КОНДУКТОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ


БІР НЕГІЗДІ ҚЫШҚЫЛДЫ КОНДУКТОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ:

1. Концентрациясы анықталатын қышқыл ерітіндісін өлшегіш колбаға құйып (50мл), колба белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізіп, жақсылап араластырады. 10мл аликвот алып, титрлейтін стаканға құйып, магнит араластырғыш салады. Электродтарды магнит араластырғышқа кедергі жасамайтындай биіктікте стаканның ортасына орналастырады.

2. 1-2 минут ерітіндіні араластырған соң ұяшық кедергісін анықтайды. Бюреткадан 1мл сілтінің стандартты ерітіндісін құйып отырып, ерітінді кедергілерін өлшеу керек. Эквиваленттік нүктеге дейін ерітінді кедергісі өседі, эквиваленттік нүктеден соң сілті құйған сайын кедергі азаяды.

3. Титрлеу қисығында эквиваленттік нүктеден соң тағы 4-5 нүкте болу керек. Титрлеуді кемінде үш рет жүргізу керек. Эквиваленттік нүкте маңында сілті ерітіндісін 0,1 мл-ден құяды. Титрлеу нәтижесін кестеге жазады.

V мл, NaOH

R, Ом

Тәжірибе нәтижесін графикке түсіреді. Қышқыл мөлшерін мына формуламен анықтайды:

Qқышқыл = (NNaOH ∙ VNaOH ∙ mэкв. қышқыл ∙ Vk)/(1000∙Va) (67),

мұндағы Va – аликвот көлемі, мл.