Координат жүйесі


Бейнені экранда бейнелеу үшін координат жүйесі қолданылады.

Графикалық режимде көрініп тұратын курсор жоқ, бірақ көрінбейтін ағымдағы нұсқағыш бар. Ағымдағы нұсқағыштың орынын ауыстыру үшін келесі функцияларды қолдануға болады:

moveto(x,y); - ағымдағы нұсқағышты (x,y)координатындағы нүктеге әкеледі

 moverel(x,y); - ағымдағы нұсқағышты горизонтал бойынша х нүктеге, вертикал бойынша  у нүктеге әкеледі.

Орнатылған режимге рұқсаты бар вертикал және горизонтал бойынша нүктелердің максималды санын анықтау үшін келесі функцияларды қолдануға болады:

getmaxx() – Орнатылған режим үшін х-тің  максималды мүмкін мәнін анықтайды.

getmaxy() - Орнатылған режим үшін у-тің  максималды мүмкін мәнін анықтайды.