Инициализация және графикалық режимнен шығу


Мүмкін графикалық режимдердің біреуін орнататын  функция.

initgraph(&d,&m,p);

мұндағы d –драйверді береді, m –режимді береді, p – драйвер файлына жолды береді, яғни BGI кеңейтіліміндегі сәйкес файлға (Ескерту: Егер драйвер файлы ағымдағы каталогта болса, онда жол ретінде келесіні береді "").

Мысал:

initgraph(9,VGALo,"c:\");

Бұл функция 16 әр түрлі түстерді көрсету мүмкіндігімен 640х200 пикселді рұқсатымен режимді орнатады.

Ескерту: Сонымен қатар, Detect стандартты  константасы бар. Оны драйвер түрінде көрсеткенде  автоматты түрде қажетті драйверді және мониторға сәйкес келетін режимді орнатады.

Мысал:

Графикалық режимді инициализациялау

int d,m;

d=DETECT;

initgraph(&d,&m,"");

Графикалық режимнен шығу үшін closegraph функциясы қолданылады;