РОДАНОМЕТРИЯ


Жұмысты орындау

1. 0,1н аммоний роданиді (калий роданиді) ерітіндісін (титрант) дайындау үшін мына формуламен үлгі массасын анықтайды:

m (NH4SCN) = Cн . mэ. V/1000.

Саналған үлгі массасын техникалық таразыда өлшеп, 100 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, жақсылап араластырады.

2. Аммоний роданиді ерітіндісін стандарттау үшін 10,00 мл 0,1н стандартты АgNO3 ерітіндісін титрлейтін колбаға құйып, 5мл 2н НNO3 қосып, 2-3 мл темір-аммоний (NH4[Fe(SO4)2] . 12H2O) ашудасының қанық ерітіндісін қосып, ашық алқызыл түске дейін NH4SCN (КSCN) ерітіндісімен титрлейді де, оның титрін және нормальдылығын анықтайды:

СNH4SCN VNH4SCN = C АgNO3. VАgNO3

ТNH4SCN = СNH4SCN . mэNH4SCN /1000

Индикатор ретінде темір-аммоний (NH4[Fe(SO4)2] . 12H2O) ашудасының қанық ерітіндісін алатын себебі ол гидролизге аз ұшырайды.

Бромидтерді Фольгард әдісі арқылы (кері титрлеу) анықтау

Роданометриялық әдіс арқылы күміс тұздарын, бромидтерді және иодидтерді анықтайды. m(КВг) = СКВг . mэ. V/1000 формуласы арқылы КВг үлгісін алдымен техникалық таразыда, сосын аналитикалық таразыда өлшеп, 100 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізіп, жақсылап араластырады. Титрленетін колбаға 10,00 мл дайындалған ерітіндіні құйып, бюреткадағы стандартты 0,1н АgNO3 ерітіндісінен 20,00 мл құйып, 5 мл 2н НNO3 ерітіндісінен 20,00 мл құйып, 5 мл 2н НNO3 ерітіндісін, 2-3 мл индикатор ерітіндісін (NH4[Fe(SO4)2] . 12H2O) қосып, АgNO3 ерітіндісінің артық мөлшерін 0,1н NH4SCN ерітіндісімен тұнбаның үстіндегі ашық алқызыл түске дейін араласытра отырып, титрлейді.

Сынамадағы КВг мөлшерін (%) мына формуламен санайды:

%,mКВг = СNH4SCN . VNH4SCN . mэКВг. Vалик КВг .100/1000VКВг . ɑКВг

мұндағы ɑКВг – алған үлгі массасы, г; VКВг жалпы көлем, мл (100 мл)

Күміс тұздарын анықтау. АgNO3 тұзының дәл үлгісін мына формуламен есептелген mAgNO3 = C AgNO3 . mэ AgNO3. VAgNO3/1000 аналитикалық таразыда өлшеп, ~15мл суда ерітіп, 3 мл 2н НNO3 қосып, 0,1н NH4SCN ерітіндісімен индикатор қатысында (NH4[Fe(SO4)2] . 12H2O) алқызыл түске дейін титрлейді. Сынамадағы (%) АgNO3 мөлшерін есептейді:

mAgNO3 = CNH4SCN . VNH4SCN . mэAgNO3. 100/1000 . ɑАgNO3,

мұндағы ɑАgNO3- алынған үлгі массасы, г.