АРГЕНТОМЕТРИЯ


Жұмысты орындау

1. 0,1н 100 мл күміс нитраты ерітіндісін (титрант) дайындау үшін мына формуламен үлгі массасын анықтайды:

m(AgNO3) = Cн . mэ . V/1000; mэ (AgNO3) = 170 г/моль, V = 100 мл, саналған үлгі массасын техникалық таразыда өлшеп, 100мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, жақсылап араластырады. Осы ерітіндінің титрін және нормальды концентрациясын санау керек.

2. 0,1н стандартты заттың (КСI, NaCI) 100мл ерітіндісін дайындау үшін m(NaCI, КСI) ) = Cн . mэ. V/1000 формуласы бойынша есептелген массаны аналитикалық таразыда өлшеп алып, 100мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, жақсылап араластырады. Осы ерітіндінің титрін және нормальды концентрациясын санау керек.

3. Күміс нитраты ерітіндісін стандарттау. Титрлеу колбасына 10,00мл КСI (NaCI) стандартты ерітіндісін құйып, 2-4 тамшы 0,02M К2СгО4 ерітіндісін тамызып, бюреткадағы АgNO3 ерітіндісімен араластыра отырып КСI (NaCI) ерітіндісін қызыл түсті тұнба түзілгенге дейін титрлейді. Титрлеуді кемінде 3 рет жүргізеді (титрлеу мәні бір-бірінен тек 0,1мл айырмашылықта ғана болу керек). Тәжірибе нәтижесінен АgNO3 ерітіндісінің нормальды концентрациясын және титрін анықтайды:

САgNO3VАgNO3 = CКСIVКСI; ТАgNO3 = mэ(AgNO3)/1000.

4. Калий хроматы ерітіндісі – индикатор K2CrO4 – 0,02M.

Мор әдісінің бірнеше кемшіліктері бар:

1. Йодидтер мен роданидтерді анықтауға болмайды, тек хлоридтер мен бромидтерді ғана анықтайды;

2. Қышқыл және күшті сілтілік орталарда анализді жүргізуге келмейді, себебі хромат бихроматқа ауысады, ал күшті сілтілік ортада күмістің оксиді және гидроксиді түзіледі;

3. Хроматпен тұнба беретін иондар анализге кедергі келтіреді;

4. Мор әдісі арқылы түсті ерітінділерді де титрлеуге болмайды;

5. Күміс ионымен тұнба беретін көптеген аниондар да анализге кедергі жасайды.