ПОТЕНЦИОМЕТРИЯ


ХЛОРЛЫ СУТЕК ҚЫШҚЫЛЫН

ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ

Аппаратуралар және реактивтер

1. рН-метр милливольтметр.

2. Шыны индикатор электроды.

3. Салыстырмалы хлоркүміс электроды.

4. Титрлеуге қажет стақан, сыйымдылығы 100 мл, бюретке 25 мл, тамшуырлар.

5. HCl стандартты ерітіндісі 0,1моль/л, фиксаналдан дайындалады.

6. Зерттелетін HCl ерітіндісі 0,1моль/л.

7. NaOH ерітіндісі 0,1 /л.

8. рН-метрді тексеретін буфер ерітінділер.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. Шыны электродты дайындау және рН-метрді буфер ерітінділермен тексеру.

2. Натрий гидроксидінің дәл концентрациясын анықтау үшін титрлеуге қажет стақанға 10мл HCl стандартты ерітіндісін тамшуырмен құйып, оған сонша су қосады, сонда электродтар толық ерітіндіге батып тұрады. Магнит араластырғышпен ерітіндіні белгілі бір жылдамдықпен араластырады.

3. Бюретканы титрантпен(NaOH) толтырады. рН-метр шкаласының «1-4», сосын «4-9», т.б. диапазондарында титрлеуді жүргізеді. Титранттың әр порциясын (өлшемін) қосқан сайын ерітінді рН-ын өлшеп, жазып отырады.

Титрлеу қисығының бастапқы бөлігінде титранттан 0,5мл-ден, секіріс маңында 0,1-0,2мл-ден құю керек. Титрлеу нәтижесін кестеге түсіреді. Кемінде 3 рет титрлеу жүргізеді.

титрлеу

Құйылған сілті көлемі, см3

І титрлеу

рН

Е, мВ

ІІ титрлеу

рН

Е, мВ

4. Алынған нәтижелер бойынша титрлеу қисығын рН = f(VNaOH), келесі координаталарда салу керек: pH –V және E – V.

ІІ (екінші) титрлеу нәтижелері бойынша төмендегі кестені толтыру керек:

Сілті көлемі, см3

рН

Е

ΔрН

ΔЕ

ΔV

ΔpH/ΔV

ΔE/ΔV

ΔpH/ΔV– V және ΔE/ΔV – V, сызады.

VNaOH, орта мәнін тауып, Сқышқ. мәнін V1, сілті×Ссілті = V1, қышқыл×Сқышқыл (59) формуласы бойынша табады.

СНСІ,VНСІ – титрлеуге алынған HCl ерітіндісінің концентрациясы және көлемі. VNаOH – титрлеуге кеткен NаOH ерітіндісінің орта мәні, мл.

Титрлеудің соңғы нүктесін табу үшін титрлеудің дифференциалдық қисығын сызады. Максимумға сәйкес нүкте эквиваленттік нүкте болады.

Зерттелетін ерітіндідегі HCl пайыздық мөлшерін мына формуламен есептейді:

m,HCl = (CNаOH VNаOH Vk 36,5)/100 (60)

CNаOH – натрий гидроксиді ерітіндісінің концентрациясы, моль/л;

VNаOH – титрлеуге кеткен натрий гидроксиді ерітіндісінің орта көлемі, мл;

VHCl – зерттелетін қышқылды еріткен көлем (өлшегіш колба көлемі), 100мл;

36,5 HCl-дың эквиваленттік массасы, г/моль;

Vk – аликвот көлемі, 10мл.