МЫС(ІІ) ЖӘНЕ КАДМИЙ ИОНДАРЫН БӨЛУ


Жұмыстың мақсаты: КУ-2 катионитінде бейорганикалық иондар (Сu2+, Cd2+) қоспаларын сапалық бөлу.

Жұмысты орындау: КУ-2 катиониті бар колонкаға Н+ - формасында 25мл Сu2+ және Cd2+ иондар қоспасының 0,01М ерітіндісін енгізеді. Қоспаны минутына 2-3мл жылдамдықпен өткізеді. Колонкадан шыққан ерітіндіні төгіп тастайды. Колонка астына көлемі 250 мл таза колбаны қояды да, колонкаға ерітіндінің аз мөлшерін, 3-4мл сілті-глицерин қоспасын порциялап қосады (5 мл глицерин және 100 мл судағы 5г натрий гидроксиді бар ерітіндісі дайындалады). Бұл операцияны мыс(ІІ) колонкадан толық шыққанға дейін қайталайды. Оны (визуальді) фильтраттың көгілдір түсі арқылы және рубеансутек қышқылымен сапалық реакция арқылы анықтайды. Ол үшін фильтр қағазына рубеансутек қышқыл тамшысын және фильтрат тамшысын енгізеді. Қағаздағы сұр дақ ерітіндіде мыстың бар екендігін көрсетеді. 5%-ті тұз қышқылымен кадмий иондарын колонкадан шайып, K4[Fe(CN)6] ерітіндісімен сапалық анықтайды (ақ тұнба болуы керек). Сорбент регенерациясын колонка арқылы 50мл 5%-ті HCl өткізу арқылы жүргізеді. Қышқылдан сорбентті дистильденген сумен шаяды да, колонкадан өткен дистильденген суды метилоранж көмегімен тексереді. Түсі өзгермеуі керек және салыстырмалы ерітінді түсіне сай болуы керек (салыстырмалы ерітінді – 25мл дистильденген суы бар стаканға метилоранждың 3 тамшысын қосады).