КРИСТАЛЛОГИДРАТ ҚҰРАМЫНДАҒЫ КРИСТАЛЛИЗАЦИЯЛАНҒАН СУДЫ АНЫҚТАУ


Зерттелетін кристаллогидрат құрамындағы кристаллизациаланған су мөлшері химиялық формулаға сәйкес болуы керек. Кристаллогидраттарды қыздырғанда кристаллизацияланған су бөлініп шығады. Әр кристаллогидраттың кептіру температурасы әр түрлі, мысалы:

H2C2O4 × 2H2O – 110-1120C;

CuSO4 ×2О -140-1500C;

BaCI2 ×2H2O - 120-1250C, т.c.с.

Барий хлориді құрамындағы кристаллизацияланған суды анықтау сынама массасын кептіргенге дейін және кептіргеннен соң анықтауға негізделген.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. Таза, құрғақ бюксті аналитикалық таразыда өлшейді.

2. Бюкске 1,5г жуық кристаллогидратты салып, қайта өлшейді.

3. Бюкстегі сынаманы кептіргіш шкафқа 2 сағаттай уақытқа 120-1250С қақпақсыз қалдырады да, эксикаторда 20 минуттай суытқан соң, аналитикалық таразыда өлшейді.

4. Сосын қайтадан 1 сағаттай уақыт кептіргіш шкафқа қойып, эксикаторда суытып, аналитикалық таразыда өлшейді. Егер 2 рет өлшенген мәндер арасында 0,0002 г айырмашылық ғана болса, кристаллизацияланған су толық ұшты деп есептеуге болады.

Жүргізілетін есептеулер:

1. Сынамадағы кристаллизацияланған су мөлшерін (г,%) анықтау керек.

2. Анықтаудың абсолютті және салыстырмалы қатесін көрсету.