Құрылымды инициализациялау және меншіктеу


Құрылымды инициализациялау массивтерді инициялазациялауға ұқсас. Нақты құрылымды сипаттауда оның атынан және '=' белгісінен кейін фигуралы жақшаның ішінде бастапқы  элементтердің тізімі жазылады. Мысалы:

struct goods  coat={"қара пиджак ", 400000, 7.5, 220, "12.01.97"};

Си тілінің стандарты құрылымды меншіктеуге рұқсат береді. struct goods (tea, coat) құрылымдық типтегі жоғарыда көрсетілген  құрылымға келесі меншіктеуге рұқсат етілген:

tea=coat;

Құрылымдар үшін теңсіздік операциялары, тіпті, теңдік те қолданылмайды. Егер құрылымды салыстыру керек болса, тек қана  элементтері арқылы ғана.