Алфавит, идентификаторлар,қызметтік сөздер


Алфавит.  Си тілінің  алфавитіне  келесілер кіреді:

  • Латын алфавитінің жазулық және жолдық әріптері  (A,B,...,Z, a, b,..., z)
  •  Сандар: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
  •  Арнайы белгілер: " , { } | [ ] () + -• /  % \ ;'.:?<=>_!&* # ~ ^
  • Лексемдерді бір бірінен бөлуге арналған бейнеленетін символдар (мысалы, пробел, табуляция, жаңа жолға көшу).

Комментарилерде, жолдарда және символдық тұрақтыларда басқадай литерлер де қолданылады (мыслы, орыс әріптері).

Комментарий сол жағынан /* белгісімен , оң жағынан  */ белгісімен шектелген  ,  белгілердің (символдардың)  кезектілігі ретінде құрылады. Мысалы:

/* Бұл  комментарий */

Си стандартты тілінде коментрийді бірінің үстіне  бірін жазуға тиым салады, яғни мынадай жазу

/* мәтін -1 /* мәтін-2 */ мәтін-3 */

" мәтін-3"  коментарийге есептелмейді.

Си тілінде лексемнің алты класы бар: еркін таңдалынатын және қолданылатын идентификаторлар, қызметтік (кілттік) сөздер, тұрақтылар,жолдар (жолдық тұрақтылар), операциялар (операция белгілері), бөлгіштер (пунктуация белгілері).

      Идентификатор. Әріптердің кезектілігі, сандар және сызық символдары  "_", әріптен немесе сызу символынан, Си тілінің идентификаторы.Жазулық және жолдық әріптер арасында айырмашылық бар. Идентификаторлардың ұзындығы әр түрлі, бірақ, компилятор  идентификатордың басынан бастап, 31-го символдан артық оқымайды. Кейбір компиляторларда бұл шектеулер одан да қатаң, кез келген идентификатордың тек  бастапқы    8 символы ғана оқылады. Бұндай жағдайда  NUMBER_OF_ROOM және NUMBER_OF_TEST идентификаторлары  программада айырылмайтындай болады.

        Қызметтік (кілттік) сөздер. Программист таңдай алатын ерікті сөздерге жатпайтын, тілде тіркелген идентификаторларттік  қызметтік сөздер деп аталады. Қызметтік сөздер берілгендердің типін, жады кластарын, типтің  квалификаторын, модификаторды, псевдоайнымалыларды және операторларды анықтайды.