Газдың парциалды қысымы


Газдар қоспасының жалпы қысымының сол газға келетін үлесін парциалды қысым деп атайды. Газдар қоспасының жалпы қысымы жеке газдардың парциалды қысымдарының қосындысына тең: ржалпы = р1+ р2 + р3 +... Газдың парциалды қысымы оның қоспадағы көлемдік не мольдік үлесіне тура пропорционал. Егер газ су үстінде жиналатын болса, ол су буымен қанығады, онда жалпы қысым сол газдың парциал қысымы мен су буы қысымы қосындысына тең болады: ржалпы = р(г) + р(Н2О), одан р(г) = ржалпы − рН2О.

1-мысал. Егер бөлме температурасында және 1×105Па қысымда ауа құрамында 14,5-26,8% аммиактың көлемдік үлесі болса, онда мұндай қоспа жарылғыш болады. Осы қоспада аммиактың парциалды қысымы қай шекте (аралықта) өзгереді?

Шешуі: Қоспадағы газдардың парциалды қысымы олардың көлемдік үлесіне тура пропорционал болғандықтан, төменгі қысым

р(NH3) =1×105×0,145 = 14500Па = 14,5кПа, жоғарғы қысым

р(NH3) = 1×105 ×0.268 = 26800Па = 26,8кПа болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Заттың эквиваленті, эквивалент массасы деген не?

2. Күрделі заттардың (қышқылдардың, негіздердің, тұздардың) эквиваленті, эквивалент массасы қалай анықталады?

3. Тотықтырғыштардың, тотықсыздандырғыштардың эквиваленті, эквивалент массасы қалай анықталады?

4. Газдардың негізгі заңдарының анықтамасы

5. Парциалды қысым деген не?

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

1. 00С температурада және 101,3кПа қысымда газ көлемі 250мл болса, сол газ 230 С температурада және 96кПа қысымда қандай көлем алады?

Жауабы: 286мл.

2. 170С температурада және 104кПа қысымда газ көлемі 480л болса, газ көлемін қалыпты жағдайға келтіру керек. Жауабы: 463,7л.

3. 00С температурада газ көлемі 1м3 . Егер қысым өзгермесе, қай температурада газ көлемі екі еселенеді? Жауабы: 2730С.

4. 70С температурада және 96кПа қысымда газ көлемі 40мл, егер температураны 17°С-қа дейін көтерсе, қай қысымда газ көлемі 60мл болады? Жауабы: 61,1кПа.

5. 64г метанның 1100С температурада және 0,96×105Па қысымда алатын көлемі. Жауабы: 132,6л.

6. Массасы 1,105г газ 270С температурада және 1,013×105Па қысымда алатын көлемі 0,8л болса, оның салыстырмалы молекулалық массасы қанша болады? Жауабы: 34,0.

7. Массасы 0,1437 г зат 25° С температурада және 992Па қысымда 22,9мл көлем алатын буға айналса, осы заттың молярлық массасын анықтау керек. Жауабы: 156,6г/моль.

8. Массасы 28,4г хлор 20°С температурада 2л көлем алуы үшін кандай қысым қажет. Жауабы: 0,487МПа.

9. Мөлшері 3,0 моль сүт қышқылы СН3СНОНСООН натрий карбонатының артық мөлшерімен әрекеттескенде бөлінген СО2 газы 25°С температурада 20,4л көлем алса, оның қысымы қанша болады? Жауабы: 1,82×105Па.

10. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17 болса, оның молекулалық массасы қанша болады? Жауабы: 33,9г/моль.

11. Этиленнің оттегі бойынша тығыздығы 0,875, сонда оның молярлық массасы қанша болады? Жауабы: 28г/моль.

12. Сынап буының ауа бойынша тығыздығы 6,92 болса, сонда оның молекуласы неше атомнан тұрады? Жауабы: бір атомнан.

13. Егер күкірт буының азот бойынша тығыздығы 9,14 болса, оның молекуласы неше атомнан тұрады? Жауабы: 8 атомнан.

14. Массасы 1,56 г газ 17°С температурада, 1,04×105 кПа қысымда 624мл көлем алса, молекулалық массасы қанша болады? Жауабы: 58,0г/моль.

15. Көлемі 5,0л қ.ж. газдың массасы 9,80г. Газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы: Мr = 44.

16. Егер азот, сутегі, аммиактан тұратын газдар қоспасының көлемдік үлесі сәйкесінше 30, 10, 60% болса, сутегі және ауа бойынша тығыздықтары қанша? Жауабы: 9,4; 0,65.

17. Органикалық заттың азот бойынша тығыздығы 1,65 болса, заттың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы: Мr = 46,2.

18. Массасы 1,3 г органикалық газ заты 87°С температурада, 0,83×105кПа қысымда 600мл көлем алса, молекулалық массасы қанша болады?

Жауабы: 78,2г/моль.

19. 1,2×1024 молекулалар СО және СО2 газдарының қандай массаларында болады? Жауабы: 56г және 88г.

20. 20°С температурада, 1,0×105кПа қысымда 1м3 көлем ауаның салыстырмалы молекулалық массасы 29 болса, оның массасы қанша?

Жауабы: 1,19кг.

21. 20°С температурада, 100,258 кПа қысымда газ көлемі 142мл болса, 0°С температурада, 100,325кПа қысымда газ көлемі қанша болады?

Жауабы: 130,92мл.

22. 150мл бензол буының 87°С температурада, 8,32×104Па қысымда массасы 0,3255г болса, оның молекулалық массасы қанша болады?

Жауабы: 78,0г/моль.

23. 0,78г газ 27°С температурада және 0,324МПа қысымда 0,2л көлем алады, осы газдың молярлық массасы нешеге тең болады?

Жауабы: 30г/моль.

24. Қ.ж. йод, этил спирті, төртхлорлы көміртектің тығыздықтары (ρ) нешеге тең болады? Жауабы:11,34; 2,05; 6,87г/л.

25. 0°С температурада 5л метан, 10л сутегі, 25л оттегі араластырылған. Газ қоспасындағы әр газдың концентрациясын әр түрлі бірлікте көрсету керек. Газдар қоспасының жалпы қысымы 101,3кПа болса, әр газдың парциалды қысымы қанша болады? Жауабы: көлем бойынша, %: 12,5СН4, 25Н2, 62,5О2; г/л: 0,0895СН4, 0,0225Н2, 0,893О2; моль/л: 0,00558СН4, 0,01116Н2, 0,0279О2 .

26. Егер ауада 21% оттегі және 78% азот көлем бойынша болса, ауа қысымы 101,3кПа болса, әр газдың парциалды қысымы қанша болады? Жауабы: 21,2кПа оттегі, 78,8кПа азот.

27. Газдар қоспасының көлемдік үлесі а) метан 30% және сутегі 70%;

б) метан 80% және көміртегі(ІІ) оксиді 20% болса және 1-қоспа 1,07×105Па, 2-қоспа 0,50МПа қысым астында болса, газдардың парциалды қысымдарын анықтау керек. Жауабы: а) 0,32×105Па; 0,749×105Па. б) 4,0×105; 1,0×105Па.