ТИІНДЕР ТҰҚЫМДАСЫ


Жүйелеуінде 48 туыстары 2 тұқымдас астына: тиіндер мен ұшарларға біріктірілген. Тиіндер түрлері саны бойынша (280) тек тышқан тәрізділер тұқымдасынан ғана кем түседі. Тиіндер тұқымдасы: нағыз тиіндер (Scwrinae), суырлар (Marmotinae), борша тышқандар, саршұнақтар, ұшарлар тұқымдасы астынан тұрады. Қазақстанда тұқымдас асты өкілдерінің барлық түрлері таралған. Бұл тұқымдасқа кіретін өкілдерінің көлемі орташа, ірі, дене ұзындығы 70 см, оның салмағы 9 кг болады.

Түрлері

Атауы

Тиіндер тұқымдасы (Sciuridae)

Аса ірі тиін түрі (Ratufa)

Үлкен құйрықты тиін

Ratufa macroura

Үнді алып тиін

Ratufa indica

Екі түсті тиін

Ratufa bicolor

Ақ сары түс тиін

Ratufa affinis

Ергежейлі тиін түрі (Microsciurus)

Орталық Америка ергежейлі тиін

Microsciurus alfari

Амазон тиіні

Microsciurus flaviventer

Батыс ережелі тиін

Microsciurus mimulus

Сантадер тиіні

Icrosciurus santanderensis

Тиін түрі (Sciurus)

Парсы тиін

Sciurus anomalus

Аризон сүр тиін

Sciurus arizonensis

Кәдімгі тиін

Sciurus vulgaris

Ергежейлі тиін

Sciurus microsciurus

Қызыл тиін

Sciurus tamiasciurus

Лағыл тиін

Sciurus rubrisciurus

Пальмалы тиін

Sciurus funambulus

Бұталы тиін

Sciurus рaraxerus

Жалынды тиін

Sciurus flammifer

Сүр- сары тиін

Sciurus griseoflavus

Боливия тиіні

Sciurus ignitus

Жапон тиіні

Sciurus lis

Шұбар тиін

Sciurus variegatoides

Ұшар түрі

Солтүстік Азия ұшар

Pteromys

Қара ұшар

Aeromys

Қытай ұшар

Aeretes

Жүнаяқты ұшар

Belomys

Тасты ұшар

Eupetaurus

Солтүстік Америка ұшар

Glaucomys

Индонезиялық ұшар

Lomys

Аса ірі ұшар

Petaurista

Ергежейлі ұшар

Petinomys

Сұрғылтау ұшар

Pteromyscus

Борша тышқан

Eutamias sibiricus

Ұзынқұйрықты саршұнақ

Citellus undulates

Реликті саршұнақ

Citellus relictus

Кіші саршұнақ

Citellus pygmaeus

Құмдық саршұнақ

Citellus fulvus

Үлкен саршұнақ

Citellus major

Қызылмұрт саршұнақ

Citellus erythrogenus

Тараққұйрық

Spermophilopsis Leptodactylus

Дала суыры

Marmota bobac

Көк суыры

Marmota menzbieri

Тиіндерге сыртқы түрі мен тіршілік етуіне орай әртүрлі жануарлар жатады. Дене мөлшері ұсақ және орташа. Денесінің ұзындығы 6 см-ден (тышқан тәрізді тиін) 60 см-ге дейін (суырлар) жетеді. Сыртқы түріне қарап тиіндерді бұтада мекендейтін, жер үсті деп ажыратады. Жер үсті тиіндерінің дене бітімі тығыз, әрі қысқа, мықты алдыңғы аяқтарымен ерекшеленеді. Барлық тиіндердің артқы аяқтары алдыңғысынан ұзынырақ, бірақ 2 еседен аспайды. Артқы аяқтары 5 алдыңғы аяқтары 4 немесе 5 саусақты болады. Алдыңғы және артқы аяқтарындағы IV саусақ ең ұзыны болып келеді. Түк жамылғысы қалың және жұмсақ. Түсі біркелкі немесе жолақты, дақты болып, қара және ақтан жирен немесе қою сары түстер байқалады. Буаздық мерзімі 22-45 күн. Аналықтары 1-ден 15-ке дейінгі аралықта жалаңаш және соқыр ұрпақ әкеледі. Барлық жер шарында, тек Австралия облысы, Мадагаскар, Оңтүстік Американың оңтүстік бөлімі мен полюстік облыстардан басқа таралған. Ресей фаунасында тиіндер тұқымдасының 15 түрі: нағыз тиін, кәдімгі тиін, азиялық боршатышқан, саршұнақтың 9 түрі және суырдың 4 түрі кездеседі. Бұта, жартылай бұтаны мекендейтін кемірушілердің дене бітімдері сымбатты, мойыны айқын көрінеді, құйрығы ұзын, ол қаңқасына тең келеді, қалың мамықтанған, аяқтары, әсіресе артқылары ұзын, саусақтары жіңішке ұзын, тырнақтары күрт иілген өткір. Інде мекендейтін аңдардың тұлғасы мығым, мойыны айқын көрінеді, құйрығы қысқа (әдетте денесінің ұзындығының жартысындай). Аяқтары қысқа, саусақтарының әлсіз иілген тырнақтары болады. Алдыңғы аяғының ішкі саусағы дамымаған, ал екіншісі кейде мүлдем болмайды. Түк жамылғысы ауыспалы, бұталарда мекендейтін түрлерінде інде мекендейтіндермен салыстырғанда түк жамылғысы әдетте қалың, жұмсақ және үлпілдек. Түк жамылғысының түсі құба сарғыш, сұр, кейде қара және жирен реңді болып келеді. Көбеюі және өсуі: буаздық мерзімі 22-45 күн. Аналықтары 1-ден 15-ке дейінгі аралықта жалаңаш және соқыр ұрпақ әкеледі. Таралуы: Австралиядан, Мадагаскардан, Оңтүстік Американың оңтүстік бөлігінен басқа барлық аумақта кездеседі. Тиіндер алуан түрлі ландшафтарда мекендейді: ормандар, ашық жазықтар, шөлде, тундрада, тауда, тропиктен Арктикаға дейін. Тиіндердің көпшілік түрлерінің шаруашылық маңызы зор. Мысалы, кәдімгі тиіннің өңделмеген терісі біздің өңірде кәсіптік есептеліп, фаунада бірінші орын алады. Сапа жағынан екінші кезекте тиіннің басқа түрлерінің терілері тұр. Суырлар мен саршұнақтардың майы техникалық мақсатта қолданылады, әрі олардың көптеген түрлерінің еттері жеуге жарамды. Саршұнақтар егін шаруашылығына келтіретін зияны, әрі көптеген тұқымдастарының өкілі аурулар таратуда маңызды рөл атқаратыны аян.

Кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) көлемі кішкентай денесі созылыңқы және үлпілдек құйрықты кеміргіш. Дене тұрқы 19,5-28 см, құйрығы 13-19, салмағы 250-340 г. Басы домалақ, көздері қара түсті үлкен болып келеді. Құлақтары, әсіресе қыс кезеңінде жақсы байқалатын шашағы бар ұзын. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзындау болады. Саусақтарындағы тырнақтары тұтқыр, әрі өткір. Түр асты, тіпті бір популяциядағы тиін түсі маусым сайын өзгеріп отырады. Жазда жирен, қоңыр немесе қара қоңыр түс басым болса, қыста сұр және қара, кейде қоңыр түстер басым болады. Құрсағы ашық немесе ақ түсті. Тиіндердің меланды тіпті қара терісі және альбинос, терісі ақ теңбілмен жабылған ала түрлері де кездеседі. Қысқы боялымы тиін құйрығының түсіне орай, «қызыл құйрықты», «қоңыр құйрықты» және «қара құйрықты» болып бөлінеді. Кәдімгі тиіндер Камчаткада, Сахалинде, Жапонияда таралған. Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда жерсіндірілген. Қазақстанда олардың үш түрі кездеседі: тиін-телеутка (S.v.exalbidus), калбиндік тиін (S.v. calbinensis), алтайлық тиін (S.v.altaica). Олар жылына екі рет 3-5 ұрпақтан әкеледі. Кәдімгі тиіннің бір-бірінен түсімен ерекшеленетін шамамен 40 түршесі сипатталып жазылған. Тиін – ормандарды мекендейтін жануарлар. Олардың негізгі қорегіне ағаштардың тұқымдары, оның ішінде қалқан – жалпақ жапырақтары жатады да, ең жақсы азық болып есептеледі. Буаздық мерзімі 35- 38 күнге созылады, ұяласында 3-10 ұрпағы болады.

Ұшар (Pteromyinae). Олардың алдыңғы, артқы аяқтарының арасында жұқа тері жарғағы болады, осының әсерінен олар ауада қозғалып, қалықтап ұша алады. Сондықтан олар кейде бірталай қашықтықты жеңіп шығады. Ұшар құйрығы ағашқа «қонғанда» тежеуіш қызметін атқарады. Тиіндерге қарағанда ұшарлар ұясы түнде белсенді болады.

Кәдімгі ұшар (Pteromys volans Linnaeus) Қазақстанда олардың екі түрі кезедеседі: семейлік (Р.v.betulinus) және орташа сібірлік (P.v.turovi). Жылына екі рет көбейеді, бір ұяда 3-5 ұрпақтан болады.

Солтүстік Америкалық ұшар (Glaucomys), Оңтүстік Канада мен АҚШ-тың батысында мекендейді, жыртқыштардан ағаштар арасында ерекше қалықтап ұшу шеберлігі арқасында қорғанады. Жарғағын аса үлкен етіп ашу үшін төрт аяғында жаяды, ол ағаштан ағашқа ұшуына жеткізеді. Ұшарлар тұқымдасының ең ірі түрі - Тагуан, ұзындығы 1,2 м (құйрығымен бірге) жетеді және 60 метрге дейін ұша алады. Ұшарлардың құйрықтары ұзын және үлпілдек келеді. Олардың көмегімен олар ұшу бағытын бағыттайды. Одан басқа, олар теңгергіш қызметін орындайды. Бұлар құйрықтарын жаңбырдан және күннен қорғану үшін, немесе суық жерде ұйықтағанда жастық ретінде қолданады. Ұшарлардың табандарында ұзын тырнақтары болады. Бұл ұшарларға ағаштың қабығынан ұстануға қажет.

Тиін- ұшардың (Pteromys volans) дене ұзындығы 12-22,8 см, құйрығы 11-13 см, салмағы 170 г. Басы домалақтау, танауы доғал, түнде белсенді өмір сүруге байланысты көздері үлкен қара болып келеді. Құлақтары жұмырланған, шашақсыз. Аяқтары өте қысқа, артқы аяқтары алдыңғыларынан ұзынырақ. Тырнақтары қысқа, қатты иілген, өткір. Ұлпаны (мех) қалың, жұмсақ, жібек тәрізді, тиінге қарағанда ол қалың, әрі нәзік. Денесінінің үстіңгі жағы күміс - сұрғыш түсті, жиірек сары я қызыл қошқыл түсті немесе қоңырлан реңді, төменгі жағы қуқыл-сарғылт ақ түсті. Көзі қара жиекпен қоршалған. Тиін-ұшар ескі жапырақты, аралас орманды мекендейді. Ұрғашысы жылына бір рет 2-4 ұрпақтан әкеледі. Буаздық мерзімі 4-5 апта.

Шұбар саршұнақ (spermopnllussuslicus) кішкентай жануарлардың бірі, дене ұзындығы 26 см, құйрығы қысқа (денесінің төрттен бір бөлігі), ойнақы мойындағы көркем басы едеуір ірі, көзі өте үлкен. Оған қарама-қарсы құлақ қалқаны кең есту қуысы айналасындағы кішкене тері білігіне дейін жойылған. Табандары қысқа, әсіресе алдыңғысы, ұзын қозғалмалы саусақтарымен. Бүкіл дене түктері қысқа, әсіресе басында олар едәуір сирек және жабысып тұрады. Барлық саршұнақтардың, оның ішіндегі шұбардың ерекшеліктері сол, олардың ұрт аржағында қаптар болады. Денесінің түсі ашық және шұбар. Арқасында негізгі қоңырлау түстің үстіне жиі едәуір ірі нақты ақ дақтар бытырап шашылған, бұл шұбарлық бейне түрге тән атауға ие болған. Шұбар саршұнақтар өте жиі астықты далаларда, жайылымдарда мекендейді. Бұл саршұнақтар топтасып өмір сүреді де, әрбір ересек жануар өзінің жеке ініне ие болады. Шұбар саршұнақ, өз тұқымдастарындай қыста ұйқыға кетеді. Олар ұйқы кезінде ерекше кейіпте болады, артқы аяғына отырып (басқа аңдардай жатпай), басын құрсағына иіп, оны сыртынан құйрығымен жауып ұйықтайды. Көбею кезеңі қысқы ұйқыдан кейін бір жарым аптадан кейін басталады. Буаздық мерзімі айдан аз болады, ұясында 6-8 ұрпағы болады. Шұбар саршұнақ ауыл шаруашылығы дақылдарының жауы, қауіпті туляремия аурын тасымалдауға қатысады.

Дауыр саршұнағы (Spermophilus dauuricus) шұбар саршұнақтан кішілеу, ақшыл дақтарсыз және түрлі түсті емес, оған қарама-қарсы оның құмды-сұр түсті арқасы түктерінің ұштары қоңырланған. Құйрығының жиегі қара - ақ болып, сигнал қызметін атқарады. Бұл саршұнақ Забайкалиенің құрғақ жоталы далаларын, Монғолия, Қытаймен шектесетін аумақты мекендейді. Жылдың 4 айына жуық кезде белсенді, тамызда ұйқыға жатып, сәуірде оянады. Дауыр саршұнағының саны көп емес. Дегенменде Забайкальеде оба ошағын қолдауда маңызды рөл атқарады. Айтарлықтай зиянды егістікке тигізеді, тұрғын үйлерге жақын мекендейді.

Жас саршұнақ (Spermopnilus pygmaeus) саршұнақтардың ішінде ең кішісі, дене ұзындығы 23 см аспайды, арқасы мен бүйір түсі қоңыр - сұр, нашар байқалатын сары шұбар болып келеді. Басында қоңыр-жирен «қалпағы» болады. Ол Приднепровья, Предкавказья, төменгі Поволжья жазықтық даласы мен шөлейтін, Приаральяның шығысына, Қазақстан Бетпақ даласына дейін жетіп, мекендейді. Олар кішігірім аумақта үнемі мекендеп өмір сүреді. Бұл саршұнақтардың ұйқыға кетуі өте ұзақ, бірақ таралу аймағының әр бөлігінде және аңдардың әр жасында өз мерзімі болады. Солтүстікте барлық кеміргіштер қысқы індерінде тамыз-қыркүйек айларында жасырынып, тек қар ерісімен сәуір айында оянады. Кейбір жануарлардың белсенді тіршілік ету кезеңі жылдың 3 айына жуық қана байқалады. Оянғаннан бірнеше күннен соң ұйығу басталады, буаздық мерзімі 25-26 күнге созылып, ұясындағы ұрпағы 5-тен 8-ге дейін саналады.

Қызыл жақты саршұнақ (Spermophilus erythrogenys) Шығыс Қазақстанның, Батыс Сібірдің оңтүстігі, Қытайдың қиыр солтүстік-батыс қуаң даласы мен шөлейтін мекендейді. Өзінің атауын жағындағы жирен түсті дақтарына байланысты иеленген, басқа белгілері бойынша жас және жирен саршұнақтың аралығы орнында. Далалы аудандарда қызыл жақты саршұнақ ұйқыға тек қыста жатады, оңтүстікте жазда ұйықтауы мүмкін, жылдың құрғақ мезгілдерінде саршұнақтар күз мезгілінде де індерінен шықпауы мүмкін. Сондықтан белсенді тіршілік ету уақыты көктемнің 3 айы мен жаз басына келеді. Бұл мезгіл саршұнақтардың көбеюі мен ұйқы кезіне қажет май жинауына ғана жетеді. Әрі, жас саршұнақтардай жайылымдықтар мен дәнді дақылдардың зиянкесіне жатады.

Сары немесе кұмды саршұнақ (Spermophilus fulvus) саршұнақтар ішіндегі ең ірі түрі, дене ұзындығы 39 см жетеді. Денесі бір түсті құмды- сары, дақсыз және теңбілсіз, басында да дақтар болмайды. Таралу аймағы Қазақстанның, Орталық Азияның, солтүстік Иранның таулы өлкесін және Ресейдің шөлді және шөлейтті жерін қамтиды. Қазақстанда үш түр мекендейді: Аралдық (S.f.fulvus), Еділдік (S.f.orlovi) және Түркістандық (S.f.oxianus). Олар жылына бір рет көбейіп, бірден 9-ға дейін ұрпақ әкеледі.

Ұзын құйрықты саршұнақ (Spermophilus undulatus) бұның негізгі ерекшелігі сол, денесінің жартысына тең құйрығы ұзын, тыныш өмір сүруде құйрығы арқасына қарай қайырылып тұрады. Сонымен қатар бұл саршұнақтың артқы аяқтары бірталай ұзын, құлақтары да басқа түрлерге қарағанда үлкен. Ол Сібірдің оңтүстігінде Алтайдан Приамурья және Моңғолия мен Қытай жағында жатқан аумақта таралған. Ұйқысы қыркүйек айында басталып, мамыр айында аяқталады. Буаздық мерзімі шамамен бір ай, жазда ұясында 5-6 ұрпағы болады. Қазір азиялық ұзын құйрықты саршұнақтардың мына түршелері белгілі: 1)забайкальялық, 2) нерчиндік, 3) куттық, 4) амурлық, 5) алтайлық, 6) моңголдық. Бұлардың соңғы екеуі Қазақстанда да кездеседі.

Жирендеу немесе күреңдеу саршұнақ (Spermophilus major) Волганың арғы бетіндегі далаға тән. Дене ұзындығы 34 см құрады. Қысқы ұйқысының ұзақтығы 8 айға жуық. Қазіргі кезде ол көптеген таралу аймағы бөліктерінде жойылған.

Күз суыры немесе байбақ (Marmota bobac Mulle) Қазақстандағы туыс 4 саршұнақтар түрінің бірі. Бұл ірі кеміргіш (салмағы 8 кг дейін, дене ұзындығы 60 см дейін) бозды, өте сирек Қазақстан даласының солтүстік жартысындағы аралас шөпті мекендейді, қалған үш түрі таулы жерде болады. Байбақ ірі аң, тұлғасы тығыз, шомбал, ал аяқтары айтарлықтай қысқа, жуан, әрі мықты. Құлақтары кішкентай, мойыны қысқа. Түк жамылғысы өте төмен. Қылшықты түктері түбіттен сәл ғана жоғары орналасады. Қазақстан байбағының жетілген дарағының арқа және екі жақ бүйірінің түсі ақшыл реңді қуқыл-сарғылт болады. Басының жоғарғы жағы жирен түсті. Ұрттары (бет бөлігі) қоңыр түсті. Құрсағы қоңыр сары түсті. Кейбір дарақтары өте ақшыл реңді болады. Жас күшіктерінің толыспаған үлбірі (мех) ересектеріне қарағанда сарғыштау болып келеді. Олар бір інде ұясымен, жұптарымен бірге 2-3-тен 7-10 дараққа дейін мекендейді. Орталық Қазақстанда байбақтар іннен шыққанға дейін немесе одан шығысымен сәуір айы басында күшіктейді. Қазақстан байбақтарының жыныстық жетілуі ТМД-ның Европалықпен салыстырғанда кешірек басталады, мүмкін ол жетіліп қалған суырлардың жұптау мезгілінен кейін таралуынан да болар. Қазақстан ауданындағы байбақтардың бір ұясындағы дарақтардың орташа саны құбылмалы - 5,3-тен 5,7 аралығында болады.

Суырлар (Marmota) жалпы кеміргіштер арасында, өз туыстарының ішіндегі ең ірі көкімділер. Олардың қыста ұйқыға кететіні кеңінен аян. Қалтылдақ денесі болады, аяқтары қысқа, артқы аяқтары алдыңғысынан бірталай ұзын болады. Тиіндермен туыстығы, олардың сапалы үлбірінен байқалады, ол қалың, ұзын, сирек орналасқан қылшықты түктері бар, әрі жұмсақ және жылы болады. Дегенмен де, олардың өздеріне тән ерекше құрылым белгілері болады. Суырлардың бассүйектері біраз жалпақтау, көздері қылилау болып келеді. Танауының ұшы үлкендеу, құлақтары қысқа, домалақтау, жүнінен сәл ғана көрініп тұрады. Тиіндерге қарағанда құйрығы қысқа, жайпақ емес, қайта көлденеңкесіндіде дөңгелек және ұзын түктермен жабылмаған. Бұл белгілер олардың барлығы жер үстінде мекен ететінін дәлелдейді. Бірақ, суырларды басқа кеміргіштерден, тіпті алыстан қарағанда да, ерекшелейтін басты белгісі, оның көлемі болып табылады. Тіпті ең кішкентай түрлерінің өзі (Мензбира суыры, орман суыры) 2-3 кг тартады және дене ұзындығы 35-40 см, ал ірілері (далалық, гималайлық суырлар) 8-10 кг болады және дене ұзындығы 65-70 см. Әр түрлерінде түктерінің түсі сарғыш - сұр, күміс - сұр, қоңыр - қызыл жирен, ал денесінің кейбір бөліктері қара болуы мүмкін.

Моңғол суыры немесе тарбаған (Marmota sibirica) әдетте ол тегістелген көлбеу беткейлер, шатқалдар мен жыраларда мекендейді. Тарбағандар қыста ұйықтау үшін бір інге бірнеше ұя 16-20-ға дейін топтасады. Бір түйіншеде үймелеп жатудың өзі, әрі ұя төсенішінің қалың қабатымен толған күй қыстау микроклиматына қолайлы жағдай тудырады. Тарбағандардың саны соңғы он жылда күрт қысқарды, ол кәсіптікті реттемеуден, тың жерлерді жыртқандықтан және обаға қарсы ошақтарды жаппай жою әсерінен болды. Қазіргі уақытта тарбаған қорғауға алынған, РФ Қызыл кітабына енгізілген.

Камчаткалық суыр (Marmota cantschatica). Дене ұзындығы 63 см. құйрығы айтарлықтай қысқа. Суыр ашық түсті ұзын, жұмсақ үлбірімен ерекшеленеді. Суырларға тән әдеттегі дене үстінің құмды сары түсі күңгірттенген, себебі қылшықты түктерінің ұшы қара құрсағы ашық-сары я қызыл қошқыл болып келеді. Олар тау шалғынында, жартастардың бөктерлерін мекендейді. Буаздық мерзімі бір айдан асады, ұяда 5-7 ұрпағы болады. Қазіргі уақытта бұл кеміргішті кәсіптік аулау тек Камчаткада рұқсат етілген. Басқа жерде ол қорғауға алынған, Қызыл кітапқа тіркелген.

Алатышқанның (Tamias, Eutamias) 25 түрі бар, оның көпшілігі Солтүстік Америкада мекендейді, тек евразияда бір түрі бар. Ол азиаттық немесе сібірлік алатышқан. Жер үсті-ағашта тіршілік етеді. Салмағы 30-120 г, құйрығымен есептегенде көлемі 5-15 см. Барлық түрлерінің ерекшелік белгісі сол, олардың арқа бойы бес қара жолағы болады, олар ақ немесе сұр жолақтармен бөлінген. Басқа алатышқандардың түсі қызыл-қоңыр немесе сұр-қоңыр болып келеді. Бұл олардың жалпы белгісі болғандықтан, кейбір түрлерін алғашқыда ажырату қиынға түседі. Қазақстанда алатышқанның бір сібірлік түрі (Eu.s.sibiricus) мекендейді. Қазан-сәуір айлары аралығында ұйқыға жатады. Жылына бір рет көбейеді, ұяда 4-6 ұрпағы болады.


ТИІНДЕР ТҰҚЫМДАСЫ (Sciuridae)

Sciurus vulgaris in snow - Helsinki, Finland.jpg

Кәдімгі тиін

(Sciurus vulgaris)

Malabar Giant Squirrel.jpg

Индияның аса ірі тиіні

(Ratufa indica)

Gilles Gonthier - Tamiasciurus hudsonicus (by) (1).jpg

Қызыл тиін

(Tamiasciurus hudsonicus)

Chipmunk India 1.jpg

Солтүстіктің пальмалық тиіні

(Callosciurinae)

Borstenhörnchen 060319 2.jpg

Топырақ тиін

(Xerus)

Гималайская полосатая белка

Гималай жолақ тиін

(Tamiops macclellandi)

SciurusIsabellaWolf.jpg

Төртжолақты тиін

(Xerinae)

Streifenhoernchen.jpg

Сібір борша тышқаны

(Tamias sibiricus)

Tamias minimus.jpg

Жас борша тышқан

(Tamias minimus)

Даурский суслик, забайкальский суслик (Citellus dauricus), картинка рисунок грызуны

Забайкал саршұнақ

(Citellus dauricus)

Spermophilus parryii.jpg

Американдық саршұнақ

(Spermophilus parryii)

Лесной сурок (лат. Marmota monax)

Орман саршұнақ

(Marmota monax)

Spermophilus variegatus Grand Canyon 3.JPG

Жартасты саршұнақ

(Spermophilus variegatus)

Байбак

Байбак

(Marmota bobak)

Ұшар тиін

(Pteromys volans)

CpXdfxlH-c0

Жопондық ұшары

(Pteromys momonga)

Внешний вид бобра

Кәдімгі құндыз

(Castor fiber)

Castor canadensis.jpg

Канадалық құндыз

(Castor canadensis)

Dryomys nitedula.jpg

Орман қарақасы

(Dryomys nitedula)

Eliomys quercinus01.jpg

Бақшаның қарақасы

(Eliomys quercinus)

Haselmaus.JPG

Жаңғақтықтың қарақасы

(Muscardinus avellanarius)

Фото

Секіргіш қосаяқ

(Allactaga sibirica)

Мохноногий тушканчик (Dipus sagitta) тушканчик мохноногий, грызуны, фото фотография

Жүнбалақ қосаяқ

(Dipus sagitta)

Myospalax psilurus.jpg

Бұраубасы

(Myospalax)

Dwarf hamster.eruanne.png

Жоңғар атжалманы

(Phodopus sungorus)

Bisamratte.jpg

Ондатр

(Ondatra zibetica)