ҚҰНДЫЗДАР ТҰҚЫМДАСЫ (Castoridae)


Табиғатта құндыздардың екі түрі кездеседі: кәдімгі (Castor fiber) және канадалық құндыз (Castor canadensis). Бірінші түрі Еуразияда, екіншісі Солтүстік Америкада өмір сүреді. Бұл аңдар тиіндермен тығыз туыстық байланыста болады. Қазіргі жүйелеу кәдімгі құндыздың сегіз түршесін ажыратады. Құндыздар жұптасып немесе жалғыз өмір сүреді. Бұлар бір некелілікті (моногамия). Ұйығу қаңтар-ақпан айларында басталады. Жұптасу мұз астындағы суда өтеді. Жылына бір рет көбейеді. Ұясында 1-6 ұрпағы, әдетте 3-5 болады. Екеуініңде сырт бейнесі бір-біріне өте ұқсас, бірақ еуразиялық құндыз ірірек болады. Оның басы үлкен және аз домаланған. Тұмсығы, айтуға әсем, қысқа. Қылшық жүн түбінде өсетін түбіті қысқа, ал құйрығы канадтыққа қарағанда жіңішке. Аяқтары қысқарақ, сондықтан еуразиялық құндыз артқы аяқтарымен жүруге бейімделген. Кәдімгі құндыздардың танау сүйектері ұзындау келеді. Танау тесіктерінің пішіндері үшбұрышты, ол канадалық құндыздарда сопақша келеді. Үлбірінің түстерімен де ерекшеленеді. Ол кәдімгі суырда қоңырдан ашық қоңырға дейін құбылса, канадалық құндызда сарғылт реңді болады. Буаздық мерзімі кәдімгі суырда 107 күн, канадалықта 128 күнге тең. Ұясында 2-6 ұрпақтан саналады.

Қазақстанда өзен құндызы (Castor fiber Linnaeus) мекендейді де, өсімдіктермен, жапырақтармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді, ұясында 1-5 ұрпақтан болады. Ол Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген.

Қазақстанда аргентина су тышқаныда (М.с.bonarеnsis) кездеседі, ол жылына екі рет 1-6 ұрпақтан әкеледі.