Функциялар


Си тіліндегі әр программа–  бұл функциялардың жиыны. main атты функция негізгі функция  болып табылады. Бұл функциясыз программа орындалмайды. Бұл негізгі программаның аты барлық программалар үшін бірдей және өз еркімен таңдалына алмайды. main()  функциясы орындалуға ОЖ –нің командасымен жіберіледі. main()  функциясы қайтаратын мән ОЖ-ге  беріледі.

Си тіліндегі функция ұғымы екі сипатта болады. Бір жағынан, функция – бұл еркін типтердің бірі. Екінші жағынан,  функция – Си тіліндегі прграмманың минимальді орындалатын модулі . Бұл екінші ұғымның синонимі басқа тілдерде ішкі программа деп аталады.

Функцияны  ішкі  программа  ретінде қарастырайық .

Ішкі  программақосымша алгоритмді жүзеге асыратын программа. Көбінесе программаларда бірдей есептеулерді орындайтын бір типті, бірақ,  әр түрлі берілгендермен   аумақтар кездесіп жатады. Программаның бұндай бөліктерін ішкі программалар ретінде рәсімдейді.