if…else…шартты өту операторы


Шартты өту операторы екі түрде қолданылады:

1. Қысқаша түрі:

 

 

if (өрнек) оператор1;

Бұл түрде оператор жұмысы келесідей: егер өрнек ақиқат болса (яғни нөлдік емес мән болса), онда оператор1 орындалады, әйтпесе (яғни, логикалық өрнек жалған болса) – программадағы шартты өту  операторынан кейінгі оператор орындалады.  

өрнек ретінде қолданылуы мүмкін:

1.      Арифметикалық өрнек.

2.      Логикалық өрнек.

2. Толық түрі:

if (өрнек) оператор1;

else оператор2;

Толық түрде оператор жұмысы келесідей: егер өрнек ақиқат, онда оператор1 орындалады,әйтпесе (яғни, логикалық өрнек жалған болғанда) –оператор2 орындалады..

 

Оператор1, оператор2жай немесе құрама оператор.

Шартты өту операторы салынған болуы мүмкін.

Құрама оператор

Құрама оператор{ } фигуралық жақшамен шектелген ерікті операторлардың санынан тұратын топ.

3. switch операторы

switch операторы көптеген нұсқалар жиынынан таңдауды ұйымдастыруға арналған.Оператордың форматы келесідей:

switch (өрнек)

{

case  тұрақты _1: операторлар_1]

case  тұрақты_2: операторлар_2]

default: операторлар;

}

Дөңгелек жақшасының ішіндегі switch кілттік сөзінен кейінгі өрнек , Си тілінде рұқсат етілген мәні бүтін болатын кез келген өрнек бола алады. Бүтін типке келтіруге болатынын ескерейік, бірақ,шектеулер туралы да білу керек.

Бұл өрнектің мәні  бірнеше нұсқалардың біреуін таңдау үшін кілттік болып табылады. switch операторының денесі тұрақтыдан кейінгі case кілттік сөзімен таңбаланған бірнеше оператордан тұрады. case кілттік сөзімен таңбаланған оператордан басқа default кілттік сөзімен таңбаланған бір фрагмент болуы мүмкін.

Операторлар тізімі бос болуы мүмкін немесе бір немесе бірнеше оператордан тұруы  мүмкін. Сонымен қатар, switch операторында операторлар кезектілігін фигуралық жақшаға алу міндетті емес.

switch операторының орындалу сызбасы келесідей:

         1.         Өрнек жақша ішінде орындалады;

         2.         Есептелген мәндер case кілттік сөзінен кейінгі тұрақтылармен салыстырылады;

         3.         Егер тұрақтылардың біреуі өрнекпен сәйкес келсе, онда басқару case кілттік сөзімен таңбаланған операторға беріледі ;

         4.         Егер тұрақтылардың біреуі де өрнекпен сәйкес келмесе, онда басқару default кілттік сөзімен таңбаланған операторға беріледі, ал ол жоқ болған жағдайда басқару   switch операторынан кейінгіге беріледі.

switch операторын қолданудың қызықры ерекшеліктерін атап өтейік: default сөзімен конструкция switch операторының денесінде ең соңғы болмауы мүмкін. switch операторының денесіндегі case және default кілттік сөздері switch  операторының денесі орындалғанда бастапқы нүкте анықталатын бастапқы  бақылау кезінде ғана маңызды . Егер қандай да бір оператор switch  операторы денесінен басқаруды жібермесе, бастапқы оператор мен дене соңы арасындағы барлық операторлар кілттік сөздерге тәуелсіз орындалады.Сөйтіп, егер қажет болған жағдайда, case операторынан шығуды программист өзі ұйымдастыру керек. Көп жағдайда ол үшін break операторы қолданылады.

Өрнектің әр түрлі мәніне бір әрекетті қолдану үшін, бірнеше  case  кілттік сөзімен  бір операторды бірнеше рет қолдануға болады.

Break операторы

break операторы оны  біріктіретін switch, do, for, while ең ішкі операторлардың орындалуын тоқтатуға арналған. Break  операторы орындалғаннан кейін  басқару тоқтатылған оператордан кейінгі операторға беріледі.