АМПЕРОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ


МЫСТЫ(ІІ) АМПЕРОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ

АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ

Мысты(ІІ) анықтау оның йодид-ионымен тотықсыздануына және мыс мөлшеріне эквивалентті мөлшерде бөлінген йодты (I2) тиосульфат ерітіндісімен титрлеуге негізделген:

2Cu2+ + 4I- = Cu2I2 + I2

I2 + 2S2O32- = 2I-+ S4O62-

Бұл әдіс арқылы мыстың өте аз мөлшерін (10-3мг) анықтауға болады. Реостатқа +0,53В потенциал мәнін қойып (ол мыстың(ІІ) тотықсыздануы жүретін шекті диффузиондық тоққа сәйкес потенциал), платина және хлоркүміс электродтарын ерітіндіге салады. Платина электродында йод тотықсызданады.

Аппаратура, химиялық ыдыстар, реактивтер:

1. 0,05М тиосульфат ерітіндісі.

2. Құрғақ калий йодидінің тұзы.

3. 0,1н күкірт қышқылының ерітіндісі.

4. Анализденетін мыс(ІІ) сульфатының 10-3М ерітіндісі.

5. Амперометриялық құрылғы.

6. Платина электродтары.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

1. Амперометриялық құралдың барлық бөліктері дұрыс қосылып тұрғанын тексереді.

2. Титрлеу стаканына 10мл мыс(ІІ) ерітіндісін құйып, 25мл күкірт қышқылын қосады, электродтарды салып, тізбекті қосады. Сол кезде катодта мыстың тотығуы жүреді. Гальванометр стрелкасы бір жаққа қарай бұрылады.

3. 0,3-0,5г калий йодидін салып, магнит араластырғышты қосады. Бұл кезде диффузиялық ток бірден азайып, гальванометр нольді көрсетеді. Бұл жағдай мыс(І) ионының толық йодидпен Cu2I2 қосылысын бергенін көрсетеді. Бұдан соң бос йодтың бөлінуі байқалады, ток күші өсе бастайды, ток күші максимумға келгенде ерітіндіде йод толық бөлініп бітеді. Тағы да 2-5 минут реакция аяқталғанын тосып, титрлеуді бастайды.

4. Тиосульфат ерітіндісінен 1мл-ден қосып отырып, ерітіндіні араластырып отырып, ток күшін жазып отырады. Титрлеу соңында ток күші өзгеріссіз қалады. Титрант көлемі ток тәуелділігі қисығынан эквивалент нүктені анықтайды.

V, мл

I, мА

5. Мыс(ІІ) массасын мына формула арқылы анықтайды, мыс(ІІ) бір электрон қосып алатындықтан, оның эквивалент массасын атомдық массасын бірге бөліп анықтайды:

q = V × N × mэкв.Cu (69), mэкв.Cu = 63,64г/моль

Титрлеуді кем дегенде екі рет жүргізеді.