МОЛЯРЛЫҚ ҚАСИЕТ ӘДІСІМЕН КАЛИЙ ПЕРМАНГАНАТЫНЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ


Калий перманганаты ерітіндісі қызғылт-күлгін түсті, түс интенсивтілігі ерітінді концентрациясына пропорционал.

Молярлы қасиет әдісінде эксперимент жүзінде сіңірудің молярлы коэффициентінің шамасын анықтайды. Сіңірудің молярлы коэфициенті заттың табиғаты мен толқын ұзындығына тәуелді. Сіңіру максималды болатын жарық фильтрін таңдап алғаннан кейін үш стандартты ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшейді. Содан кейін, қабаттың қалыңдығын анықтаған соң сіңірудің молярлық коэфициентінің орташа шамасын есептейді. Осы жағдайларда зерттелетін ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшеп зат мөлшерін анықтайды, сіңірудің молярлы коэфициент константасының шамасын пайдаланып (e не Е молярлы коэффициент) мына формула бойынша заттың концентрациясы анықталады:

С(х)=Д(х)/Еl (70)

Ерітінділерді дайындау:

1. Көлемі 50мл 4 өлшегіш колба дайындау керек. Осы колбалардың үшеуіне концентрациясы 0,02моль/л калий перманганатының стандартты ерітіндісінен сәйкесінше 1,5; 2,0; 2,5мл енгізу керек.

2. Төртінші колбаға құрамында белгісіз КMnO4 мөлшері бар ерітіндіден алу керек. Барлық колбаларды белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізіп, жақсылап араластыру керек.

Аналитикалық сигналды өлшеу

3. Үш стандартты ерітіндіден бояуының интенсивтілігі жоғары болатынын таңдап, кюветаға белгісіне дейін су құяды. Келесі кюветаға салыстыру үшін дистильденген судан белгісіне дейін құяды. Әр түрлі жарық фильтрлерінде оптикалық тығыздықты өлшейді. Мәліметтерді келесі кестеге жазады:

Жарық-фильтрлері

λ, нм

Көк

460 нм

Жасыл

540 нм

Қызыл

600 нм

Оптикалық тығыздық

4. Максимал сіңіретін жарық фильтрін таңдайды. Қалған ерітінділердің оптикалық тығыздығын сол толқын ұзындығында өлшейді. Мәліметтерді төмендегі кестеге енгізу керек:

КMnO4 ерітіндісінің көлемі,мл

1,5

2,0

2,5

Х

КMnO4 концентрациясы, моль/л

Оптикалық тығыздық

Эксперимент мәліметтерін рәсімдеу

5. Толқын ұзындығына тәуелді график тұрғызу және жарық фильтрін таңдау себебін негіздеу.

Формула бойынша стандартты ерітінді концентрациясын есептеу:

С(ст)=Val Cбаст. (KMnO4)/Vколб., (71)

мұндағы С(ст) – стандартты ерітінді концентрациясы; VаІ – аликвот көлемі; Сбаст. – бастапқы концентрация; І – кювета қалыңдығы.

6. Әр стандартты ерітінді үшін сіңірудің молярлы коэффициентін есептеп, орташа мәнін табу керек. Кюветаның қалыңдығын сызғышпен өлшейді. Құрамында белгісіз КMnO4 мөлшері бар ерітіндінің концентрациясын мына формулалар арқылы анықтайды: С(х) = D(x)/El;

E = (E1+E2+E3/3); E1 = D1/C1l; E2 = D2/C2l; E3 = D3/C3l.