Программалаудың экономикалық аспектісі


Бірінші компьютерлер пайда болғанда, олардың бір минут жұмыс істеуінің өзі қымбат тұрды, ал тек өте оңай есептер ғана шешілді,  сондықтан программа құрудағы еңбек оның аз ғана бөлігін алды.  ПК пайда болуымен және үлкен программалық жүйелерге сұраныс көбейісімен барлық шығын программистің жұмысына төленді. Осындай проектілердің көбі сәтсіз аяқталды, ал оларға кететін шығындар өте көп болғандықтан, бүгінгі таңда сапалы программалық қамсыздандыруды уақытында және  бюджет рамкасында құру өте қажет болып табылады. Кәсіпорынның  программалық қамсыздандыру метадологиясын  тиімді құру үшін барлық дамыған елдердің программистері жұмыс атқаруда.