ӘЛСІЗ ЖӘНЕ КҮШТІ ҚЫШҚЫЛДАР ҚОСПАСЫН КОНДУКТОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ


Көлемі 150 мл стаканға 5-10 мл (оқытушы тапсырмасы бойынша) 0,1М HСl және 0,1M CH3COOH қоспасын алып, дистильденген сумен 50мл-ге дейін сұйылтады. Дайындалған ерітіндіге электродтарды батырып, стандартты 0,1М сілті ерітіндісімен титрлейді. Титранттың әрбір порциясын қосқаннан кейін ерітіндінің электрөткізгіштігін өлшейді. Өлшеулер нәтижесін кестеге жазады:

VKOH,мл

Электрөткізгіштік

Алынған нәтижелер бойынша титрлеу қисығын χ – VКОН координатасына салып, қисықтағы екі сыну нүктесі бойынша эквиваленттік нүктелерді табады. Бірінші нүкте күшті қышқылға жұмсалған сілті көлеміне(V1КОН), ал екінші нүкте – әлсіз қышқылға жұмсалған сілті көлеміне(V2КОН) сәйкес. VКОНжалпы титрлеуге кеткен көлем,мл. Есептеулер мына формула бойынша жүргізіледі:

СНСІ = СКОНV1КОН/VНСІ; ССН3СООН = СКОН(VКОН - V1КОН)/VСН3СООН.