ЙОДОМЕТРИЯ. НАТРИЙ ТИОСУЛЬФАТЫНЫҢ НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ЖӘНЕ ТИТРІН БИХРОМАТ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ


ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР

1. Йодометрия әдісінің негізгі стандартты ерітінділері.

2. Йодометрия әдісі бойынша титрлеу жүргізгенде қандай жағдайларды сақтау керек?

3. Натрий тиосульфаты мен йод әрекеттескенде жүретін тотығу-тотықсыздану процесінің тендеуін жазыңдар.

4. Калий бихроматының (K2Cr2O7), натрий тиосульфатының, йодтың эквивалент массасын анықтандар.

5. Йодометрия әдісі арқылы тотықтырғыштарды анықтағанда неге калий йодының артық мөлшерін қолданады?

6. Не себепті йодтың аз мөлшері қалғанда ғана, яғни реакция аяғында ғана крахмалды қосады?

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. 0,05н ерітіндісін дайындау үшін калий бихроматының массасын есепте. Колба көлемі 100-250 см3.

Техникалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г ______.

Аналитикалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г _______.

Техникалық таразыда өлшенген бюкстегі K2Cr2O7 массасы, г _____.

Аналитикалық таразыда өлшенген бюкстегі K2Cr2O7 массасы, г ___.

Үлгі массасы,г ______.

2. Калий бихроматының өлшеп алған массасын воронка арқылы түгелдей жоғалтпай, колбаға салыңдар да оны дистильденген суда ерітіңдер. Колбаның белгіленген ернеуіне дейін дистильденген су құйып, ерітіндіні жақсылап араластырыңдар.

3. Бюретканы натрий тиосульфаты ерітіндімен шайқап, осы ерітіндімен бюретканы толтырыңдар.

4. Титрлеуге арналған колбаға 5-7см3 калий йодиді ерітіндісін, 5-7см3 2н күкірт қышқылын және 50см3 дистильденген су құйыңдар. Ерітінді түссіз болу керек. Бұл ерітінділерді цилиндрмен алу керек.

5. Осы ерітіндіге тамшуырмен 10,00см3 калий бихроматы ерітіндісін құйыңдар. Алдын ала тамшуырды бихромат ерітіндісімен шайқаңдар.

6. Ерітінділер қоспасын реакция аяғына дейін жүру үшін 5-6 минутқа қараңғы жерге қоя тұру керек.

7. Бөлінген иодты натрий тиосульфатымен ерітінді түрі сарғайғанға дейін титрлеу керек. Сосын 2-3 тамшы крахмал құйып, титрлеуді ары жалғастырыңдар. Крахмал құйған кезде ерітінді көкке боялады. Титрлеуді ерітінді ашық жасыл болғанға дейін жүргізіңдер.

8. Титрлеуді үш реттен кем жасамау керек.

Vорта = V1+ V2 + V3/3

Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізіңдер:

Калий бихроматының массасы, г _________.

Калий бихроматының титрі, г/см3 ___________.

Калий бихроматының нормальды концентрациясы, ________.

Натрий тиосульфатының нормальды концентрациясы, ________.

Натрий тиосульфатының титрі, г/см3 _____________.

Йодометрия әдісін ет өнеркәсібінде майдың, консервілердің сапасын анықтауға, сүт өнеркәсібінде сүт және сүт тағамдарының сапасын анықтауға қолданылады.

Йодометрия әдісімен тотықсыздандырғыштарды (As3+; Sb3+; Sn2+; сульфиттер, т.б. заттар); тотықтырғыштарды (Cu2+; Fe3+ ), органикалық заттарды анықтауға қолданылады.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТТЕРМЕН ЖАСАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫ

1. Перманганатометрия әдісі арқылы темір(II) массасын концентрациясы белгісіз ерітіндіден анықтандар.

2. Йодометрия әдісі арқылы мыс(II) массасын концентрациясы белгісіз ерітіндіден анықтандар.

Темір мен мыс массаларын анықтау үшін алдыңғы жұмыстарда дайындалған, концентрациялары табылған калий перманганаты және натрий тиосульфаты ерітінділерін қолданыңдар.