Turbo С 2.0 программалау жүйесінің құрамы


Қазіргі заманғы операциялық жүйелерде программалау жүйесінің құрамына интегралданған орта кіреді.Ондай орта программа өңдеуге қажетті барлық құралдардан тұрады .Ортадан шықпай осы орта құрылған программалау тіліндегі программаны құруға, редактрлеуге, компиляциялауға,орындауға, жөндеуге болады. Turbo С 2.0 программалау жүйесінде компоненттер әдетте келесі каталогтарда орналасқан:

  • LIBСи тілінің обьекті модульдерінің стандартты библеотекаларынан , математикалық функциялардың обьекті модульдерінің  библеотекаларынан, графика функцияларынан және т.б тұрады;
  • INCLUDEСи программалау жүйесінің тақырыптық файлы;
  • EXAMPLESSOURCE  каталогының ішінен функцияның негізгі мәтінінен, (SOURCE ішкі каталогы), негізінде математикалық және тестілеуге арналған программалардан (TEST ішкі каталогы) тұрады;
  • НЕГІЗГІ КАТАЛОГ (Turbo С программалау жүйесі орнатылған ) – келесі программалар мен файлдардан тұрады:
  • ТС.ЕХЕ ~ интегралданған ортаның орындалатын программасы;
  • ТСС.ЕХЕ – командалық жол жұмысы үшін Lattice С Compiler компиляторы;
  •   СРР.ЕХЕ – Си тілінің препроцессоры;
  •  THELP.COM - Turbo С 2.0  және Си интегралданған жүйесінің  резидентті анықтамасы.Анықтама фондық режимде жұмыс істеу үшін thelp.com командасымен іске қосылады , яғни, дисплейде жіберілгеннен кейін ешқандай ақпарат шықпайды. Анықтамамен жұмысқа көшу сандық пернетақтадан 5 санын басқаннан кейін орындалады және ол жеке терезеде  жүреді. Анықтамадан шығу <Esc> батырмасын басқаннан кейін орындалады.
  • Turbo С 2.0 интеграцияланған ортасына өту tc.exe (немесе  tc) командасы арқылы болады.