КАЛЬЦИЙ КАРБОНАТЫНДАҒЫ КАЛЬЦИЙ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ


ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР

1. Кальций карбонатының тұз қышқылында еру реакциясының теңдеуін жазыңдар.

2. Тұнбаны неге 1,5-2 сағатқа қалдырады?

3. Ерігіштік көбейтіңдісі ережесін пайдаланып, кальций оксалатының (СаС2О4) тұнба түзілу жағдайын көрсетіңдер.

4. Тұнбаны неге аммоний қымыздық қышқылы ерітіндісімен жуады?

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. Кальций карбонатын (0,5г) алдымен техникалық сосын аналитикалық таразыда өлшеңдер – М2, көлемі 300-350мл болатын стаканға салып, 10-15см3 су құйыңдар. Ақырындап 3-5см3 концентрлі тұз қышқылын құйыңдар.

2. Кальций карбонатын толық ерігенге дейін стаканды ақырындап шайқап отырыңдар. Егер кальций карбонаты толық ерімей жатса, аздап қыздырыңдар.

3. Осы ерітіндіге 100см3 дейін су құйып, қайнағанға дейін қыздырып, оған тез 30-40см3 ыстық қымыздық қышқылы ерітіндісін не аммоний оксалатын құйыңдар (1г қышқыл не тұз алып, 30-40см3 суда ерітіп, қымыздық қышқылын не аммоний оксалатын дайындап алу керек).

4. Ерітіндіге 2-3 тамшы метилоранж құйыңдар. Ерітінді қызыл түске боялуы керек. Ерітіндіні шайқап отырып, ақырындап (тамшылатып) аммоний гидроксидін (1:5) ерітінді сары түске боялғанға дейін құйыңдар. Сонда ерітінді ортасы рН 4-4,5 болады. Бұл тұнба түсіру процесі 10 минуттан аспауы керек.

5. Ерітіндіні тұнбамен тыныштықта 1,5-2 сағаттай қалдыру керек.

6. 1,5-2 сағаттан соң (ерітінді суыған соң және мөлдір болғанда) тұнбаны бөліп алу керек, ол үшін тығыз фильтр қағазын қолдану керек. Тұнбаны ерітіндіден толық бөліп алу үшін фильтрлеу әдісін оқулықтардан жақсылап оқыңдар.

7. Фильтрдегі тұнбаны 1-ті аммоний оксалаты ерітіндісімен хлор-ионы толық біткенге дейін жуыңдар. Хлор-ионының бар-жоғын былай тексереді: воронкадан аққан ерітіндіні пробиркаға жинап (~2см3) 0,5см3 азот қышқылын құйып, оған азот қышқыл күміс ерітіндісін тамызыңдар. Егер тұнба (AgCl) түзілмесе, онда кальций оксалатының тұнбасы толық жуылды деген қорытынды жасалады.

8. Фильтрдегі тұнбадан сұйық ерітінді толық ағып біткен соң оны воронкадан ақырындап алып, алдын ала тұрақты салмаққа келтіріліп өлшеп қойған фарфор тигельге салады. (Фарфор тигельді бір-екі рет 9000С температурада қыздырып, тұрақты салмаққа келтіріп алу керек). Тигельді плиткаға қойып, тұнбаны ақырындап фильтр қағазымен бірге кептіреді. Егер тұнбаны бірден ыстық муфель пешіне қойса, аммоний оксалаты ыдырап, газ шығады. Бұл газбен бірге тұнбаны жоғалтып алу мүмкіндігі туады. Тұнба кепкен соң, тигельді муфель пешінің алдыңғы жағына қойып, фильтрді жағады. Фильтр толық жанып біткен соң 9000С муфель пешінде тигельді 20-25 минутқа қалдырыңдар.

9. Кальций оксидін эксикаторға қойып, суытыңдар. Эксикаторға қоймаса кальций оксиді ауадан су мен көмір қышқыл газын өзіне тартып алып, салмағын өзгертеді. Тигель толық суыған соң аналитикалық таразыда тез өлшеп, кальций оксидінің массасын (m1) табыңдар.

1. Кальций мөлшерін былай анықтаңдар:

СаО ----- Са

56 ----- 40, F = 40/56 = 0,7143; %Са = 0,7143×m1/m2 × 100; m2 – алынған үлгі массасы,г.

2. Оқытушуға жұмыстың нәтижесін өткізіңдер.

Минералды заттардың, әсіресе микроэлементтердің организмге маңызы зор. Олар ферменттер, гормондар, витаминдер құрамындағы әр түрлі физиологиялық және биохимиялық процесстерге қатысады. Минералды заттарға Д.И. Менделеевтің периодтық кестесіндегі жүзден аса элементтер жатады. Кальций дене массасында 1-9% мөлшерінде кездеседі. Ол сүйекте шоғырланған және бүкіл организмде шамамен біркелкі таралған. Кальцийге ми мен бездердің нерв клеткалары бай келеді. Қан плазмасындағы кальций ионы қанның ұюына әсер етеді. Кальций иондары сүт қышқылының түзілуіне, сүттің ұюына, бұлшық еттің нерв қызметінің жұмысына қатысады. Адам организміне кальций азық құрамымен, сумен түседі. Кальцийдің организмге жетіспеуі рахит ауруына шалдықтырады. Адамдар күніне 800мг жуық кальций қабылдау қажет. Кальций көп мөлшерде сүт және сүт тағамдарында болады.