ЖАҢҒАҚТЫ (ҰЙҚЫШЫ) ТҰҚЫМДАСЫ (Myoxidae)


Көлемі жағынан ұсақ, ірі кеміргіштер сырттай тышқандарға (жерүсті мекендеуші) немесе тиіндерге (ағашта мекендеуші) ұқсас келеді. Дене ұзындығы 8-ден 20 см дейін. Құйрығы сәл денесінен қысқа 4-17 см. Көзі мен құлағы жақсы дамыған, соңғы дөңгелек тәрізді, ұштарында шашағы болмайды. Аяқтары бір шама қысқа. Алдыңғы аяқтарында 4, артқысында - 5 саусағы болады. Артқы аяқтың бірінші саусағының тырнағы болмайды, ал ол басқаларында жақсы дамыған: олар қысқа, бірақ өте өткір. Қалқанқұлақ (жалман) пен тышқан тәрізді ұйқышыдан (сонь) басқа барлық түрлерінде табан күсі дамыған. Дене түгі қалың, жұмсақ, бірақ жайпақ. Арқа түсі бірдей, сұрдан сары я қызыл қошқыл-сұрға дейін құбылады. Көптеген ұйқышылар Африка, Америка, Азия, Қытай, Жапонияны мекендейді. Олардың көбі – орман жануарлары, түнде өмір сүреді, жалпақ жапырақты, аралас орманды ұнатады. Орманды далада да мекендейді. Олар жаңғақ, жеміс, тұқымдармен қоректенеді, жәндіктер, жұмыртқалар, ұсақ құстар және басқа кеміргештерді де жейді. Буаздық мерзімі 21-28 күн, ұясында 2-ден 9-ға дейін ұрпағы болады.


Түрлері

Атауы

Жаңғақты (ұйқышы) тұқымдасы (Myoxidae)

Африкалық ұйқышы тұқымдастары тарауы (Graphiurinae)

Анголдық ұйқышы

Graphiurus angolensis

Жуан құйрықты

Graphiurus crassicaudatus

Қысқа құлақты

Graphiurus microtis

Саванды

Graphiurus murinus

Оңтүстік Африкалық

Graphiurus ocularis

Жартасты

Graphiurus rupicola

Жайпақ басты

Graphiurus platyops

Гвинейлік

Graphiurus surdus

Орманды ұйқышы тұқымдастары тарауы (Dryomys nitedula)

Үлпілдек ұйқышы

Dryomys laniger

Сычуандық

Chaetocauda sichuanensis

Белуджистандық

Dryomys niethammeri

Бақша ұйқышы тұқымдастары тарауы (Eliomys quercinus)

Қара құйрықты

Eliomys melanurus

Магрибтық

Eliomys munbyanu

Ресейдің фаунасында ұйқышылардың 4: полчок, орман, жаңғақтық, бақша түрлері кездеседі.

Орманды ұйқышының (Dryomys nitedula) дене ұзындығы 8-13 см, құйрығы да шамаммен осындай, салмағы 20-35 г. Басы үшкір тұмсықты, ірі қара көздері болады, құлақтары үнемі қозғалып тұрады. Саусақтары ұзын, қозғалмалы, қысқа, бірақ өте өткір тырнағы болады. Үлбір жамылғысы қалың, жұмсақ, құйрығы едеуір сәнді, екі жартыға бөліп тарағандай. Түсі сұрлы сары я қызыл қошқылдан қоңыр-сарғышқа дейін құбылады. Олар қуыстарда, құстардың ескі ұяларында, әрі өздері ұя салып ала алады. Әртүрлі қоректермен қоректенеді, оған өсімдіктер де, жануарлар азығы да жатады.

Бақша ұйқышының (Eliomys quercinus) дене ұзындығы 11-16 см, құйрығы 9-дан 14 см дейін, салмағы 60-тан 140 г дейін болады. Тұмсығы үшкір. Құлақтары едеуір үлкен. Көздері зор. Түсі біраз орманды ұйқышыны еске салады, бірақ түгі қысқа, жоғары беті сұр немесе қоңыр болып келеді. Оның құйрығы үш түсті, ал ол ормандыда бір түсті. Еуропаның жапырақты ормандары мен ескі бақтарында мекендейді. Кешкі, түнгі мезгілде белсенді, ағаштар басында, өте сирек жерде қоректенеді. Ұсақ кеміргіштер, балапандар және құс жұмыртқаларын жейді. Мамыр- қазан айларында көбейеді, буаздық мерзімі 22-28 күн, ұясында 2-7 ұрпағы болады. Қазақстанда оның екі: түркістандық (D.n.pallidus) және семиречиялық (D.n.angelus) түрлері мекендейді.

Жаңғақты ұйқышысының (Muscardinus avellanarius) дене ұзындығы 15 см, салмағы 15-25 г. Бұл ең ұсақ түр. Ол ағаш мекендеуші болғандықтан, аяқтары құрылымында байқалады, 4 саусағындағы білезік ұзындығы жағынан бірдей, табандағы бірінші саусақ басқаларынан қысқа және оларға қарама-қарсы перпендикуляр орналасқан. Бұтақтармен жүргенде білезік жан-жағына тік бұрыш құрып айналады. Денесінің жоғарғы жағы сары я қызыл қошқыл-жирен, кейде қызыл реңді болады. Олар Еуропада, Түркияда, Кавказда, Прибалтикада таралған және сәуір-мамыр айларында ұйқыдан шығады. Аналығы бір маусымда 1-2 реттен ұяластанып, әрқайсысында 2-8 ұрпақтан болады. Буаздық мерзімі 22-25 күнге созылады.