Шарты соңынан берілген циклдік операторлар


Жазылу форматы:

do

цикл_денесі

while(өрнек_шарты);

Өрнек_шарты while цикліндегі сияқты логикалық немесе арифметикалық болып табылады.

Бұл оператор келесідей жұмыс істейді:

Ең бірінші цикл денесі орындалады, содан соң өрнек_шартының мәні есептеледі. Өрнек_шартының мәні ақиқат болғанша(яғни, 0-ге тең болмаса), процесс тексеріледі. Бұл мән жалған болысымен (яғни, 0-ге тең болса) циклдің орындалуы тоқтатылады. Егер өрнек_шартының мәні әрқашан ақиқат болса, онда цикл шексіз орындалады .

Ескерту: while операторында өрнек_шартының мәнін тексеру циклдің басында орындалатына мән беріңіздер, ал  repeat операторында өрнек_шартының мәнін тексеру циклдің соңында  орындалады және  цикл денесі кез келген жағдайда бір рет болсын орындалады.