СҮТТІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ КАЛЬЦИЙ МЕН МАГНИЙДІҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ


ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР

1. Комплексонометриялық титрлеу үшін қандай комплексондар қолданылады? Комплексондар деген не?

2. ЭДТУ және ЭДТА формулаларын жазыңдар, олар қалай диссоциацияланады? Барлық Кдисс. көрсетіңдер.

1. Ерітіндінің рН-ына байланысты олар қандай иондалған күйде болады?

2. ЭДТА металдар иондарымен қандай комплекс қосылыстар береді? Комплекс қосылыстардың тұрақтылық константалары деген не?

3. Комплекс қосылыстардың тұрақтылығына ортаның рН-ы қалай әсер етеді?

4. Буфер ерітінділерді не үшін қосады?

5. Комплексонометриялық титрлеуге қандай металиндикаторлар қолданылады? Индикаторларды қалай таңдайды?

6. Титрлеу процесі индикатор болғанда қалай жүреді? Индикаторлық қатені қалай есептейді?

7. Судың кермектігі деген не? Кермектіктің қанша түрі бар? Су кермектігінен қалай құтылуға болады?

РЕАКТИВТЕР:

1. 0,05моль/л комплексон III ерітіндісі.

2. Мурексид пен NaCl құрғак қоспасы 0,25г мурексидті 1,25г NaCl (не КCl) фарфор ыдыста жақсылап араластырады.

3. 0,25г эриохром қара Т мен NaCl (КCl) 1,25г қоспасын жақсылап фарфор ыдыста араластырады.

4. 0,05моль/л кальций хлоридінің ерітіндісі.

5. Буфер ерітінді: 10г аммоний хлоридін және 50мл концентрлі (25%) аммиакты дистильденген суда көлемі 500мл колбада ерітіп, аузы жақсы жабылатын ыдыста ұстау керек.

6. 0,05моль/л магний хлоридінің ерітіндісі.

7. 2 моль/л натрий гидроксидінің ерітіндісі.

КАЛЬЦИЙ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

1. Химиялық стақанға тамшуырмен 5см3 сүт құйыңдар, цилиндрмен 90-95см3 дистилденген су өлшеп алып құйыңдар, оған 5см3 натрий гидроксидін құйыңдар.

2. Бюреткадан 3,5см3 комплексон III көлемін құйыңдар, шыны таяқшаның көмегімен ерітіндіні жақсылап араластырыңдар.

3. 2 минуттан соң 0,04г жуық мурексид индикаторын қосыңдар. Ерітінді түсі сирень түсі сияқты боялады. Кальций ЭДТА-мен рН ≥ 12 магнийге қарағанда тұрақты комплекс түзеді. Мурексид индикаторымен сілтілік ортада комплексон III пен тек кальций ионы титрленеді, ал магний ионы бұл жағдайда тұнбаға түседі.

4. Комплексон III-тің артық мөлшерін CaCl2 ерітіндісімен титрлейді. CaCl2 ерітіндісін тамшылатып құйып, жақсылап араластыра отырып, қызарғанға дейін титрлейді. Осы ерітіндіні тағы тамшылатып құйып, комплексон III-пен сирень түске көшкенше қайта титрлейді.

5. I және II титрлеуге кеткен комплексонның жалпы көлемінен кері титрлеуге кеткен CaCl2 ерітіндісінің көлемін алып тастау керек. Сонда сүт құрамындағы кальцийге кеткен комплексон III көлемі (V1) табылады.

6. Кальций мөлшерін (Q масс. %) мына формуламен есептейді:

Q = V1 × 0,002×0,97×100/V

V1кальций ионына кеткен комплексон III,см3

0,002 – 1мл 0,05моль/л комплексон III-ке сәйкес келетін Ca2+ мөлшері.

V – анализге алынған сүт көлемі,см3

0,97 – сүт көлемін оның массасына айналдыруға арналған коэффициент.

Титрлеуді үш рет жүргізіңдер.

МАГНИЙ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

1. Химиялық стаканға 5см3 сүт құйыңдар. 90-95см3 дистилденген су, 5см3 буфер ерітіндісін құйыңдар.

2. 0,04г-дай құрғак эриохром қара Т индикаторын салыңдар да бюреткадан 5,0 см3 комплексон III ерітіндісін құйыңдар (ерітінді түсі жасыл-көк болады).

3. 2 минут өткен соң ерітінді түсі өзгергенге дейін магний хлориді ерітіндісімен титрлеп, қайтадан алғашқы түрі пайда болғанға дейін, яғни жасыл-көк түске дейін комплексонмен титрлеуді жүргізіңдер (ерітінді ортасы рН 9,25 болғанда комплексон III осы екі металмен күшті комплекс қосылыс береді. рН 9,25 ортаны буфер ерітінді арқылы жасайды. Сондықтан осы екі металды бірге анықтайды).

Магний мөлшерін (Q масс. %) мына формуламен табады:

Q = (V2 - V1) × 0,97 × 100 × 0.0012/V,

мұндағы V1 – кальцийді мурексид индикаторы арқылы титрлегендегі кеткен комплексон III көлемі,см3,

V2 – кальций мен магнийді эриохром қара Т – индикаторы арқылы титрлегенде кеткен комплексон III көлемі,см3.

0,0012 – комплексон III 0,05моль/л концентрациялы ерітіндісінің 1см3 сәйкес келетін Mg2+ мөлшері,г;

V – анализге арналған сүт көлемі,мл.

Табылған кальций мен магний мөлшерін МемСТ-те көрсетілген олардың мөлшерімен салыстырыңдар. Титрлеуді үш рет жүргізіңдер.