Символдық берілгендермен жұмыс


Символдық тұрақтыбұл апострофқа алынған бір символ.

Мүмкін мәндер ASCII символдар кодының кеңейтілген теріліміне жатады. ASCII – бұл American Standard Code for Information Interchange-тің (ақпаратты алмастыруға арналған американдық код)   аббревиатурасы. ASCII  стандартына сәйкес әр символға және кейбір басқарушы инструкциялардың  0 ден 127- ге дейінгі мәндерді қабылдайтын  өз сандық коды бар. ASCII кеіейтілген кестесі екі бөлімнен тұрады. Біріншісіне, 0-127 кодымен символдар кіреді, ол универсалды болып табылады, ал екіншісі, (128-255) кодтары,  арнайы символдар мен халықтардың әріптеріне (соның ішінде орыс әріптеріне) арналған. Сөйтіп, пернетақтаның әр перненің ішкі коды бар, ол код  перненің пренетақтада орналасуы мен пернедегі символдың бейнесіне байланысты.

Мысалдар:

ASCII-ге сәйкес :

  •  'F' символының коды 70
  •  'f' символының коды 102
  •  2 символының коды 50
  •  ESC пернесінің коды 27
  • ENTERпернесінің коды13
  • ПРОБЕЛпернесінің коды32

және т.б.

Си тілінде символды берілгендерді сипаттау үшін анайы берілгендер типі жоқ,  символды берілгендерді сипаттау үшін CHAR типі қолданылады.

Символды мәндерді  printf() және  scanf()  форматты жолдарында шығарып енгізу үшін %c спецификациясы қолданылады.

Латын алфабитінің әріптерінің ішкі кодтары реттелген, сондықтан  оларды цикл операторында қолдануға болады.

Мысал:

'a' дан 'n ' –ға дейінгі латын алфавитінің символдарын экранға баған ретінде шығару.

#include <stdio.h>

main()

{

char x;

for (x='a';x<='n';x++)

printf("\n%c",x);

}

Назар аударыңыз!

Егер символды айнымалыны шығару кезінде %d спецификациясын қолданса, онда символдың өзі емес оның коды шығады.

scanf() және printf()функцияларынан басқа символдарды енгізу және шығару үшін библеотекада арнайы функциялар қарастырылған:

getchar() – функциясы пернетақтадан енген  символдарды бір бірден оқиды. Енгізілген смволдарды оқу Enter пернесін басқаннан кейін орындалады.  getchar() функциясының параметрлері жоқ.  

putchar(x) – x -тің символдық мәнінін экранға шығарады.

getch() – пернетақтадан енген символды экранда бейнелемей енгізуге арналған. getch()функциясының параметрлері жоқ.  

Ескерту: putchar() функциясында форматты жолды көрсетуге болмайды.