Типтерді келтіру


Екі бүтін операндалардың бөлінуінен нәтиже бүтін болады. Мысалы, 5/2 өрнегінің мәні 2.5 емес 2 болады.Нақты нәтиже алу үшін бүтін емес нақты операндалардың бөлінуін орындау керек. Мысалы 5.0/2,0 жазу арқылы , 2.5 мәнін аламыз.

Егер операндалар атсыз тұрақтылар болса, онда бүтін тұрақтыларды нақтыға ауыстыру қиын емес.Ондай жағдайда, операнда аталған тұрақты, айнымалы  немесе тырнақшадағы өрнек  болса, сол есепті шешу үшін типті келтіру(түрлендіру)  операциясын қолдану керек . Осындай келтірулер орындалтын ережелерді қарастырайық.

Типтерді түрлендіру ережелері. Өрнектерді есептеу кезінде кейбір  операциялар операндалар сәйкес типте брлуын  талап етеді, ал егер  типке қойылатын талаптар орындлмаған болса, қажетті түрлендірулерді мәжбүрлі түрде жүргізуді шақырады.Инициализацияланатын өрнек типі анықталған обьект типіне келтірілген жағдайда да осындай ситуация пайда болады. Оң жақ бөліктегі өрнектің мәнін меншіктегенде әрқашан сол жақтағы айнымалының типіне келтіріледі, бұл типтердің сәйкестігіне аса мән берілмейді.

Негізгі типтер үшін Си тілінің түрлендіру ережесі  тілдің стандартымен анықталған . Бұл стандартты түрлендірулер  "төменгі" типті "жоғарғыға" айландырудан тұрады.