, ал кейінгі титрлегенде КМnO4 түсі өте тез өзгереді?

4. Перманганатты қымыздық қышқылымен (не оксалатымен) титрлегенде жүретін реакция тендеуін жазыңдар. Қымыздық қышқылының эквивалент массасы (Н2С2О4×2О) не аммоний оксалатының ((NH4)2C2O4×2H2O) эквивалент массасы қанша болатынын есептеңдер.

5. Қышқыл орта алу үшін неге күкірт қышқылын қолданады?

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. 0,02н ерітінді алу үшін қанша Н2С2О4×2О массасы керек екенін есептеңдер. Колба көлемі 100-250мл.

Бюкс массасы техникалық таразыда, г ______.

Бюкс массасы аналитикалық таразыда, г _____.

Бюкс массасы мен Н2С2О4×2О массасы техникалық таразыда, г __.

Бюкс массасы мен Н2С2О4×2О массасы аналитикалық таразыда, г _.

2. Қымыздық қышқылының массасын жоғалтпастан колбаға көшіріп, дистильденген суда ерітіңдер. Колбаның белгіленген ернеуіне дейін дистильденген суды құйып, жақсылап араластырыңдар.

3. Титрлеуге арналған колбаға 2н 10мл күкірт қышқылын (қышқыл көлемін цилиндрмен өлшеңдер) құйып, 80-900С-қа дейін қыздырыңдар.

4. 10,00 см3 қымыз қышқылын тамшуырмен алып (тамшуырды бірнеше рет осы қышқылмен шайқау керек), қызып тұрған күкірт қышқылының ерітіндісінің үстіне құйыңдар.

5. Бюретканы бірнеше рет перманганат ерітіндісімен шайқап, оны осы ерітіндімен толтырыңдар.

6. Қымыздық қышқылының ыстық ерітіндісін калий перманганатына тамшылатып құйып, титрлендер. Әрбір келесі тамшыны КМnO4 түсі өзгерген соң құйыңдар.

7. Өзгермейтін ашық қызыл түс болғанға дейін титрлеуді жүргізіңдер. Титрлеуді 3 реттен кем жасамаңдар (ол үшеуінің арасындағы айырмашылық 0,1см3 болу керек). Vорта = V1+ V2 + V3 /3;

Калий перманганатының титрі мен нормальды концентрациясын есептеу үшін Vорта алу керек.

Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек.

Қымыздық қышқылының массасы, г _______.

Қымыздық қышқылының титрі, г/см3 __________.

Қымыздық қышқылының нормальды концентрациясы, __________. Калий перманганатының нормальды концентрациясы, __________.

Калий перманганатының титрі, г/см3 _________.

Перманганатометрия әдісі арқылы ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШТАРДЫ (темірді, қалайыны, оксалаттарды, нитриттарды т.б. тура титрлеу арқылы, ТОТЫҚТЫРҒЫШТАРДЫ кері титрлеу арқылы), ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ (құмырсқа, лимон, салицилл, т.б. қышқылдарды) анықтауға болады.

Перманганатометрия әдісі сүт және сүттен тағамдарды анализдеуге қолданылады.