Объектіге бағытталған программалау


Құрылымдық және оқиғалық программалық дамудың идеясы программистердің еңбегінің өнімділігін арттырды және  жолдарда  (бірнеше  айларда) жүз мыңдаған жолдардан тұратын  қосымша құруға мүмкіндік  береді. Бірақ та мұндай үлкен  көлем  адам мүмкіндігінің шегіне жетті, және программаны өңдеудің жаңа технологиялары қажет болды. 80- жылдардың басында программалауда обьект ұғымына негізделген жаңа бағыт пайда болды. Әлемді қоршаған нақты обьектілер үш базалық сипаттамаладан тұрады: олар әр түрлі әдістермен қасиеттерін өзгете алатын және қоршағн әлемде, сонымен қатар обьектінің ішінде болып жатқан оқиғаларға әсер ететін  қасиеттер жиынынан тұрады. Нақ осы түрде  программалау тілінде  қасиеттер жиыны(осы обьектіге сәйкес берілгендер құрылымы),  оларды өңдеу әдістері (қасиеттерді өзгерту  ішкі программасын) және оқиғалар сияқты сияқты обьект ұғымы жүзеге асқан.