«Ассошиэйтед пресс» агенттігі


1848 жылы Нью-Йорктың  алты    жетекші    газеті    ақпаратты   жинау   мен    жеткізу    үшім жұмсалатын үлкен шығыннан қауіптеніп,  банкротқа ұшырамау үшін бірігіп, «Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігін құрды. Бұл  агенттіктің құрылуы АҚШ журналистикасын дамытудағы елеулі кезең болды. АҚШ-тағы газеттердің 95 пайызы, соның ішінде «Нью-Йорк таймс», «Хартфорд курант», «Пост», «Плейн диллер». «Европус-Кристи коллер таймс», «Нью - хейвен Риджестер» сынды танымал газеттер мен мындаған радиостанциялар «Ассошиэйтсд Пресс»   ақпарат   агенттігінің   жүйесіне   қосылған.   Әлемде   бұл агенттіктен басқа ешкім де оқиғаларды дәл сондай көлемде қамти алмайды. Оның ақпараттық таспасына әлемдік саясаттан бастап, аймақ деңгейдегі  ақпаратқа дейін материалдар түсіп отырады «Ассошиэйтед  Пресс»  ақпарат  агенттігінің  әлемнің  71 елінде екі жүз жиырма алты бөлімі бар.  «Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігінің материалдарын  АҚШ-тың   1322  күнделікті газеті пайдаланады.

Агенттіктің кеңсесі Манхэтонның дәл ортасында, Рокфеллер орталығының ғимаратында орналасқан. Енді мынандай көріністі өздеріңіз көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер: лифт ғимараттың төртінші қабатына келіп тоқтады. Сонымен, сіз бұл кеңсеге кірген бетте, қырқыншы жылдардағы кезеңге тап боласыз. Алайда бұл   жерде   компьютерлердің   жұмыс    істеп   тұрғанын   жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, олар көзге бірден түспейді. Ақпараттың келіп түсетін орталығы,  өңделетін кеңсесі қарапайым жабдықталған. Ескі темір сөрелер мен жиһаздан, бума-бума қағаздардан, телетайптан, ескі телефон қондырғыларынан тұрады. Барлық осы ескі дүниенің қақ ортасында ақпарат агенттігінің қызметкерлері компьютерлер пернелерін ерекше жылдамдықпен басып отырады. Басшылық та,  жалпы  редакция да,   шетелдік  бөлім де,  испан қызметі  де,   Нью-Йорктың  қалалық  бөлімшесі  де,   спорт  және фоторедакция да, барлығы да осы қабатта орналасқан. Олар бір-бірінен тек сөрелер мен газет бумаларымен ғана бөлінген. Осындай жағдайда   «Ассошиэйтед   Пресс»   қызметкерлері   күніне   жүзден астам фотосурет пен үш жүз мыңға жуық сөз дайындайды.

Аталған ақпарат агенттігінің жүйесіне американдық газеттер кіреді. Сол жүйеге енетін газеттер тиражына сәйкес нақты бір мүшелік жарна төлейді. Оның кұны әр келкі болуы мүмкін. Мысалы, 20 данамен таралатын жергілікті газет 45 мың доллар жарна кұраса, миллионнан аса тиражы бар «Лос-Анджелес таймс» бір миллионнан астам доллар төлейді. Жарна төлеуші кез-келген ақпаратты: агенттіктен суреттерді, қысқа хабарламаларды, репортажды, биржа жаңалықтарын, ауа райы болжамын, атақты адамдар туралы очерктер, арнайы хабарламаларды ала алады. «Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігі тілшілерінің өзіндік ұстанымдары бар. 1856 жылы АП-тің алғашқы Вашингтондық тілшісі келісімді былайша мазмұндаған болатын: «Менің мамандығым - оқиғалар жайында ақпарат беру, менің хабарларым әр түрлі саяси бағытты ұстанатын газеттерге таралады. Сол себептен мүмкіндігінше фактіге негізделген бейтарап көзқарастағы ақпаратты берумен шектелем» - деген болатын. Шын мәнінде агенттік тілшілері бұл қағидадан ауытқымайды.

«Нью-Йорк таймс» пен «Вашингтон пост» газеттерінен басқа басылымдар беттерінің үштен бір бөлігін «Ассошиэйтед Пресс» хабарларымен толтыруда. Бұл жағдай экономикалық жағынан да өте тиімді. Өйткенді, көптеген аудандық газеттер беттерін толтыруға мүмкіндіктері болмайды. Сол себептен, «Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігінің арзан жаңалықтарын пайдаланады. Агенттіктің материалдары   кері   пирамида   принципінің негізінде  жазылады. Бұндай  әдіс  алғаш   телеграф байланысы пайда  болғаннан  бері қолданылып келеді. Яғни, аталған әдіс бойынша түзілген ақпараттың негізі болып саналатын маңызды түйіні бірінші кезекте жазылып, ал маңызсыздау деген деректер кейінге қалдырылады.

Әлемнің жүз жиырма бір елінде 8500 жүзге жуық тілшілері қызмет істейді. «Ассошейтед Пресс » ақпарат агенттігі күніне жиырма миллион сөзбен, мыңға тарта  фотоиллюстрацияны ағылшын және испан тілінде таратады. Сондай -ақ бұл агенттіктің «Ассошейтед пресс иллюстретед ньюсфичерс», «Уайрфотос» атты пресс-синдикаттарға иелігі бар.

Бұл агенттікпен келісім-шартқа отырған редакциялар жер шарынан жиналған ақпаратты күнделікті алып отырады.

Ірі электронды есептеу машинасымен жабдықталған басты компьютер Нью-Йорк  қаласында орналаскан. Лондонда орналасқан негізгі компьютер спутник арқылы және де басқа каналдар арқылы Нью-Йорк қаласына автоматты түрде ақпаратты жинап, тарату бағдарламасымен арнайы жабдықталған. Ал, Европа елдерінде ақпарат таратудын басты көзі - Франкфурт- Майнда орналасқан электронды есептеу машинасы. Агенттіктің экономикалык және коммерциялық бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлім 1982 жылдан бері Австралия, Англия, Италия, Тайвань, Гонконгтағы жазылушыларына, әлемдік мұнай рыногындағы ақпаратты тұрақты түрде таратып отырады. Ал, сайлау компаниялары үшін арнайы ақпараттық бөлімі ашылған.

«Ассошиэйтед пресс» ақпарат агенттігі көптеген елдердің ақпарат әлемін жаулап алған. Бұл ақпарат агенттігінің өнімдері кейбір елдер баспасөзінің 75-90 пайызын құрайды. Агенттік басшыларын басқарма кеңесі үш жыл мерзімге сайлап отырады.