СУДЫҢ ЖАЛПЫ КЕРМЕКТІГІН АНЫҚТАУ. МемСТ 4151-72


1. Тамшуырмен 25,00см3 краннан су ағызып титрлеуге арналған колбаға құйыңдар.

2. 25,0см3 дистильденген суды цилиндрмен өлшеп құйыңдар да оған 5см3 буфер ерітінді құйыңдар.

3. 0,03 – 0,04г эриохром қара Т-индикаторын (немесе қышқылды хром қою-көк -индикаторын) косыңдар. Ерітінді түсі қызылға боялады.

4. Ерітіндіні шайқап отырып, комплексон III титрлеу керек. Ерітінді түсі көкке айналғанда титрлеуді тоқтатыңдар. Титрлеуді үш рет жүргізіңдер.

Судың жалпы кермектігін (Кж) мына формула арқылы табыңдар (мэкв/дм3)

Кж = VЭДТА × CN,ЭДТА ×1000/VH2O

Егер судың жалпы кермектігі 0,5мэкв көп болса, онда судың азырақ көлемін алыңдар.

Егер суда Сu2+ және Zn2+ иондары болса, олар анализге кедергі жасайды. Ол үшін суға 1-2см3 0,01н Na2S ерітіндісін құйыңдар, сонда олар кедергі жасамайды.