Айнымалылар, тұрақтылар


Программа берілгендерді өңдеуге арналған. Берілгендер айнымалылар және тұрақтылар болып екіге бөлінеді.

  • Тұрақтылар – программаны өңдеу процесінде өзінің мәнін өзгертпейтін берілгендер.
  • Айнымалылар – программаны өңдеу процесінде өзінің мәнін өзгертетін берілгендер.

Тұрақтылар

Бүтін тұрақтылар. Тілдің синтаксисі бүтін константаларды анықтады: ондық, он алтылық және сегіздік.

1.      Бүтін ондық нөлден басталмайтын ондық сандардың кезектілігі ретінде жазылады: 44, 684, 0, 1024

2.      Нөлден басталатын және  7 ден үлкен емес ,ондық сандардан тұрмайтын сандардың кезектілігі сегіздік тұрақты ретінде қабылданады: 016 – 14 ондық бүтін санының сегіздік санау  жүйесіндегі мәні.

3.      Алдында немесе 0Х символдары жазылған он алтылық сандардың кезектілігі (0, 1,..., 9 ,А, В, С, D, Е, F),  он алтылық тұрақты деп есептеледі:

·         0х16 – 22 ондық бүтін санының  он алтылық санау  жүйесіндегі мәні;

·         0XFF – 255 ондық бүтін санының  он алтылық санау  жүйесіндегі мәні.

Нақты тұрақтылар. Нақты (бүтін емес) сандарды жариялау үшін, ЭЕМнің жадысында жылжымал нүкте түрінде көрсетілетін тұрақтылар қолданылады. Әр бір нақты тұрақты келесі бөліктерден тұрады:

  •  Бүтін бөлігі (ондық бүтін тұрақты);
  •  Ондық нұкте;
  •   Бөлшек бөлігі (ондық бүтін тұрақты);
  •  "е" немесе "Е" көрсеткіш белгісі;

·         Ондық дәреже көрсеткіші ( таңбасы бар болуы мүмкін ондық бүтін тұрақты).

Жылжымалы  нүктелі тұрқтыны жазу кезінде бүтін немесе бөлшек бөлігі түсуі мүмкін(бірақ, бір уақытта емес); ондық нүкте немесе дәреже көсеткішімен  экспонента символы(бірақ, бір уақытта емес); Жылжымалы нүктемен тұрақтының мысалы: 44., 3.14159, 44е0, 3.14159E1, 0.0

Символдық тұрақтылар. Ішкі жеке кодтары бар  жекеленген белгілерді бейелеу үшін символдық тұрақтылар қолданылады.  Әр символдық тұрақты– бұл символмен бейнеленген және опострофпен шектелген лексема. Мысалы: 'А', 'а', 'В', '8', '0', '+', ';' және т.б.

Жолдық тұрақтылар. Жолдар формальді түрде Си тілнің тұрақтылары болып табылмайды (стандарттқа сай), тек оның лексемаларының жекеленген типтері.Олар үшін әдебиеттерде тағы бір "жолдық  литералдар" атауы қолданылады. Жолдық тұрақтылар екі тырнақшаға алынған (апострофқа емес)символдардың кезектілігі ретінде анықталады: "Жолдың үлгісі "

Жол символдарының ішінде эскейп-кезектілік болады, яғни ,  бейнеленбейтін символдарына және олардың ішкі кодтарымен берліленген символдарына сәйкес белгілердің сәйкестігі . Бұндай жағдайда да, жекеленген симводық тұрақтыларды жариялағандағы сияқты, оладың бейнеленуі кері қисық сызықтан басталады:  '\': "\n Мәтін \n дисплейдің 3-ші жолында \n орналасады "

ЭЕМ –нің  жадысында жолдық тұрақтыларды жариялау келесі ережелерге сүйенеді. Барлық жолдық символдар қатар орналасады және  әр символ (сонымен қатар эскейп-кезектілікпен жарияланған)  1 байт  орын алады.  Жолдық тұрақтыны жазудың соңына компилятор  '\0' символын орналастырады.

Сөйтіп, жолдың мәнін жариялау үшін  ЭЕМ – нің жадысында бөлінген байттар саны 1-ге тең және бұл жол тұрақтысын жазудағы  симводардан көп.

 Айнымалылар

Си тілінің негізгі ұғымының  бірі жадының аталған аумағы обьектісі. Обьектінің дербес жағдайы  - айнымалы. Айнымалының ерекшелігі оның әртүрлі мән атымен байланыс мүмкіндігі. Айнымалының мәнін оған сәйкес жады аумағында берген кезде осы  мәннің коды орналастырылады .  Айнымалының мәніне рұқсат алу оның атын қамтамассыз ету, ал оның жады аумағына  рұқсат алу оның адресі бойынша ғана мүмкін. Айнымалы ұғымын "атауы-  мәні" түрінде интерпретациялауға болады.