Берілгендерді шығару функциялары


Си тілінің ішкі берілгендермен алмасудң барлық мүмкіндіктері енгізу- шығару библеотекалық функцияларының көмегімен орындалады.Компилятордың стандартты библеотекасынан енгізу- шығару құралдарын сипаттауды программаға  қосу үшін  #include <stdio.h>. директивасын қолданамыз. 

Берілгендерді шығаруОП дан өңдеуден өткізгеннен кейін ақпаратты ішкі тасымалдаушыға(монитор экранына, принтерге және т.б ) жіберу. Берілгендерді шығарудың негізгі функцияларына:  printf(), puts(), putchar() жатады.

Формтталған шығару функциясы. ЭЕМ – нан шығару үшін printf() функциясы жиі қолданылады.  Ол  берілгендерді ішкі кодтан символдық түрге келтіреді және алынған символар суретін дисплейдің экранына шығарады. Сонымен қатар берілгендерді түрлендіру мүмкіндігі бар, яғни олардың экран  дисплейінде жариялануына әсер ету. printf() шақыру операторы функциясын келесі түрде келтіруге болады:

printf(форматты_жол,аргументтре тізімі);

Форматты_жол екілік тырнақшалармен шектелген және өздік мәтінндерден , басқарушы символдардан берілгендерді түрлендіруші спецификациялардан тұрады.

            Аргументтер тізімі (алдыңғы үтірмен ) жоқ болуы мүмкін.

         Өзіндік мәтін (түрлендіру спецификациясы емес және басқарушы символдар да емес) өзгертусіз экранға шығарылады. Басқарушы символдар(жолдарды ауыстыру, табуляция және т.б) шығарылатын символдрдың  дисплей экранда орналасуына әсер етеді.  

         Берілгендерді түрлендіру спецификациясы және берілгендерді түрлендіру printf()  функциясының аргументтерінің мәнінің ішкі формасын жариялауды басқаруға арналған. Түрлендіру спецификациясы элементтері арасындағы  негізі екі символ - '% символы және   спецификатор болып табылады.

Негізгі спецификаторлар :

  • d – бүтін ондық сандар үшін (типі int)
  • u – таңбасыз бүтін ондық сандар үшін (типі unsigned)
  • f –фиксирленген нүкте формасындағы нақты сандар үшін (типі float және double)
  • е – жылжымалы нүкте формасындағы нақты сандар үшін ( мантиссамен және ретпен) – double және float типтері үшін
  • c символдар үшін
  • s – для строки

printf()функциясының аргументтерінің тізіміне мәндері программадан енгізілетін обьекттер жатады. Бұл өрнек және дербес жағдайлар – айнымалылар және тұрақтылар.Аргументтер саны мен олардың типі форматты жолда түрлендіруінің кезектілігі сәйкес келуі керек. Түрлендіру спецификациясында сандық мәнді шығару үшін "өріс ұзындығы" және "нақтылығы"  маңызды.

Өріс ұзындығы – шығатын мәнді жариялауды анықтау үшін , бүтін оң сан (экран  позициясындағых).

Нақтылық- нақты сан (фиксирленген нүкте) немесе  оның мантиссасын (жылжымалы нүкте  формасын қолданудағы) ішкі жариялаудың бөлшек бөлімін анықтайтын  бүтін оң сан.Кейбір кодтар монитор экранында графикалық түрде жарияланбайды, мысалы, курсордың жаңа жлға көшуі,курордың жолдың басына көшуі және т.б. Сәйкес символдық тұрақтыларды программада бейнелеу үшін бірнеше символдан тұратын комбинация қолданылады. Осындай әр комбинация'\' символынан басталады. Осындай символдар жиыны кезекті басқару деп аталады. Төменде олардың тізімі келтірілген:

  • '\n' – жолдарды көшіру;
  • '\t' - горизонтальді табуляция;
  • '\r' – курсорды жолдың басына қайтару;
  • '\\' –кері қисық сызық \;
  • '\'' - апостроф (бір  тырнақша);
  • '\"' - тырнақша ( екі тырнақша);
  • '\0'- нөлдік символ;
  • '\а' – қоңырау -сигнал;
  • '\b'- бір позицияға кері қайту  (бір символға);
  • '\f' – бетті аудару (прогон);
  • '\v' – вертикальді табуляция;
  • '\?' – сұрақ белгісі.

Аталған тұрақтылар екі немесе одан да көп литерлермен бейнеленеді,  бірақ олар жекеленген екілік коды бар.

puts() функциясы экранға символдар жолын шығару үшін және автоматты түрде жаңа жолға көшу үшін қолданылады.

putchar() функциясы  экранға бірлік имвол шығарады.выводит единичный символ на экран.