Берілгендерге қолданылатын операциялар


1.Берілгендерге қолданылатын операциялар

"Берілгендерге қолданылатын операциялар" сөйлемі обьектінің және операциялар амалдарын қолдануының бар екенін білдіреді. Бір обьектімен жүргізілетін операция унарлы деп, ал екі обьектімен жұмыс бинарлы деп аталады.

Негізгі унарлы операциялар

-

унарлы минус,  арифметикалық операнда белгісін өзгертеді

+

унарлы плюс, симметрия үшін унарлы минуспен енгізілген

!

ЕМЕСоперанданың мәнін  логиклық жоққа шығару

++

Бірге үлкейту (инкремент немесе автоүлкейту); екі формасы бар:

префиксті операция – операнданың мәнін қолданғанға дейін 1 ге ұлғайту.

постфиксті операция - операнданың мәнін қолданғаннан  кейін 1 ге ұлғайту.

Операцияның операндасы ретінде тұрақты мен өрнек болмауы керек

--

Бірге кеміту (декремент немесе автокеміту) – унарлы операция, операндасы ретінде тұрақты мен өрнек болмауы керек:

префиксті операция – операнданың мәнін қолданғанға дейін 1 ге ұлғайту.

постфиксті операция - операнданың мәнін қолданғаннан  кейін 1 ге ұлғайту.

Негізгі бинарлы операциялар

+

Бинарлы плюс – операндаларды қосу.

-

Бинарлы минус -  операндаларды азайту.

*

Операндаларды көбейту.

/

Операндларды бөлу.

%

Бүтінсанды операндаларды бөлуден қалған қалдық (модулі бойынша бөлу).

Қатыс операцияларыалыстырулар)

Кіші

үлкен

<=

Кіші немесе тең

>=

Үлкен немесе тең

= =

Тең

!=

Тең емес

Операциялар операндалары арифметикалық типті немесе нұсқаушы болуы керек. Нәтиже бүтін санды: 0 (жалған) немесе 1 (ақиқат).

Меншіктеу операциялары

=

Жай меншіктеу: өрнек мәнін меншіктеу оң жақтағы операндаға сол жақтағы операнданы меншітеу.Мысал: Р= 10 3-2*х;

*=

Көбейтуден кейінгі меншіктеу сол жақтағы операнданы оң жақтағы операндаға көбейткен  мәнді сол жақтағы операндаға   меншіктеу. Р *= 2 эквивалентті Р = Р * 2;

/=

Бөлуден кейінгі меншіктеу: сол жақтағы операнданы оң жақтағы операндаға бөлген мәнді сол жақтағы операндаға   меншіктеу. Р /= 2.2 - d эквивалентті P=P/(2.2-d);

%=

Модуль бойынша бөлуді меншіктеу: сол жақтағы операнданы оң жақтағы операндаға бүтін санды бөлген кездегі қалдық мәнді сол жақтағы операндаға   меншіктеу. N %= 3 эквивалентті N = N % 3;

+=

Қосудан кейінгі меншіктеу: сол жақтағы операнданы оң жақтағы операндаға қосқан  мәнді сол жақтағы операндаға   А += В эквивалентті А = А +В;

-=

Азайтудан кейінгі меншіктеу: сол жақтағы операндадан оң жақтағы операнданы азайтқан мәнді сол жақтағы операндаға   меншіктеу. Х -= 4.3 - Z эквивалентті Х = Х - (4.3 - Z);

Барлық құрама операциялар үшін меншіктеу формасы Е1 ор= Е2 эквивалентті Е1 = El op (E2), мұндағы ор – операцияның белгіленуі.